Сөйлем мүшелері

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 472
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 13/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22807


Қазақ тілі
Тақырыбы: Сөйлем мүшелері
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушыларға сөйлем мүшелері туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға мүмкіндік туғызу;
2.Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу арқылы теориялық ойлауын, ауызша сөйлеу тілін дамыту;
3.Достыққа, ұйымшылдыққа, адамгершілікке баулу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрнекілік, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау.
Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа сабақ.
Мұғалім түсіндірмесі.
Оқулықпен жұмыс:
14-жаттығудағы өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу, өлеңдегі әрбір сөзге сұрақтар қойылады
Дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу
15-жаттығу.Сөйлемдерді көшіріп жазу.
Шекарашылап күзетте түрады.Олар еліміздің шекарасын қорғайды.Шекарашылар- ержүрек батырлар.
Ережемен жұмыс: ережені оқу, талдау, есте сақтау.
16-жаттығудағы екі сөзден құралған сөйлемдерді толықтырып жазу.
Асқар атпен келді. Дана доп ойнады. Қойлар өрісте жайылды. Құлын су ішті. Қыздар гүл терді.
17-жаттығу.Көшіріп жазу,әр сөйлемде неше сөйлем мүшесі бар екенін айт.
Мәлік Ғабдуллин-ғалым. Ол соғысқа қатысты. Өзінің ерлігімен ерекшеленді.Оған Батыр атағы берілді. Соғыстан соң олхалқына қызмет етті.
18-жаттығу .Жұмбақты оқып, шешуін тап.
Ү. Бекіту:
19-жаттығу. «Құрастырайық мақалдар!» ойынын ойнату. Ойынның шарты: сыныпты қатар бойынша үш топқа бөлу, әр топ өздеріне берілген сөздер бойынша мақал құрастырады. 1. Асырайды, тігіншіні, инесі. 2. Шәкірт, озар, ұстаздан. 3. Жан, жақсы, семірер, сөзден. Әр мақалда неше сөйлем мүшесі бар екендігін айту.
ҮІ. Қорытындылау
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 20-жаттығу 63- бет
ІХ. Оқушыларды бағалау Тәрбие.орг сайтынан Сөйлем мүшелері Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сагинбаева Назкен

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы №19 орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar