Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Отан туралы М.Мақатаев 2-сынып сабақ жоспары
  • 17.02.2016
  • 999 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 16341

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (17.9Kb)

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №168 орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі: Курпебаева Жайдаркүл
Пәннің аты: Әдебиеттік оқу Уақыты:16.ХІ Кабинет: Мұғалім:Курпебаева Ж
Сабақтың тақырыбы М.Мақатаев. Отан туралы

Мақсаты Қазақтың біртуар ақыны М. Мақатаевтың «Отан туралы» өлеңін түсініп оқып, оның негізгі идеясын білуі
өз беттерінше берілген тапсырмаларды орындай білуге машықтанады
автор жайлы түсінік алады;
Отан туралы түсінігі артады;
тіл байлығы артады;
өзін - өзі реттейді.
Күтілетін нәтиже
Қолданылған модулдер Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану. Оқытуды басқару және көшбасшылық
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. Талантты және дарынды балаларды оқыту
Оқыту тәсілі СТО Блум таксономиясы. «Жүреміз, ойланамыз», «Мені танып ал», салыстыру, «Миға шабуыл», «Болжау» Жеке, жұптық, топтық
Ресурстар мультимедиа, интерактивті тақта, кесте - сызбалар, плакат, стикер
Сабақ барысы Мұғалімнің әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Психологиялық ахуал Сыныпта ынтымақтастық атмоферасын қалыптастыру.
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай таза көңілмен
Бүгінгі сабағымызды бастаймыз. Оқушылар өлең жолдарын бірге айтады. Бір-біріне сәттілік тілейді.
Үй тапсырмасын сұрау «Отан» Ж. Смақов жатқа айту
«Менің – Отаным Қазақстан»- шығарма жазып келу. Берілетін ұпайды алдарындағы бағалау парақшаларына жазады.
Қызығушылықты ояту «Менің елім-Қазақстан» бейнеролик көрсету Бейнероликті тамашалайды.
Білу

Түсіну

Қолдану «Мені танып ал» М.Мақатаев жайлы
Автор туралы түсінік беру.
(1931 - 1976)
Шынайы поэзия өкілі, ғажайып ақындардың бірі Мұқағали Мақатаев қазіргі Алматы облысы, Райымбек ауданындағы Қарасаз аулында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келді. Балалық шағы соғыспен тұспа - тұс келген Мұқағали өлеңді он - он бір жасынан жаза бастайды. Алғашқы өлеңдері аудандық газетте жарық көрген Мұқағали шығармалары 1960 - 1970 жылдары үздіксіз басылады, бұл жылдарды ақынның қазақ поэзиясының биік шыңына көтерілген уақыты деп санауға болады.
М. Мақатаев қаламынан "Қарлығашым, келдің бе?", "Дариға жүрек", "Аққулар ұйықтағанда", "Шуағым менің", "Өмір - дастан" т. б. жыр жинақтары туған. Қырық бес жасында қайтыс болған соң, Мұқағалидың екінші өмірі - өлмес ғұмыры басталды. Ақынның артында қалған мол мұрасы: "Соғады жүрек", "Шолпан", "Жырлайды жүрек", "Өмір - өзен" т. б. жыр кітаптары, "Қош, махаббат!" атты прозалық кітабы оқырманның қолдан - қолға түспей, іздеп жүріп оқитын шығармаларына айналды. Бүгін біз осы өлеңдердің ұйқасын тауып, қисынын келтіріп Отан туралы жазған ақын Мұқағали Мақатаевтың“Отан туралы”
өлеңімен танысамыз.
Оқулықпен жұмыс
• Өлеңді мәнерлеп оқып беру.
Енді өлеңдегі негізгі ойды анықтайық
- Ол үшін мәтінді «Болжау» тәсілімен оқып үйренеміз.
- Өлеңді бірнеше бөлікке мұқият түсініп оқуға тырысыңыздар. Сұрақтарға жауап бересіздер.
- Әр топ өлеңді оқиды (Өлеңді оқып біткеннен кейін, сұрақ қояды).
- Осы өлеңнен не түсіндік?
- Қандай ой келеді; Негізгі ой не?
Негізгі идея: туған Отанды, оның сұлу табиғатын жырлау
Дәптермен жұмыс.Ақын қолданған өзенге, тауға, тілге, үнге қатысты көркем сөздерді тауып дәптеріне жазып алу. Бір оқушы автордың аты жазылған стикерді маңдайына жапсырып, өзі жайлы сұрақтар қояды.
Қалған балалар оның кім екенін анықтау қажет.

Автор жайлы мәлімет алады.

Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқиды

Дәптерге өлеңге сүйене отырып, көркем сөздерді тауып жазады.
Сергіту сәті «Ақ білек» сергіту сәті
Талдау
Жинақтау

Бағалау Кесте сызбамен жұмыс
Өткен сабақта оқылған мәтін мен осы өлеңді салыстыр:
Ақындар: Отанды неге теңейді . Екі өлеңдегі ұқсастықтар Екі өлеңдегі ерекшеліктер
«Жүреміз, ойланамыз»
Отан туралы мақал-мәтел жаз.
Отаныңды көркейтуге қандай үлес қосасың?
Біздің туған жеріміз Жаңақорған ауданы Республикамызға несімен таныс? Кестені топтаса отырып, толтырады.

Берілген тапсырмаға жауап дайындайды.
Үйге тапсырма «Отан» тақырыбына альбом жасақтап келу. Өлеңді жаттау. Күнделіктеріне жазып алады
ОүБ және ОБ «Бағдаршам», «Екі жұлдыз, бір ұсыныс», топ басшысының бағалауы Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Оқушылар Отанға деген тілектерін жапырақтарға жазып, мәуе ағашына жапсырады. Жапырақ пішінді стикерге жазып, мәуе ағашына жапсырады. Тәрбие.орг сайтынан Отан туралы М.Мақатаев 2-сынып сабақ жоспары Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Курпебаева Жайдаркуль

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы №168 орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар | Логин: jaidar_1973
Көрсетілім: 999 | Жүктеулер: 3
Барлық пікірлер: 0
avatar