Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
"Рахмет, сүйікті әліппе!"
  • 01.06.2016
  • 346 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19152

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (25.6Kb)

Шығыс Қазақстан облысы
Күршім ауданы
Барақ батыр негізгі орта мектебі



Бастауыш сынып мұғалімі:
Бердюгожина Бижамал Мұхаметқалиқызы

2015-2016 оқу жылы 
Сабақтың тақырыбы: «Рахмет сүйікті, Әліппе!»
Сабақтың мақсаты:

1. Оқушылардың Әліппе оқулығынан алған білімдерін тиянақтай отырып, онымен қоштасу.
2. Оқушылардың дүниетаным, ойлау әрекеттерін дамыту, сөздік қорларын арттыру.
3. Оқушылардың өз Отанын сүюге, әдептілікке, достыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Ертеңгілік

Сабақтың түрі: Дәстүрден тыс сабақ

I Ұйымдастыру

II Слайд Атасы немересін жетектеп келеді

Автор: Жеті жасар немересін
Жетпісте шал жетектеп
Келе жатыр көшеде
«Қайда әлгі мектеп?»-деп
Жеті келед жүгіріп
Жетпіс келеді сүрініп.

Ата: Балам, балам жақсы бол
Міне, сенің мектебің,
Сабағыңа зейін сал
Ақылды бол тентегім.

Немересі: Қыркүйекте келдім де
Сыныпқа кірдім қуанып
Қарсы алды ұстаз мейіріммен
Қадамымды құп алып.

Мұғалім:
- Құрметті ата-аналар, ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Рахмет, сүйікті әліппе!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. Осыдан 4 ай бұрын мектеп табалдырығын қысыла да қызыға аттаған бірі отбасының тұңғышы, бірі кенжесі, бірі әзірге жалғызы, ата-әжесінің сүйікті еркесі болып жүрген ұл-қыздарымыз, өздерінің ең алғашқы оқулығы болған Әліппемен қоштасқалы тұр.
Ендеше, кішкентай бүлдіршіндеріміздің білім өлкесіне қарай басқан алғашқы қадамдары құтты болсын!
Сонымен ертеңгілігімізді бастаймыз!

1-оқушы. Ең алғаш алғанымда Әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерді
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді
Ұстазым оның кілтін алып берді.

Ән: «Мұғалім, ол біздің»

Мұғалім: - Балалар, қазақ тілінде қанша әріп бар?
- 40 әріп, 2 таңба бар.
- Бұл әріптерді біз қайдан үйрендік?
- Әліппеден.
- Ендеше әліппені ортаға шақырып алайық?

Хормен: Әліппе, Әліппе
Әліппе келеді: Армысыздар, жас достар!
Армысыздар, ата-ана, ұстаздар!

Болашаққа жол бастар
Әліппең келді ортаға
Білім деген ғажаптың
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден
Таудай болса талабың
Айтары көп әріптің
Қуанышы халықтың
Жақсы білім көрімдік
Болсын бізге халайық
Не үйреніп, не білдік
Қане ортаға салайық!

Оқушы: Алмұрт, алма егеміз
Айға сапар шегеміз
Алақай-ау алақай
А – дыбысын білеміз.
Оқушы: Тайға мініп шабамыз
Тау мен тасты табамыз
Тарақ, тайлақ, тауықтан
Т дыбысын табамыз.

Оқушы: Бала отыр партада
Оқы үйрен шаршама
П дыбысы дауыссыз
Мәлім болды баршаңа

Оқушы: Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер
Өте берсін көп күндер
Г дыбысын үйреніп
Гүлге қарап өсіңдер.
Оқушы: Нан әлемнің азығы
Дастарқанның қазығы
Нар сөзінен балалар
Н дыбысын таныды.
Оқушы: Ғасыр, ғылым, ғаламшар
Ғайша, ғалым, Ғаламдар
Ғарышкерлер, ғарышкерлер
Сөзінде Ғ дыбысы қараңдар.
Оқушы: Ризамыз оқуға
Ретімен тоқуға
Р-ды айту қиын-ақ
Кейбіреулер қорқуда.
Оқушы: Лағым, менің лағым
Селтеңдейді құлағың
Босқа жүрмей сенімен
Л – дан сөзді құрадым.
Оқушы: У – дауысты, дауыссыз
Айыра білсең қауіпсіз
Уық, уыс сөздерін
У-дан бастап айтамыз.
Оқушы: Шеңбер жасап тұрайық.
Басымызды бұрайық
Ш – дыбысын білеміз
Сөзден сөйлем құрайық.
Оқушы: Ою, жою, сою
Тәттілерге тою
Тыю, жою, қию
Барлық сөзде «ю».
Оқушы: Он саусағым ойнасын
Бояп-бояп қоймасын
Отан, орман сөздерін
О әрпімен ойлайсың.
Ән: «Отан»
Оқушы: Қауын-қарбыз жинаймыз
Қағазды бос қимаймыз
Қ – дыбысы қатаң ғой
Оны қалай айтпаймыз.
Оқушы: Добым-добым домалақ
Домалатсам жоғалат
Домбырамен күй тартып
Д – ны айту оңай-ақ.
Оқушы: Ақ мақтаны терейік
Мектепке тал егейік
Мерекелі жиында
М-ны айтып берейік.
Ән: Сәлем, Мектеп.
Оқушы: Бостан-босқа ойнама
Бидай толтыр қоймаңа
Бақа, балық, ботақан
Сөздерінен б-ны ойла.
Оқушы: Сан, сәнді, сағатты
Сегіз сері таратты
Сарбаздар мен сақшыны
С-дыбысы жаратты.
Оқушы: Заман, заңғар биікте
Құзғындарға ілікпе
Бізден басқа балалар
З-дыбысын біліп пе?
Оқушы: Ыдыс, ырыс, сөздері
Ұқсас екен өздері
Ы-дыбысы қарап тұр
Дәл осындай өздері.
Оқушы: Жан-жағыма жантайдым
Жапырақтай жалпайдым
Ж әрпін жаздым да
Жарға қарай шалқайдым.
Оқушы: Ұршықтай зырлаймыз
Ұяны сырлаймыз
Ұлт, ұят сөзінен
Ұ-дыбысын жырлаймыз.
Оқушы: Балпаң- балпаң басайық
Аңдарға жем шашайық
Ң-дыбысын білмеген
Балалардан қашайық.
Оқушы: Қояным, шаяным
Суретін боядым
Сөздермен осындай
Я дыбысын ойладым.
Оқушы: Ерлік, еңбек елдікпен
Егеменді теңдікпен
Емендей мықтымыз
Е дыбысын білдік біз.
Оқушы: Күндей күліп өсеміз
Көңілді кең көшеміз
К дыбысы көп екен
Кітабымды көрсеңіз.
Оқушы: Әже, әке, әніміз
Әрқашанда сәніміз
Енді білдік әдемі
Ә әрпінің мәнін біз.
Оқушы: Ине ұстай аламын
Икемімді табамын
Инеліктей иіліп
И әрпін саламын
Оқушы: Үй мен үйшік жасайық
Үзеңгіні басайық
Үрлеп, үлкен шарларды
Ү әрпін жасайық

Әліппе: Рахмет балалар! Мен сендерге ризамын.

2- Оқушы: Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріп те
Оқимыз қазір ертекті
Үйреткен оны әліппе!
Әліппе: - Қандай ертегілер оқыдыңдар!
- Қандай мақал-мәтел кездестірдіңдер!
Мұғалім: Әліппенің тапсырмаларын орындайық.
Әліппеге арнап ән айтайық.
Ән: Әліппе

Әліппе: - Рахмет балалар, сауатты жаздырып, мәнерлеп оқытатын Ана тілін оқитын боласыңдар! Әрдайым биіктен көрініңдер!

Ана тілі келеді
- Сәлеметсіңдер ме балалар?
Туған елдің тілімін
Ақылымен танылам
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам!

Ана тілі: Балалар енді бұрынғыдан да көп оқитын боласыңдар:
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Дауысты дыбыстарды ата?
- Сөйлем қалай басталып жазылады?
- Сөйлем соңына не қойылады?
- Отан туралы кім тақпақ біледі?
- Астана туралы ше?

Слайд: Мәтін оқыту. Келешекте сауатты болатындарыңа сенемін!

Мұғалім:
Математика-ғылымдардың атасы деген. Ендеше математикадан алған білімдеріңді тексерейік.
(ауызша есеп)

Слайд: Есептер.
Ағылшын тіліне сөз береміз.

Мұғалім: Әліппемен қош айтысып қаламыз
Енді қолға ана тілін аламыз
Ата-ана қуанышқа ортақ бол
Сауатты боп шықты міне балаңыз!

Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып, бірге жүрген әкелеріміз, аналарымыз.
Оқушылардың өнерін тамашалаңыздар!

1. Әжелерімізге мың алғыс айтамыз. Ендігі ән-шашуымыз сіздерге арналады.
2. Ән. Тәрбие.орг сайтынан "Рахмет, сүйікті әліппе!" Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бердюгожина Бижамал Мухаметкалиевна

ШҚО Күршім ауданы Барақ батыр негізгі орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Көрсетілім: 346 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar