Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 497
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 24/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20684


Алматы облысы , Көксу ауданы, Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Қызыларық орта мектебі
Пәннің аты:
Қазақ тілі
4-сынып Уақыты: 5.12.2016ж Кабинет: 17 Мұғалім:
Кельменбетова Гүлжанат Жарқымбайқызы
Сабақтың атауы Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

Мақсаты

Бір сұраққа жауап беріп, бірдей тұлғада айтылған сөздердің сөйлемнің бірыңғай мүшелері болатынын түсіну, бірыңғай мүшелердің өзіне тән ерекшеліктерін табу.
Алған білімдерін тәжірибелік жұмыстарды орындау кезінде пайдалана алу; өз бетінше бірыңғай мүшелері бар сөйлемдер құрастыра білу.

Күтілетін нәтиже Тақырыптың маңыздылығымен танысады, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйренеді, тапсырмаларды дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыланады
Сабақтың түрі: жарыс сабақ
Сабақтың формасы: жаппай, топпен, жұппен, жеке
Әдіс - амалдар: Көрнекілік. түсіндіру, сұрақ - жауап, жаттығу, іздендіру, жүйелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, тірек сызбалар, оқулық суреттер.
Психологиялық ахуал - Армысың Туған жер!
- Армысың Жер - Ана!
- Армысың Алтын - Күн!
- Армысың Сен!
- Армысың Мен! Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту - Балалар біздің Отанымыз қалай аталады?
- Республикамыздың астанасы қай қала?
- Астана туралы не білесіңдер?
«Ғажапстан» еліне саяхатқа шығайық
Аружан мен Елдосқа көмектесейік. Видеоролик көру. «Білімпаз» атаның айтайын дегенін оқушыларға тапқызу. Өсімдік өсу үшін қажет нәрселер: топырақ, су, жылу, жарық, ауа. Бұл жерде біз сөйлемнің бірыңғай мүшелерін табамыз. Топқа бөліну үшін топырақ, су,ауа сөздерін пайдаланымыз.

Жаңа сабақ Топтарға топырақ, су, ауа жайлы білгендерін пайдалана отырып, бірыңғай мүшелері бар сөйлем құрату. Дәлелдеу.
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау
Дәптермен жұмыс
1,-жатығу ауызша орындалады.
2- жаттығу жаңа сабақты бекітуге арналады.
3- жаттығу тақтаға орындалады.

5- жаттығуды орындау кезінде келесі сабаққа дайындық жүргізіледі.
Сергіту сәті Жаттығулар орындау
Ой толғаныс

Қорыту 1. Орманда қайың, тал, терек, үйеңкі өседі.
2. Жылыжайда ақ, көк, қызыл, сары гүлдер өсірілуде.
3. Ақ қайың, құба тал, көк теректер өседі.
4. Өзен, көлдер – елдің, жердің берекесі.
5. Бидай мен арпа, жүгері мен күріш және тары – дәнді дақылдар.
6. Алтайдың қарлы шыңдарында бүркіттер де, ұларлар да мекендейді.
Тірек - сызбаны оқушылармен толтыру.

1 - ереже: Бір сұраққа жауап беріп, бірдей тұлғада айтылған сөздерді сөйлемнің бірыңғай мүшелері дейміз.
Бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойылады.
2 - ереже: Бірыңғай мүшелер жеке сөзден де, сөз тіркесінен де тұрады.

1. 2. ЕҚАШНА ӨКТРІІ АТЙПА.
2. БІЛМЕНІҢГЕДІ - БІЛНЕНГЕН СРҰА

«Кім шапшаң?» «Пирамида» құрастыр
А Ана
А – А------------- АлмА
А - - А-------------- АрттА
А - - - А --------------АстанА
А - - - - А--------------- АйдындА
А - - - - - А ---------------АтыраудА
А - - - - - - А ---------------АйдынындА
А - - - - - - - А---------------- АйшолпандА
А - - - - - - - - А
БББ кестесі

Білем Білдім Білгім келеді



Үйге тапсырма 4-жаттығу,79-бетте Күнделіктеріне жазу
Бағалау
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады Тәрбие.орг сайтынан Сөйлемнің бірыңғай мүшелері Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Кельменбетова Гүлжанат Жарқымбайқы

Алматы облысы , Көксу ауданы, Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Қызыларық орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar