Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Сәбит Мұқанов. Жылқы
  • 15.02.2017
  • 122 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 21788

Ана тілі
4 сынып

Сабақтың тақырыбы: Сәбит Мұқанов. Жылқы
Сабақтың мақсаттары: 1. Оқушыларды мәтіннің мазмұнымен таныстыра отырып, мәтіндегі
негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Мәтін бойынша танымдық
тапсырмалар беру, өз ойларын тұжырымдап, жеке, топта жұмыс
жасау.
2. Оқушыларды көп ізденуге, бірін-бірі тыңдап, өз ойын еркін, ірікпей
айтуға дағдыландыру.
3. Оқушыларды төрт түлікті күтіп баптауға, қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дамытушылық сабақ.
Сабақта қолданылатын әдістер: Қызығушылықтарын ояту, мағынаны таныту, ой-толғаныс.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, кесте, т.б.
Сабақтың барысы:
Ι. Ұйымдастыру кезеңі.
ΙΙ. Жаңа сабақ.
Бүгін өтілетін сабақ тақырыбымен танысайық. Қазір мен сендерге жұмбақ оқимын, шешуін дұрыс тапсаңдар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын білесіңдер.
1. Қызығушылығын ояту.
Жұмбақ шешу.
Қамыс құлақ, тостаған тұяқ,
Мінсең қанат, еті тамақ. (Жылқы)
- Сонымен, бүгінгі өтілетін тақырыбымыз төрт түліктің бірі ˮ Жылқы ˮекен. Яғни, бұл мәтінді кім жазған екен?
- Сәбит Мұқанов.
- Сәбит Мұқановпен 3-сыныптан бері таныспыз.Бұл кісі кім? Кәне, еске түсіріп өтейікші.
- Сәбит Мұқанов туралы не білеміз?

- Сәбит Мұқанов 1900 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында туған. Қазақтың аса көрнекті жазушысы, қоғам қайраткері. Жастайынан ауыз әдебиетімен кең сусындап, өлең жырды жатқа айтып өскен. Сәбит өзіне ұлы Абайды ақылшы ұстаз тұтқан.
- Иә, дұрыс айтасыңдар. Бұл кісінің 3-сыныпта қандай әңгімелерімен таныстық?
- “ Көкшенің көрінісіˮ және “Шыбынсыз жазˮ. (мұғалім жазушының шығармаларын таныстырып өтеді)
- Өте дұрыс айтасыңдар. Олай болса жоғары сыныпта ана тілі пәнінің орнына әдебиет пәні болады. Сонда С. Мұқановтың мынадай шығармаларымен танысасыңдар. “Өмір мектебіˮ, “Ақ аюˮ,“Балуан Шолақˮ шығармаларымен танысасыңдар. “Өмір мектебіˮ шығармасынан “Жылқыˮ әңгімесінен үзінді беріп отыр екен. Сол әңгімемен танысамыз.
- Жылқы туралы не білесіңдер? Әрқайсымыз жылқы туралы не білеміз, ойымызға не келеді, соны жазып шығайық. Көршің не білетінін сұрап, ой бөлісіңдер.
А) Жылқының пірі не?
Ә) Жылқы қайда тұрады?
Б) Жылқының қандай пайдасы бар?
В) Жылқы бағатын адамды қалай атайды?
Г) Аттың үстінде ойналатын ойындар?

Тақтаға жылқы туралы жазу.

Көлік Қамбар ата Пырақ

Қасиетті жануар Төрт
түліктің ерені

Ер қанаты Үй жануары Сүті, еті, терісі
4. Мағынаны тану.
Мұғалімнің сөзі:
Жылқы деген жануар мал атаулының ішіндегі қайраттысы екен. Жылқы жұп тұяқты мал, өзінің азығын тұяғымен теуіп жейді, түрегеліп тынығады (яғни ұйықтайды).Бірақ та бір орында тұрмайды, қыста таза қар жейді. Жазда судың тұнығын ішеді. Жылқы етінің көптеген ауруларға емдік қасиеті бар. Жүрек,қан тамырлары ауруына,бүйрек жұмысын жақсартуға,буындардың қалтырауына қарсы қолданады.Сүті өкпе ауруына ем. Атқа мініп жүру арқылы емделуді ғылым тілінде иппотерапия деп атайды. Атқа мініп жүру арқылы көптеген ауруларды емдеуге болады екен. Жүрек талмасы, ұмытшақтық, жүйке жүйесіне, омыртқасы зақымданған, сал болып қалған және тағы басқа да ауыр науқастарды емдеудегі қызметі де айтарлықтай.
Жылқыны ет және қымыз өндіру, салт міну, арбаға не шанаға жегу, спорттық бағыттарда өсіреді.
Жылқының жаңа туған төлін құлын, алты айдан бір жасқа дейінгісін жабағы, бір жастан асқанын тай, екі жастан асқанын құнан, үш жастан асқанын дөнен, төрт жастан асқанын құнан, бес жастан асқанын бесті дейді.
Машиналар мен орлардың моторларының күші ат күшіне тең деп жатамыз. Ат күшінің өлшемі 735,5 ватт болып есептеледі.Салмағы 750 килограмм жылқы 183 сантиметр биіктіктен қарғыған кезде қуаты сонша ватқа жетеді екен.
Сергіту сәті. “Қара жорғаˮ биі.
5 . Оқулықпен жұмыс.
1) Мәнерлеп оқып беру.
(Бұл кезде түсініксіз сөздерді белгілеп отырады.)
2) Сөздік жұмысы. Сөздер түсіндіріледі, дәптерге жазылады.
Қос –көшіп-қонуға ыңғайлы, тігуі, жығуы оңай баспана.
Тебін–жылқы тұяқпен қарды ашып жайылатын жер.
Борасын–қар аралас соққан жел.
3. Бөлімге бөліп оқыту. (әр топтан бір оқушы.)
4. Шығарманы талдау.
Ойын. «Кімнің жылқысы көп?» Оқулықтағы берілген сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орындау.
5. Теріп оқу.(әр топтан бір оқушы)
Әңгімеден табиғат көрінісін беретін жолдарды тауып оқу.
Мәтіннен жылқының аналық мейірімі жөнінде айтылған тұсты тауып оқу.
Әңгімедегі Мақан жылқышының сөзін тауып оқу.
А) Әңгіме кімнің атынан баяндалған?
Ә) Қос деген не?
Б) Жылқы етінің қасиеті қандай?
В) Мәтінде жылқының терісі жөнінде не делінген?
Г) Жылқының адамға қандай пайдасы бар?
Ғ) Жылқы –малдың патшасы, түйе –малдың қасқасы» деген мақалдан не аңғардың?
Ғ) Қазақ халқы жылқыны неге ерекше қастерлеген деп ойлайсың?
7. Мұғалімнің сөзі.
Қазақ халқы жылқыны малдың патшасы деген, айнымас серігі, жаугершілік заманда жылқы малының ерлігі, талай батырдың серігі болғандығын ақын-жазушылар талай суреттеп, жырлаған.
6. Сәйкестендіру. «Кім тапқыр?»
Алпамыс Керқұла
Қобыланды Тайбурыл
Қамбар Байшұбар
Ақан Тарлан
Тарғын Қарақасқа
Кендебай Құлагер
7. Үш топқа бөлініп мақал-мәтелдер айтудан жарыс.

Ι топ ΙΙ топ ΙΙΙ топ

Жүйрік тоқтығын білдірмес,
Қас жүйрікте сын болмас,
Аттың көркі-
Ат жүйрігі -
Жомарт жоқтығын білдірмес.
Қас сұлуда мін болмас.
Құйрық, жалы, құлағы.
Азаптан құтқарады.
Көлдің көркі - құрақ,
Тағасының күмісіне мақтанба,
Таудың көркі-
Тіл жүйрігі-
Жігіттің көркі – пырақ.
Атыңның жүрісіне мақтан.
Тасы менен бұлағы.
Адамның көркі – мал.

8. Шығармашылық тапсырма.

Топпен жұмыс.
Ι топ. Қазақ халқы жылқыны неге қастерлеген? Жылқы жөнінде қандай әңгіме, өлең білесіңдер?
ΙΙ топ. Батырлар жырындағы суреттелген аттарды және олардың бейнесін естеріңе түсіре аласыңдар ма? Жылқының қасиеттерін атап көр.
ΙΙΙ топ .Үлкендер өздеріңді еркелеткенде неліктен «құлыным», «ботам», «қозым» дейтінін түсіндіріп көр. Жылқы туралы эссе жаз.

9. Ой –толғаныс.

- Оқушылар мәтінді оқыдық, қойған белгілерімізді жұптап талдадық, енді кесте толтырамыз.

V ? +
Сүті, еті, жалы бар; Жүйрік өлең жазуға арқау болған батырдың қанаты, серігі, көзі мөлдір, таза су ішеді. Шөлге неге шыдамды?
Қандай түрлері бар?
Тісі нешеу?
Жасын қалай білеміз? Сорпа майы қыста қатпайды. Өкпе ауруына сүті ем, жылқыға жылан жоламайды. Қос-үй, құрт таза етке жеткенде өліп қалады.

ΙV. Сабақты қорыту, пысықтау.

10. Төрт жол өлеңді дәптерге жазу.

Мал өсірсең -жылқы өсір.
Өнімі оның көл көсір,
Мінсең көлік, ішсең ас,
Емдік қасиеті арылмас.

V. Үйге тапсырма.
1. «Ер қанаты-ат» деген мақалды қалай түсінетіндігі туралы өз ойларын жазып келу.
2. Әңгімені мазмұндау.

VΙ.Оқушыларды бағалау. Тәрбие.орг сайтынан Сәбит Мұқанов. Жылқы Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сәбит Мұқанов. «Жылқы »

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: Жылқы, Мұқанов., Бастауыш сыныпқа арналған ашық саба, СӘБИТ
Көрсетілім: 122 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar