Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
«Отан болашағы білімді ұрпақ!»
  • 23.09.2016
  • 193 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19519

Жамбыл облысы
Талас ауданы
Талапты ауылы
Дания балабақшасы
Жаназарова Асел Абдиразаховна
Тәрбиеші

Тобы: «Балапан» кіші тобы
Білім беру саласы: «Қатынас»
Оқу іс-әрекеті: «Тіл дамыту»
Тақырыбы: «Отан болашағы білімді ұрпақ!»
Мақсаты: Балаларды сөйлете білу. Тақпақ, мақал-мәтелдер айтқызу. Танып білуге
деген қызығушылығын арттыру. Оқу құралдармен таныстыру. Отан
сүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Кубик,суреттер, сумка, дәптер, қарандаш т.б.
Билингвалдық компонент: дәптер-тетрадь, ермексаз-пластилин, қарандаш-ручка.
Инклюзивтік әлеумет: Балалардың сөздік қорын молайту.

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың
іс-әрекеті Ата-ананың
іс-әрекеті
Мотивация-лық қозғаушы Шаттық шеңбері
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге!

-Балалар көңіл-күйлерің қалай?
-Қазір жылдың күз мезгілі басталды, қайталайықшы?
-Күз мезгілінің бірінші айы Қыркүйек!

-Жақсы!

-Күз,күз!

(қайталайды)
Ізденіс ұйым-дастырушы Балаларға «Білім күні!» туралы түсінік беріп кету.
-Балалар сендердің әпке, ағаларың мектепке бара ма?
-Олар мектепке не апарады екен? (түсіндіру)
-Ал, балабақшада біз қандай оқу құралдарды оқу іс-әрекетінде пайдаланамыз?

-Балалар, бұл не екен?

-Біздің балалардың тақпақ, мақал-мәтелдері бар.

Мақал-мәтел
1.Оқы, оқы және оқы.
2.Оқу білім-бұлағы,
Білім өмір-шырағы.
3.Отан үшін отқа түс күймейсің.
4. Отан оттанда ыстық.

Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық,
Қолды белге қояйық.
Бір отырып,
Бір тұрып,
Орнымызды табайық.

-Иә, барады!

(Балалар керекті құрал-саймандарды көрсету арқылы атайды)

-Сәлематсыз ба!

-Жақсы!

-Кітап!

Нұркелді:
Келгенде алдыңа,
Қызыл арай гүл алып,
Жақын тартып жолыңа,
Шәкіртім деп қуанып.

Нұртілеу:
Бар асылын халықтың,
Құйған сана ойыңа.
Туған тілім өркенде,
Бола бер күшті көркем де.

Жәния:
Дайын дәптер, кітабым,
Бәрін таза тұтамын.
Мөлдір білім кәусарын,
Жалықпастан жұтамын.

Шыңғыс:
Сырлы әріптер сыр түйіп,
Сабырмен саған қарайды.
Сырларын білсең бас иіп,
Керегіңе жарайды.

Зере:
Ана тілің-арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.

(балалар қайталап айтады)

-Сау болыңыз!

(музыкамен кітап кіреді)
Кітап:
-Сәлематсыңдар ма, балалар!

Кітап:
-Бүгінгі көңіл-күйлерің қалай?

-Мен жәй кітап емеспін, ертегі кітабымын. Бүгінгі «Білім күні!» мерекесіне арналған қандай өнерлерің бар?

Кітап:
-Ой, жарайсыңдар балалар!

Кітап:
-Ал, балалар, бойымыз серігіп қалды ма? Енді мен сендерге ризашылығымды білдіріп, ертегі оқып берейін.
«Екі дос» ертегісін оқып береді.
-Сау болыңдар, балалар!
Рефлексивті
түзету «Шаршы» дидактикалық ойыны арқылы қорытындылау. Ойнайды, билингвалдық сыңарын айтады, қайталайды, сұраққа жауап береді.

Күтілетін нәтижелер:
Не білді? Оқу құралдарымен таныстыру.
Не игерді? Жаңа сөздерді игерді.
Не істеді? Ойын арқылы сұрақтарға жауап берді. Тәрбие.орг сайтынан «Отан болашағы білімді ұрпақ!» Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жаназарова Асел Абдиразаховна

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар | Логин: Публикатор
Көрсетілім: 193 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar