Пысықтау( 10 көлеміндегі сандарды пысықтау )

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 764
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 05/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18443


«Т. Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
1 «А» сыныбы
Күні: 08. 12. 2015ж.
Пәні: математика
Мұғалім: Тулепбергенова А.А.
Сабақтың тақырыбы: Пысықтау( 10 көлеміндегі сандарды пысықтау )
Сабақтың мақсаты: 10-ға дейінгі сандардың құрамы мен қатары туралы білімдерін бекітеді, білім, білік дағдыларының деңгейін анықтайды .
Сабақтың міндеттері: 1. 10 көлеміндегі сандардың құрамын қайталайды.
2. Логикалық ойлау қабілеттерін дамытады.
3.Ұйымшылдыққа тәрбиеленеді.
Сабақтың түрі: ойын сабақ
Сабақтың типі: бекіту
Сабақтың көрнекілігі: Шалқан ертегісінің кейіпкерлері, сандар қатары, суреттер.
Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық .
Амансың ба, алтын күн.
Амансың ба, көк аспан
Амансың ба, достарым
Амансың ба,ұстазым
Балалар,баяғы өткен заманда ата мен апа болыпты.Олар көкөніс егумен күндерін көріпті. Енді осы атаға шалқан егуге көмектесейік.Ол үшін кітабымыздағы 1-ші тапсырманы ауызша орындайық. Қандай сандар жазылмаған? Соны табайық.
1 )
0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
10 9 8 7 6 5 4 3 2 1 0

Енді тура,кері санату.
Енді, шалқанымыз үлкен болып өсті. Ата ары тартып, бері тартып жұла алмай жатыр, барлығымыз жұлуға көмектесейік. Ол үшін дәптерімізді ашып, сандардың жазылу үлгісіне қарап
2) 9, 10 цифрларын әдемі етіп жазайық.
10 саны екі таңбалы сан, екі тор көзге жазылады.
Сендер көмектессеңдер де жұла алмадық.Енді көмекке ата апаны шақырды .
3) Ол үшін апаның тапсырмасын орындау керек.
Апа сурет бойынша теңдік құрастырындар дейді.
- Сол жақта неше үлкен қонжық? 3 3+4=7
- Оң жақта неше кіші қонжық? 4 4+3=7
Барлығы неше қонжық?


(Әлі де шалқанды жұла алмадық)
Сергіту сәті .
Бір, екі, үш
Бойға жинап күш
Қолға калам аламыз
Әдемі етіп жазамыз

4) Енді көмекке қызын шақырады. Ол үшін 3-ші тапсырманы дәптерге орындайық.


10-2=8 2+0=2
5-3=2 6-6=0
7-5=2 3+7=10
8-2=6 4+4=8
Балалар, әлі де жұла алмадық.
5) Енді көмекке итті шақырайық. Иттің тапсырмасы қосуға 2 теңдік,азайтуға 2 теңдік құрастыру.


6 4 10 8 1 9 10 7 3 10 2 8
6+4=10 8+1=9 7+3=10 10-2=8
4+6=10 1+8=9 3+7=10 10-8=2
10-6=4 9-1=8 10-3=7 2+8=10
10-4=6 9-8=1 10-7=3 8+2=10
Әлі жұла алмай жатырмыз.
Көмекке мысықты шақырайық. Ол үшін мына суреттен бұрыш,төртбұрыш,үшбұрыш,кесінді, сәулені тауып көрсетуіміз керек.
Жұлып алуға аз-ақ қалды.
6) Енді көмекке тышқанды шақырайық. Кел, ойнайық "Мен қай қоршауды жасырдым".


Қорытынды.
Оқушыларды мадақтау.
Рефлексия.
- Бүгін біз қандай сабақ өттік?
- Сабақ сендерге ұнады ма?

Т.Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектептің 1 «А» сынып мұғалімі Тулепбергенова Анар Амангельдиновнаның математика пәнінен Пысықтау( 10 көлеміндегі сандарды пысықтау )
тақырыбына өткізген ашық сабағына

РЕФЛЕКСИЯ:

Сабақтың тақырыбы: Пысықтау( 10 көлеміндегі сандарды пысықтау )
Сабақтың мақсаты: 10-ға дейінгі сандардың құрамы мен қатары туралы білімдерін бекітеді, білім, білік дағдыларының деңгейін анықтайды.
1-сынып болғандықтан сабағымды оқушылардың жас ерекшелігіне сай етіп құрдым. Оқушылардың оқу, жазу, ауызша есептеу дағдылары қалыптасу үстінде болғандықтан сабақта көбінесе әр оқушымен жеке жұмыс түрі жүрді.
1)Психологиялық дайындықтан бастадым.
Сабағымды шалқан ертегісінің желісімен құрдым .
Шалқан егуге көмектеседі.
1-тапсырма ауызша орындады. Сандар қатарын анықтап, тура, кері санады.
2)Шалқан үлкен болып өсті, жұлуға көмектесті.
9, 10 цифрының жазбаша үлгісімен таныстырып жазылу жолын түсіндіріп көрсету. Жазбас бұрын жазуға қатысты ережені қайталаттым. Осы жұмыс барысында оқушылардың цифрларды жазудағы дағдыларының қалыптасқанын байқадым. Торкөзде көрсетілген үлгідегідей бірдей етіп жазуға дағдыланғандарын байқадым. Партада отыру ережелерін сақтау. Оқушылар партада дұрыс отыруды, қаламды дұрыс ұстауды, цифрлардың оңға қарай көлбей жазуды, ара қашықтық сақтауды үйренген.
3)Сурет бойынша теңдік құрастырды. Апаның тапсырмасын орындады. Қосылғыштардың орны ауыстырғаннан қосындының мәні өзгермейтіні жайлы ережені,компоненттерді қайталады.
4)Қыздың тапсырмасын орындады.
Тақтамен жұмыс,мысалдарды тақтада шығарып, жазды.
5)Қорытындылау: Итке көмектесті. 10 санының құрамына ауызша теңдіктер құрады.
6)Мысықтың тапсырмасын орындады. Берілген суреттен бұрыш, төртбұрыш, кесінді, сәулелерді тауып көрсете білді.
7)"Кел, ойнайық!" ойын-жаттығуы оқушылардың зейінін дамытуға бағытталған және геометриялық фигураларды қайталауға арналған тапсырмалар кездеседі. Оқушылардың біреуі тақтаға шығып белгілі бір түстегі қоршауды ішінен таңдайды. Ал қалғандары оған сұрақтар қою арқылы қандай қоршауды таңдағанын табады.
Оқушылар қоршаудың ішіндегілерді салыстыра отырып оқушының жасырған қоршауын табады.
Сабақ қорытындыланып, әр тапсырма смайлик арқылы бағаланды.
Сабақ мақсатына жетті, бірақ сергіту сәті өтілмеді. Тәрбие.орг сайтынан Пысықтау( 10 көлеміндегі сандарды пысықтау ) Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Тулепбергенова А.А.

Пікірлер: 0

avatar