Сұраулы сөйлем

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 150
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 24/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21271


Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы:2 «В»
Пән мұғалімі: Салманова Тымар Рахымбайқызы
Сабақтың тақырыбы: Сұраулы сөйлем
Мақсаты: 1.Сұраулы сөйлемге жаттығулар орындай отырып, ма,ме,па,пе,ба,бе бөлек жызылатыны жайлы түсінік беру.Хабарлы сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдырып жазуды үйрету.
2.Тілін, сөздік қорларын дамыту.
3.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: пысықтау сабағы
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер,слайдтар,кәрзеңке,стикерлер
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, постер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
2.Психологиялық дайындық
Күннен, жерден нәр алған
Біз - өмірдің гүліміз.
Қасиетті жұмада
Сәтті болсын күніміз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1.179- жаттығу.
2. 1- кәрзеңке Хабарлы сөйлем
2 -кәрзеңке Сұраулы сөйлем
Алманың артындағы сұраққа жауап беріп кәрзеңкеге салады.
ІІІ. Жаңа сабақ
Балалар біз кеше қазақ тілі пәнінен қандай тақырып өттік? Балалар «сұраулы сөйлем»,- деп жауап береді.Олай болса балалар жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз.Сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі қойылады.Сұраулық мағына беретін сөздер мыналар: кім?қашан? неге? қайда? Сұраулы сөйлем жасайтын көмекші сөздер ма,ме,ба,бе,па,пе бөлек жазылады.Апаң үйге келді ме?Айнұр сабаққа барды ма?
ІV. Дәптермен жұмыс.
Көркем жазу минуты.Бүгін біз Б әрпін көркем етіп жазайық.
V .Оқулықпен жұмыс.
180-жаттығу (ауызша орындайды) Өлеңді дауыс ырғағымен оқы.Сұраулық мағына беріп тұрған сөздерді тап.
Неге?
Бұлттар неге ауады?
Жаңбыр неге жауады?
Шағыл неге көшеді?
Жарық неге өшеді?
Маса неге шағады?
Жұлдыз неге ағады?
Орман неге шулайды?
Теңіз неге тулайды?
ҮІ. 181-жаттығу Хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдырып жаз.
1 топ Толқын кітап алды.
2-топ Ол көп оқиды.
3-топ Әжем ауылдан келді.

ҮІІ. «Адасқан сөздер» ойыны (182-жаттығу)
Ребус шешу арқылы орны ауысқан сөздерден «Кітапхана» сөзіне сөйлем құрау.
1.Кітапхана па ашық бүгін
2 Кітапханаға сен көрдің бе барып
3 Ертегі алдың кітапханадан кітап ба?
ҮІІІ. Сергіту сәті
1. Сыныпта бантик таққандар бар ма?
2. Галстук таққандар отыр ма?
3. Кеше ата-аналар жиналысына ата-анасы келмегендер бар ма?
4. Күнделікті сабаққа дайындалып келетіндер бар ма?
5. Жаттығуды тез жазатындар бар ма?
ІХ. Шығармашылық тапсырма (184-жаттығу)
Әріптерді сызық бойымен оң жаққаөткіз. Қандай сөз шығады, сол сөзге түсінік беру.
Қамқорлық- әдептіліктің бір түрі. Қамқорлық –көмек беру,ізетті болу, жақсылық жасау.
X. Қорытындылау
Топтық жұмыс (Сурет арқылы постер қорғау)
Әр топқа бірнеше сурет беріледі.Сол суретті қатыстырып сұраулы сөйлем құрайды.
XІ. Бағалау
Смайликпен

XIІ. Үйге тапсырма
183-жаттығу Ережені жаттау Тәрбие.орг сайтынан Сұраулы сөйлем Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Салманова Тымар Рахымбайқызы

Қызылорда қаласы №235 орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar