С.Сейфуллин Наурыз

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 396
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 18/Сен/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23102


Сабақ жоспары
Пәні: Әдебиеттік оқу
Тақырыбы : С.Сейфуллин. Наурыз
Сабақтың мақсаты : Наурыз өлеңін оқушылардың өз бетімен іздене отырып түсінулеріне мүмкіндік беру.
Сабақтың міндеттері :
- Өлеңнің мазмұны бойынша талдау жасау. Өлеңді сын тұрғысынан ойлап,талқылауға үйрету.
- Оқушылардың сөйлеу мәдениеттілігін,өз бетінше ой қорытып тұжырым жасай білу белсенділігін арттыру.
- Табиғатты қорғай білуге, адамгершілікке, ұжымшылдыққа тәрбиелеу;
Сабақтың көрнекілігі : Компьютер,оқулық, кубик, бағалау парақтары, үлестірме парақтар.
Сабақтың әдісі : «Блум таксономиясы »,СТО, топпен жұмыс
Сабақтың түрі : Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың барысы :
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа әзірлік, оқушы зейінін сабаққа аудару.
Балалар біздің бүгінгі сабағымыз күнделікті сабақтан өзгеше, өйткені бүгін ашық есік сабағы, біздің сабағымызға қонақтар қатысады. Сондықтан сендерге осы сабағымызға сәттілік тілеймін. Бүгін біз сендермен, жұпта, 4 топта бір-бірімізбен түрлі тапсырмалар орындайтын боламыз. Ал, әр топ басшысы топ мүшелерін бағалап отырады. Олай болса, достарымызды бір қуантып алайық.
Психологиялық дайындық :
Ұл-қыз сәлем береміз,
Өнегелі өренбіз.
Білер қазақ баласы:
“Сәлем -сөздің анасы”
Сыныбымызға қонаққа,
Көп ұстаздар келіпті.
Бәріне де ізетпен,
Біздер сәлем береміз.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
«Өлең жолдарын реттеу» әдісі арқылы М. Дулатовтың «Наурыз» өлеңі бойынша топқа бөлініп, үй тапсырмасын сұрау.

Міржақып Дулатов туралы қысқаша мағлұмат.
Ол - ақын, жазушы, педагог. Оның шығармалары ұлттық және әлеуметтік мәселелерге арналған. Өлеңдерімен тәуелсіздік үшін күресу керектігін насихаттап отырды. 30-шы жылдардағы сталиндік репрессияға ұшырап, 1928 ж. тұтқынға алынып, 1935 жылы қаза тапты. 1988 жылы 4 карашада толығымен ақталды. 1992 жылы 16 қыркүйекте ақынның сүйегі Карелия жерінен туған жері Торғай топырағына қайта әкелінді.
ІІІ. Мағынаны тану кезеңі
«Ой қозғау» әдісі арқылы оқушыларға «Көктем» мезгілі туралы бейнефильм көрсету.
-Бұл жылдың қай мезгілі?
-Жақсы олай болса мен сендердің «Көктем» мезгілі туралы тағы не білетіндеріңді білу үшін алдарыңа БББ кестесін тастадым. Соған білетін және білгілерің келгенін жазыңдар.
Бүгінгі жаңа сабақта Сакен Сейфуллиннің « Наурыз» өлеңін оқимыз.
Сакен Сейфуллин қазақтың көрнекті ақыны,драматург және қоғам қайраткері.
ІҮ. Жаңа сабақ: «Наурыз» өлеңін топта және жекелеп оқыту.Жаңа тақырыпқа байланысты постер құрату,талдау.Құрған постерлерін бағалау талаптары :
1.Тақырыптың қамтылуы
2.Топтың өз ұстанымының көрінісі
3.Постердің дұрыс құрылуы (кіріспе,дәлелдер,қорытынды )
4. Мағыналылығы
5.Өнімнің сыртқы көрінісі
Дәптермен жұмыс :
Өлеңде адам кейпінде берілген табиғат құбылыстарын (кейіптеуді )үлгі бойынша жазу.
Қайтеді ?
Жаз құшақтайды ,беттен сүйеді.
Су жүгіреді,былдырлайды.
Құстар шаттанады,жырлайды.
Мал жадырайды,
Сергіту сәті орындалады.
Ү. Білімді бекіту кезеңі
Блум кубигі әдісі бойынша әр топқа берілген тапсырма бойынша сұрақтар ойластырып,оны топ ішінде талқылап жауап береді.
1.Не үшін ?
2.Түсіндір.
3.Атап бер
4.Ұсын
5.Ойластыр
6.Бөліс
ҮІ. Қорыту кезеңі
Бес жолды өлең
1.Наурыз,көктем тақырыбына.
БББ кестесін толықтыру,қорытындылау.
Кері байланыс :
1.Сабақта маған ұнады
2.Не ұнамады
3.Менің ұсыныс пікірім
ҮІI. Бағалау
Үйге тапсырма: 239-240 бет жаттау. «Наурыз» тақырыбына эссе жазу. Тәрбие.орг сайтынан С.Сейфуллин Наурыз Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Аскарова Акерке Бериккалиевна

ШҚО Семей қаласы №35 жалпы орта білім беретін мектеп Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar