Сөйлем мүшелерінің байланысы

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 488
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 12/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 20974


Алматы облысы, Талғар ауданы, Талдыбұлақ ауылы,
Қапиза Әбдіғұлов атындағы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №34 орта мектеп-гимназиясы
бастауыш сынып мұғалімі Сагалова Нургул Армияевна
мҚазақ тілі. 3 сынып.
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелерінің байланысы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сөйлем мүшелерінің байланысын іс-жүзінде меңгереді.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттері, сөздік қорлары молаяды; мәнерлеп сөйлеуге , көркем жазуға үйренеді.
Тәрбиелік: Үлкендерді сыйлауға, өз тілін құрметтеуге тәрбиеленеді.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, әңгімелесу, жинақтау, сұрақ-жауап, бағалау.
Сабақтың көрнекілігі: кестелер, мақалдар, нақыл сөздер, қима қағаздар, оқулық.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Психологиялық дайындық:
Қайырлы күн болсын.
Сәрсенбінің сәті
Сәтілікке толсын.
Біздің алар бағамыз
Кілең бестік болсын!
– Қазір қандай сабақ екенін еске түсірейік:
Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.
3. Үй жұмысын тексеру: 82-жаттығу . Сөйлем мүшелерінің байланысын сызбамен көрсету.
4. «Бой сергіту» - ойыны.
Өткенді қайталау:
- Сөйлем нені білдіреді?
- Сөйлем нелерден тұрады?
- Сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады?
- Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
- Бастауыш деген не? – сұрақтары - ?
- Баяндауыш деген не? – сұрақтары -?
- Тұрлаулы мүшелер деген не?
- Тұрлаусыз мүшелер деген не?

5. Жаңа сабақ.
Дәптерлермен жұмыс. Бүгінгі күнді жазу.
- Көркем жазу минуты:

6. Бүгін сөйлем мүшелерінің байланысын анықтауды жалғастырамыз.

7. Оқулықпен жұмыс.
84 бет. 84-жаттығу .
1 қатар – 1-ші жұмбақты көшіріп жазады;
2 қатар – 2-ші жұмбақты;
3 қатар – 3-ші жұмбақты.

- Сергіту сәті:
Бір әріптің ізімен” ойыны
Ооо ,Әәә, Ккк , Жжж , Ддд, Ммм
Ойынның шарты: Сөйлем құрамындағы сөздер тек қана бірдей әріптен басталатын болуы керек. Сөйлем құрамында нақты сұрақтарға жауап беріп тұрған сөздер, сөйлемнің қандай мүшесі екенін анықтайды. Сөйлемді бір оқушы құраса, екінші оқушы талдау жасайды.
Мыс: Орман отқа оранды. Дәурен допты домалатты.Күләш кітапты көрді. Әлия әліппе әкелді. Жомарт жолмен жүрді. Мұғалім Медетті мақтады.
8. Ауызша . Өлеңді мәнерлеп оқу.
Ақша қар
Айналамда ұшып жүр
Ақ мамық қар себелеп.
Қалт-құлт еткен бейне бір
Ақ қанатты көбелек.
(Сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдау)

9. 86-жаттығу. Жазбаша жаттығу . Сөйлем мүшелерінің байланысын сызбамен көрсету.
Оқушылар келді.
Оқушылар сабаққа келді.
Балалар далада ойнап жүр.

10. 87-жаттығу. Өз бетімен жұмыс.
Мақал:
Ақыл жастан шығады,
Асыл тастан шығады.
(Мақалдың мағынасын ашу)

11. 88-жаттығу. Шығармашылық жұмыс
(Берілген сөздерден сөйлем құрап оқы.Сөйлем мүшелерінің байланысын тап)
1. Шөптің басы қалың қардан көрінбейді.
2.Қарағым, оқу оқы босқа жүрме!
3.Сұңқар шыңын сүйеді.

12. 89-жаттығу. Тақтамен жұмыс.
(Сөйлемдерді мағыналық байланысына қарай әңгіме шығатындай етіп жаз. Әңгімеге ат қой.)
• Балалар мұз айдынға келді.
• Жандос пен Гүлназ коньки теуіп жүр.
• Айжан мұнда бірінші рет келген еді.
• Ол әлі өздігінен коньки тебе алмайды.
• Оған достары көмектесті.
Қорытынды: - Сөйлем мүшелерінің байланысын қалай анықтауға болады? – Оқушыларға сөйлемдер жазылған парақшалар таратылады,оқушылар сөйлем мүшелеріне талдайды.
1. Оқушылар мектепке келді.
2. Назым тақпақ айтты.
3.Айгүл ұқыпты оқушы.
4. Марат балық аулады.
5.Біз ауылда тұрамыз.
6Мәлік доппен ойнады.
7.Анасы жұмысқа кетті.
8.Мен досыма көмектестім.
9.Қалада сәнді үйлер көп.
10. Аспанды бұлт торлады.
Үйге: 90-жаттығу , 85бет. (Көшіру, сөйлем мүшелерінің байланысын көрсету) .
Бағалау. Тәрбие.орг сайтынан Сөйлем мүшелерінің байланысы Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сагалова Нургул Армияевна

Пікірлер: 0

avatar