"Сөйлем" ашық сабақ. 3-сынып

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 401
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 16/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20064


Сабақ тақырыбы: СӨЙЛЕМ Білімділігі: оқушыларға сөйлем, сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөліну түрлері туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға мүмкіндік жасау, оқушыларды сөйлемді оқыған кезде дауыс ырғағын салыстыру арқылы оларды бір-бірінен ажырата білуге жаттықтыру; Дамытушылығы: оқушылардың тілін дамыту, жаттығулар орындату арқылы оқушылардың байланыстырып сөйлеуін, өзін-өзі бағалауын жетілдіру; Тәрбиелігі: оқушыларды көркем жазуға, өз біліміне сын көзбен қарай білуге тәрбиелеу. Сабақ көрнекілігі: Симантикалық карта, топтық тапсырмалар, сөзжұмбақ, интеракивті тақта, алма ағашы, күн мен түннің суреттері, сызбалар. Сабақтың түрі: Топтық жұмыс. Әдіс – тәсілдер: Ой қозғау, топтастыру, түсіндіру, ойын, талдау- жинақтау Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі Балалардың сабаққа дайындығын тексеру, назарларын сабаққа аудару. 1. Қонақтармен сәлемдесу. 2.Психологиялық ахуал тудыру. Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар, сөйлеген дана тілім! Қастерлейді, ұл - қызың мәңгі сені Болашағым, бақытым дара тілім! - дегендей, бүгін қазақ тілі сабағын бастаймыз. Бүгінгі сабағымыз Алтын күз мерекесімен және диқаншыларымыздың үлкен еңбектерінің жемісі Сабантой мерекесімен қатар келіп отыр. Басқа қандай ұлы мерекелерімізді білесіңдер, балалар? - Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы - Ыбырай Жақаев атамыздың 125 жылдығы. - Дұрыс айтасыңдар. Балалар, біздің бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. Біз қонақтарды жақсы тәртібімізбен, білімімізбен қарсы алып, шығарып салуымыз керек. Мына күлімдеген күннің шуақтарынан өзімізге шуақ алып, бір-бірімізге шын жүрегімізбен ыстық тілегімізді білдірейік. Бүгінгі сабақта сөйлем туралы білімімізді жетілдіреміз. 3.Топқа бөліну. (алма алу әдісі арқылы: көк алма және қызыл алма таңдау арқылы топқа бөліну). «Алтын балық» әдісі арқылы топ басшысын сайлау. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 1) Үйге қандай тапсырма берілді? 6 – жаттығу. Оқушыларға сурет бойынша құрап келген әңгімелерін оқыту. 2) Үй тапсырмасын бекіту. - Біз қандай үлкен тақырыпты өтіп жатырмыз? (Сөйлем) Ойын: «Мен бастаймын, сен жалғастыр». «Алма ағашы» әдісі. Алма ағашындағы алмаларда аяқталмаған сөйлемдер жасырынған. 1. Сөйлем аяқталған ....(ойды білдіреді) 2. Сөйлем сөзден .... (құралады) 3. Сөйлемнің бірінші сөзі .... (бас әріптен басталып жазылады) 4. Сөйлемнің соңына .... (не нүкте, не сұрау белгісі, не леп белгісі қойылады) 5. Сөйлемдегі сөздер .... (бөлек жазылады) 6. Бірдеңенің жайын хабарлау мақсатымен айтылған сөйлем .... (хабарлы сөйлем) 7. Хабарлы сөйлемнің соңына .... (нүкте қойылады) III. Жаңа сабақ. Кіріспе әңгіме -Ертеде тыныс белгісі деген шешейдің үш қызы болыпты. Бірінші қызы тиянақты сабырлы сөйлепті, екіншісі тек сұрағанды біліпті, ал үшінші қызы бірде ренжіп бір қуанып, бірде бұйырып сөйлейді екен. Соған қарамастан шешесі үш қызын ақылмен бір мәтіннің ішіне жұмсай алыпты. Олардың атын білеміз бе балалар? Жаңа білімді меңгерту кезеңі: Сөзжұмбақ шешу. Қыстың алғашқы айы (желтоқсан) Тілден ұшып, құлаққа қонады. (сөз) Түйістіреді көзіңді көзіңе Жолықтырады өзіңді-өзіңе (айна) Таудан биік, баудан аласа (жол) Көзге көрінбейді, қолға ілінбейді Кейде сипап өтер, кейде желіп өтер (жел) Суға батпайды, отқа жанбайды. (мұз) Ерекше торда қандай сөз шығып тұр? Ендеше біз бүгін «Сөйлем» тақырыбы бойынша жаттығулар орындайтын боламыз. Есімізге түсірейік: - Сөйлем нелерден құралады? - Сөйлемнің соңында қандай тыныс белгілері қойылады? ІҮ. Оқулықпен жұмыс. 8-жаттығу. Өлеңді тиісті дауыс ырғағымен оқу. «Не жомарт? Кім жомарт?» Ү. Дәптермен жұмыс. 9-жаттығу Алдымен сұраулы, екінші хабарлы, сонан соң лепті сөйлемді көшіріп жазу. -Бұл кім? -Мен сізге жеделхат әкеп тұрмын. -Үлкен рахмет! 10-жаттығу. Берілген сөздерден төрт сөйлем құрап жазу. Тиісті тыныс белгілерін қою. 1.Арыстанның төлі не? 2. Ауа қандай таза! 3.Балалар қардан аққала жасады. 4.Әлия кітапханаға барды ма? ҮІ. Сергіту сәті. Үлкенге де Сіз, Кішіге де Сіз. Барша жанды құрметтеп, Бас иеміз біз. 11-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, сұрақтарға жауап жазу. 12-жаттығу. Ертегіні тиісті дауыс ырғағымен оқу. Ертегіні оқушыларға жалғастырту. ҮІІ. Топтық тапсырма Орны ауыстырылып берілген сөздерден әр топқа сөйлем құрау тапсырылады. І топ: Қыз, Айман, сұлу. Мектепке, кеше, бардым, мен. ІІ топ: 1.Сүйікті, ана, тілі, пәнім, менің. 2.Көктем, көңілді, қандай ҮІІІ. Кім жылдам? ойыны: Сәйкестендіру тесті Хабарлы сөйлем жауап алу мақсатында айтылады Лепті сөйлем тиянақты ойды білдіреді Сұраулы сөйлем көтеріңкі көңіл күйді білдіреді ІХ. Сабақты бекіту. Енді біз, балалар, «Сөйлем» туралы білгенімізді бекітіп, ұғынғанымызды тиянақтайық (тест тапсырмасы) 1. Төмендегі сөздердің қайсысы дұрыс жазылған? А) оқыу ә) оқу б) оқуу 2. Төмендегі сөйлемдерге қандай әріпті қойсақ дұрыс болады? Кеш болды, бөлме іші қара...ғы. Мал көле...кеде жатыр. Ауылды... жанында тере... сай бар. А) н ә) ң б) нң 3. Мәтін деген не? а) ұзын бір сөйлем ә) мағынасы жағынан байланысқан екі не одан көп сөздер. б) бір сөйлемге жинақталған сөз тізбегі 4. Мәтіннің неше түрі бар? А) 3 ә) 4 б) 2 5. Лепті сөйлем дегеніміз не? а) Қатыңқы дауыспен айтылған сөйлемді лепті сөйлем дейміз. ә) Көтеріңкі дауыспен айтылған сұраулы сөйлем. б) Адамның көңіл-күйін, сезімін білдіретін сөйлемді лепті сөйлем дейміз. Х. Сабақты қорытындылау: Постер қорғау. Сөйлем туралы өз білетіндерін сызбаға түсіру. ХІ. Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру. 13-жаттығу. ХІІ. Бағалау. «Жұлдыздар жарқырайды». Әр оқушы өзін-өзі бағалап, жұлдыз іледі. Оқушылардың еңбегін мадақтап, бағалау. Тәрбие.орг сайтынан "Сөйлем" ашық сабақ. 3-сынып Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ғаниева Гүлнұр Жолдыбайқызы

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, №243 негізгі мектебі Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar