сөйлем

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 978
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 20/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18737


Бекітемін: МДОІЖО Шайқақов Р Пәні : Қазақ тілі Класы : 2 Күні :
Сабақтың тақырыбы : Сөйлем Сабақтың мақсаты : Білімділік : Сөйлем туралы түсінік беріп, сөйлем құру дағдыларын жетілдіру, таным мүмкіндігін анықтау, өздік жұмыс істеуге , ізденуге , сөйлем соңына қажетті тыныс белгісін қоя білуге үйрету . Дамытушылығы : Сөйлемді жүйелі құруға, өздігінен қорытынды шығара білуге дағдыландыру, ойлау жүйесін , тілін дамыту, пәнге қызығушылығын қалыптастыру, өз бетінше жұмыс істеу қабілетін арттыру Тәрбиелігі : оқушылардың логиклаық ойлау сезімін оятып, ұқыптылық пен тиянақтылыққа тәрбиелеу. Сабақтың жүргізілу әдісі : сұрақ – жауап, түсіндіру, көрнекілікпен жұмыс, ойындар Сабақтың түрі : жаңа сабақ Көрнекілігі : тірек – сызба, семаниткалық карта,адасқан сөздер, Венн диагнраммасы, ребус, интерактивті тақта Пән аралық байланыс : дүниетану, ана тілі, бейнелеу өнері Қолданған технологиясы : Ойын арқылы оқыту
ЖАҢА САБАҚ
І. Ұйымдастыру кезеңі : А. Амандасу Ә. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, назарларын сабаққа аудару
ІІ. Психологиялық ахуал тудыру
Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз. Барша жанды құрметтеп , Бас иеміз біз.
ІІІ. Қызығушылықты ояту . Үй тапсырмасын тексеру

«Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбында шағын шығарма жаздыру , оқыту

- Биыл Қазақстанның тәуелсіздігіне неше жыл ?
- «Отан» сөзіне дыбыстық талдау жасату / ауызша /
-
Отан – буынға бөлу О – тан Неше әріптен тұрады ? – 4, неше дыбыс бар ? – 4 . Дауысты - 2, дауыссыз – 2. О – дауысты , жуан дыбыс. т – дауыссыз, қатаң дыбыс . а – дауысты, жуан дыбыс, н-дауыссыз, үнді дыбыс .

Жаңа сабақ : «Сөйлем»


, .... . ,,,, . , ....


Ребус шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын біліп алайық, балалар !

СӨЙЛЕМ
Олай болса, балалар , сөйлемнің жасалуына тоқталамыз.

Есіңде сақта ! Ереже

Сергіту сәті :
Мынау менің - жүрегім, Бәрі осыдан басталған. Мынау басым – ақылды , Бәрін осы – басқарған . Мынау менің – оң қолым, Мынау - сол қолым. Барлық істі атқарған.
Көркем жазу . С с Сәрсенбі - сәтті күн.
Оқулықпен жұмыс
164 – жаттығу / ауызша / сөздерді салыстырып оқы.
Шекара, шекарашы, ел, Шекарашылар күзетте тұрады. Олар қорғайды, күзет, олар, тұрады. еліміздің шекарасын қорғайды.
Қайсысы сөйлем? Неліктен ?

165 – жаттығу Жақшадағы сөздерді сөйлемнің мазмұнына қарай өзгертіп жаз.
Ажар ( кітапхана) барды. ( Кітапхана ) адам көп. Ол ( кітапхана ) кітап алды.
«Адасқан сөздер» ойыны
166 – жаттығу . / Берілген сөздерден сөйлем құрап жаз /
Сырғанақ, бірнеше, бала, теуіп жүр.
Ақан, сырғанады, шанамен.
Ол, айырылып, қалды, шанадан, абайсызда.
Төмен, шана, қарай, сырғанай жөнелді.
«Семантикалық карта»
Сөйлемдер түсті суытты жатыр
Қыс
Күн
Жерде қар

«Сәйкестендіру » ойыны
167 – жаттығу
Сөйлемдерді соңына қойылған тыныс белгісіне сай ырғақпен оқы. Бұл сөйлемдердің айтылу мақсаты әр түрлі екенін дәлелде.
Мына сурет қандай әдемі салынған ?
Бұны қазақтың атақты суретшісі Әбілхан Қастеев салған !
Қастеев атаңды білесің бе .

Шығармашылық жұмыс : Сөйлем құрату
1. __________ ________ ________ .
2. __________ , ________ _________ _____ !
3. __________ ________ _________ _____ ?
Жеке жұмыс : Дыбыстық талдау жасату
С – д/з, қатаң ө – дау/ты, жіңішке, й – д / з ,үнді, л – д/з, үнді, е - д/ты, жіңішке, м – д/з, үнді.

Сабақты қорыту :
І.
Ойды аяқтап қорытады. Соңында доп тұрады. / сөйлем /
- Олай болса, біз бүгін қандай тақырып өттік ?
- Сөйлем .

ІІ. Венн диаграммасы
Мәтін мен сөйлемнің ортақ қасиеттерін топтастыру
Мәтін Сөйлем
Сөйлемнен құралады. Тақырыбы бар. Пайымдау. Сипаттау. Әңгімелесу. Құрамында сөз бар. Тыныс белгілері бірдей. Аяқталған ойды білдіреді. Сөздерден құралады. Бас әріппен басталып жазылады.

«Бәйге » ойыны

1. 30- Сөз неден құралады ?
2. 40 – Мәтін дегеніміз не ?
3. 90- Сөйлемнің қандай түрлері бар ?
4. 80- Сөйлем қандай әріптен басталып жазылады ?
5. 10 – Сөйлемнің соңына қандай тыныс белгілері қойылады ?
6. 60 - Сөйлем қандай ойды білдіреді ?
7. 20 – Сөйлем неден құралады ?
8. 70 – Үнді дауыссыздарды ата .
9. 50 - Дауыссыз дыбыстың түрлері
10. 100 – Дауысты дыбыстың түрлері

11. Үйге тапсырма : 168 – жаттығу . Ребусты шешіп, шешуіндегі сөзге әңгіме құра.
Бағалау Тәрбие.орг сайтынан сөйлем Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Аманова Гаухар Самалбайқызы

Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ырғыз селосы,Ақши ауылы, М.Төлегенов атындағы орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar