Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Сөйлем мүшелері
  • 19.01.2017
  • 154 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 21116

Жаңөзен қаласы №11 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Жетписбаева Жумагул
Қазақ тілі 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелері
Сабақтың мақсаты: а) Сөйлем мүшелері, тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер туралы алған білімдерін пысықтау.
ә) Сөйлем ішінен тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерді сұрақ қою арқылы таба білу дағдыларын арттыру.
б) Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: жаттығу, практикалық.
Сабақтың түрі: Сыни ойлау
Сабақтың көрнекілігі: белсенді тақта, топшама

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.
Бүгінгі сабақтың бағалау шкаласымен таныстыру.

II. Қызығушылықты ояту «ой қозғау».
Өтілген материалды тексеру, қорыту.
Дыбыс үндестігі дегеніміз не?
Буын үндестігі дегеніміз не?
Сөз тіркесі қалай жасалады?
Жай сөйлеммен құрмалас сөйлемді қалай ажыратамыз?

III. Мағынаны тану.
- І – ші слайд.
- Жалаң сөйлем дегеніміз не?
(Тек тұрлаулы мүшелерден тұратын сөйлемді жалаң сөйлем деп атайды. )
- Жайылма сөйлем дегеніміз не?
(Тұрлаулы мүшелерден басқа, тұрлаусыз мүшелердің қатысуымен жасалған жай сөйлемнің түрі жайылма сөйлем деп аталады.)

Сөйлем мүшелерінің өзіндік белгілерін еске түсіру:
1. Сөйлем мүшесі белгілі бір сұраққа жауап береді.
2. Толық мағыналы сөз немесе күрделі сөз сөйлем мүшесі болады.
3. Сөйлем мүшесі бір сөзден де, бірнеше сөзден де жасалады.

2. Оқулықпен жұмыс.
1 - жаттығу.
Сөйлемді көшіріп жазу.
Бастауыш пен баяндауышты тауып, астын сызу.

- Сөйлемнің бастауышы мен баяндауышын алып тастап, оқып көрейікші. Не байқадыңдар?
- Тұрлаусыз мүшелердің өздері сөйлем бола алмайды. Сөйлемдегі ой әр уақытта тұрлаулы мүшелер, яғни бастауыш пен баяндауыш арқылы білінеді.

2 - жаттығу.
Жұмбақты көшіріп жазу. Тұрлаусыз мүшелерді тауып, сұрақ қою.

Мейіріммен сүйеді ол бар адамды,
Өзіне жаратпайды қарағанды. (күн)

Көкшіл айна үйдегі
Көрсетеді киноны. (теледидар)

Топпен жұмыс
3 - жаттығу
І – топ
Сурет бойынша әңгіме құрастырып жазу. Сөйлемдерден тұрлаулы мүшелерді белгілеу.
ІІ - топ
Сурет бойынша өлең құрастырып жазу. Сөйлемдерден тұрлаулы мүшелерді белгілеу.
5 - жаттығу.
Өлеңді мәнерлеп оқыту.
Қандай? деген сұраққа жауап беретін сөздерді атату.
- Ол сөздер сөйлемнің қандай мүшесі болады? Тәрбие.орг сайтынан Сөйлем мүшелері Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жетписбаева Жумагул

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: Бастауыш сыныпқа арналған ашық саба, мүшелері, Сөйлем
Көрсетілім: 154 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar