Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Отбасым - бақыт мекенім
  • 29.10.2016
  • 307 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19822

Шығыс Қазақстан облысы
Семей қаласы Мұқыр ауылы
Түрксіб жалпы орта білім беретін мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Қасымова Нагима Ыбыжановна

Тақырыбы: Отбасым - бақыт мекенім.
Мақсаты:оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу.
Әдісі:әңгімелеу, сұрақ-жауап .
Көрнекі құралдар: отбасы туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер.
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу назарын аудару. Психологиялық ахуал туғызу(психолог)
Қане, қане, тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық.
Тұрсақ үлкен шеңберге, Алақанға ұрайық.
-Армысыздар құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар. Әкең-қазақ, шешең-қазақ, қарағым, Сен де ұлысың мынау дархан даланың Әр халықта ұлттық намыс деген бар,
Оны биік қасиет деп санағын, дей отырып бүгінгі біздің «Отбасы-бақыт мекені » салтанатты жиынға қош келіпсіздер.
Салтанатты жиынды ашып беру үшін сөз кезегін мектеп директоры............беріледі.
Тарқалмасын қызықтың шағы қызған
Жана берсін бақ артып бағыңыздан
Құрметпен ұсындық сізге сөзді
Ақтарылып көріңіз ағыңыздан дей келе
Отбасы-мемлекеттің негізгі буыны.
Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген
сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалымен қалыптасады.
«Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен,
тәрбие бесігі отбасынан бастау алады.
Отбасының тірегі әлпештеген әке мен аялаған ана.
Ата - анаға, үлкенге қызмет етіп, әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу – біздің борышымыз. Ата - ана - отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.
Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы
шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық-суығына
бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді.

Ана есіміне қатыссыз дүниеде қаситетті ештеңе жоқ.Сондықтан ананы ардақтаимайтын халық та жоқ.Халықтың халықтығының басты нышаны-туған елінің тілін үйретіп, сазына қандыратын да ана.Өмір есігін жаңа ашқан нәрестенің бойына туған елінің рухын сіңіретін, балбыратып уататын тұңғыш тәтті сазы, жылауын қойғызатын ән өлеңі де сол ана бесікке сүйеніп отырып емірене айтатын бесік жыры дей келе ортаға отбасыларды шақырамыз.
Мерейлі отбасы ........Ахмадиевтер . (қошемет).Енді назарымызды Гүлназ Жолдыбаевна дайындаған бейнебаянға аударамыз......
«Басқаның жұмағының қайда екенің білмеймін, өз жұмағым үйімде.» деген отбасы
1.Отбасыңызда бала тәрбиесімен кім айналысады?
2. Баланың теледидар мен қарым-қатынасы қалай?
3. Бала тәрбиесі жөніндегі көтерілген мәселені кім шешеді?
Берекелі отбасы ....... Дәулетхановтар. «Үйге балаларым келсе, барлық дүнием түгел» Садиканованың видеобаяны.
Сұрақтар:
1.Тәрбие ісінде отбасының рөлі қандай деп ойлайсыз?
2. Сіз мерекелерде балаңыздың дайын сыйлық бергенін қалайсыз ба? Әлде өз қолымен жасаған бір затын сыйлағанды жөн көресіз бе? Неліктен?
3. Балаңыздың қандай да бір жат қылықтарын көрсеңіз, қалай тәрбиелер едіңіз?
Жас отбасы ......Шынболат. Жұмабаева монтажы.«Келешек көзі – балада» деп өсіріп келеміз.
Ең алдымен қандай тәрбиеге ерекше көңіл бөлер едіңіз?
Баланы сенің қолыңнан келмейді, кедергі жасама, теледидар көр, демал деп шеттететін ата- аналарға не айтар едіңіз?
Отбасында баланың бос уақыты қалай өтеді?
Ата –аналар және балаларымен ойын ұйымдастыру
Мақал – мәтелді жалғастыр.
1.Әдепті бала ата – анасын мақтатар,… ( әдепсіз бала ата –анасын қақсатар).
2.Ана сүтін ақтамағанды ,… ( ешкім мақтамайды)
3.Әке тұрып ұл сөйлегеннен без,… (шеше тұрып қыз сөйлегеннен без)
4.Қарағайға қарап тал өсер,… (қатарына қарап бала өсер)
5.Үйінде ұл – қыз бардың,… (көгінде сөнбес жұлдыз бар)
6.Атаңа не қылсаң ,… (алдыңа сол келер)
7.Ұяда не көрсең ,… (ұшқанда соны іленсің)
8.Әдепті бала — арлы бала,… (әдепсіз бала – сорлы бала)
«Тығырықтан шығу» тақырыбында жағдаяттық сұрақтар.
1. Саған мұғалімің сеніп, жауапкершілігіңді бағалап ертеңге жұмыс тапсырды. Бір себептермен сен ол жұмысты орындап бола алмадың. Не істейсің?
2. Сыныпта тәртібі нашар, сабақ үлгерімі төмен оқушы бар. Ол оқушыға көз қарасың қандай. Сыныптас досың ретінде не айтар едің?
3. Сенің адал досың бар. Оның көңіл-күйі болмай бір жағдаятқа өте алаңдауда. Сенің досыңа көмектесіп көңілін көтергің келеді. Сенің әрекетің, не істейсің?
Тәрбие — отбасынан басталады, сондықтан болашақ ел ертеңі жас ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен жанұяда, ата-ананың ықпалымен қалыптасады. Отбасындағы әрбір адамның туыстық қатынасқа байланысты міндеттері, парыздары бар. Отбасының, жанұяның екі тірегі- әлпештеген әке мен аялаған ана.
Қорытындылай келгенде, отбасының қоғам мен мемлекет тіпті күллі адамзат алдындағы атқаратын қажеті сан қырлы. «Отан отбасынан басталады» десек, адам тәрбиесі – Отанды сүю, өмірге құштарлық, сұлулықты тану бала кезден жанұяда басталатыны баршаға аян.«Дәстүрге арқа сүйемегеннің көсегесі көгермейді» деген атамыз. Жанұя- адам баласының өсіп өнер, қаз тұрар, қанат жаяр алтын бесігі. Өз жанұяларыңды құрметтеп, сыйлаңдар.


\ Тәрбие.орг сайтынан Отбасым - бақыт мекенім Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Қасымова Нагима Ыбыжановна

Семей қаласы Мұқыр ауылы Түрксіб жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: Отбасым, мекенім, бақыт, Бастауыш сыныпқа арналған ашық саба
Көрсетілім: 307 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar