"ҚР мемлекеттік гимні"

  • Жүктеулер: 4
  • Көрсетілім: 175
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 28/Дек/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23631


Күні
Сабақтың тақырыбы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні
Сілтемелер Әдебиеттік оқу оқулығы Атамұра-2014жыл, АКТ, суреттер, кестелер
Жалпы мақсаты Қазақстан Республикасының Әнұранның авторларымен ,шығу тарихымен таныстыру.Ел рәміздерін құрметтеуге, қадірлеуге үйрету, өз отанына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Міндеті Оқушыларға еліміздің астанасы Астана қаласы туралы түсінік беру. Оның көрікті жерлерімен таныстыру.
Оқыту нәтижелері Қазақстан Республикасының Әнұранның авторларымен ,шығу тарихымен танысты. Ел рәміздерін құрметтеуге, қадірлеуге үйренді, қтанға деген сүйсіпеншілігі артты.
Тапсырмалар
Сабақтың барысы
Уақыты Мұғалімнің іс -әрекеті Оқушының іс- әрекеті
2минут

2минут

5минут

3минут

3минут

5минут

3минут

5минут

5минут

6минут

Қорытынды бөлім

Рефлексия

Бағалау Ұйымдастыру бөлімі. Сәлемдесу Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру
Психологиялық дайындық «Ақ тілек. Әсем күлкі»
-Көңіл-күйлеріңіз қалай?
-Керемет!(қолдарын көтереді)
-Сабаққа дайындықтарың қалай?
-Тамаша! (алақандарын шапалақтайды)
-Ынталарыңыз қалай?
-Ғажап! (қолдарын көтереді)
-Ендеше сабағымызды бастайық!
-О, о, о(бас бармағын көтереді)
ІІ Үй тапсырмасын тексеру. «Ашық микрофон» әдісі
ҚР екендігін танытатын басты белгілерді атаңдар? Бір сөзбен айтқанда..../рәміздер/
«Суреттер сөйлейді» ойыны
Суретке қарап не айтасыздар? Қандай ой келеді?
-Неге олай ойлайсың?
-Қалай байқадың?
-Неге әнұранды жүрек тұсына қолың қойып айтады деп ойлайсың?
Сол сезімдерді сезіну үшін әнұранды орындаймыз.
«Ой қозғау» стратегиясы

-Мына суреттерге қарап тұрып, маған мынадай ой келді. Әр нәрсенің, заттың, шығарманың, туындының авторы болатын сияқты. Мысалы:
-Назарбаевтың авторы кім, оны ел басқаруға кім шығарды?
-Елтаңбаның авторы?
-Тудың авторы?
-Әнұранның авторы?/үш топқа авторлар туралы қысқаша мәлімет тарату/
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны — Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің бірі. Республиканың қазіргі әнұраны 2006 жылы 6 қаңтарда қабылданды. «Менің Қазақстаным» әнұран ретінде алғашқы рет Н.Назарбаевтың иннаугурациясы кезінде орындалды.
Автор туралы мәлімет. Шәмші Қалдаяқов (15.8. 1930, Отырар ауданы Шәуілдір ауылы – 29.2.1992, Алматы) – композитор, Қазақстанның халық артісі (1991). Шымкент, Тараз, Жетісай қалаларының құрметті азаматы. Аса көрнекті сазгер, ән жанрының әйгілі майталманы, Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, осы заманғы қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі.
1935 жылдың 28 қарашасында Гурьев (Атырау) облысы, Теңіз (қазір Құрманғазы) ауданындағы Қошалақ деген жерде дүниеге келген. Жұмекен атасы Нәжімеден Стамғазиевтің бауырында өсіп, тәрбие алған.
Әнұранның сөздері әрбір адамның отанына деген сүйіспеншілігін оятады. Ендеше сол сөздердің мағынасын ашатын боламыз. Қандай теңеулер бар? Отанымызды сүю үшін қандай қасиет керек және нені мақтан етуіміз керек деген сұрақтарға жауап аламыз.
«Ойлан, бірік, бөліс» әдісі /жұптық жұмыс/
1. Әр жұпқа әнұран екі жолдан бөлініп беріледі.
2. Осы өлеңнен елге, отанға деген сүйіспеншілігімізді оятатын сөздерді табамыз.
Қорытыныды:Отанымызды сүю үшін керек қасиет- алтын, ерлік, намыс, бірлік,
Мақтан етуіміз керек: даңқ, қазақ, елім, жерім, ұрпақ, кең-байтақ, тәуелсіз, мәңгілік, бақыт.
Сергіту сәті
«Ыстық орындық» әдісі
-Тудың түсі неге көк?
-Тудың авторы кім? Ш.Ниязбеков
-Әнұранның сөзін жазған кімдер? Сөзі: Н.Назарбаев, Ж.Нәжімеденов
Әні: Ш.Қалдаяқов
-Елтаңбада қос қанаты бар не бейнеленген?
-Тәуелсіздікті қай жылы алдық? 1991жылы
-Қазақстан Республикамыздың елтаңбасының авторы? Жандарбек Мәлібеков, Шота Уәлиханов
- Астанамыз Астана қаласы болып қай жылы аталды?
1997ж
-Сабақ кімге қалай ұнады?/бармақпен бағалау/
-Қиындық кездесті ме?
«Ия»- аяпен топылдатады
«Жоқ»- шапалақ
Амандасу. Сыныптың сабаққа дайындығы тексерілді.

Психологиялық дайындық арқылы оқушылардың сабаққа деген ынтасы артып, қызығушылығы оянады

Оқушылар ту, елтаңба туралы жинақтап келгендерімен бөліседі.

Жетекші сұрақтар бере отырып оқушылардың жауабы тыңдалды.

-халық
-Жандарбек Мәлібеков, Шота Уәлиханов
-Шәкен Ниязбеков
-Н. Назарбаев, Ш. Қалдаяқов, Ж. Нәжмеденов

-оқушылар автор туралы мәліметті оқиды.

1. Оқушылар бірігіп ойланып, талдайды. Ортаға шығып қорғайды.
2. Алтын, ерлік, даңқ, намыс, қазақ, елім, жерім,ұрпақ, кең-байтақ, бірлік, тәуелсіз, мәңгілік, бақыт.

Күні Тәрбие.орг сайтынан "ҚР мемлекеттік гимні" Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ижанова Нургуль Алпысбаевна

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Қарабұтақ селосы Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar