Сөз мағынасы

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 180
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 10/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 20919


Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағыналары
Сабақтың мақсаты: 1) Сөз және оның мағынасы туралы білімді қайталау, еске түсіру, толықтыру
2) Сөйлеу мәдениетін дамыту, шығармашылық қабілеттері арттыру.
3 ) Сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: кестелер, тірек сөздер, сөзжұмбақ.
Сабақ әдісі: сұрақ – жауап, дәлелдеу, түсіндіру, ойын, ой туғызу
Сабақ: аралас
І. Ұйымдастыру (психологиялық дайындық).
ІІ. 1. Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
- Сөз – дегеніміз не?
- Сөздер неден құралады?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
2. Берілген сөздерді мағынасына қарай топтастырып жазамыз.
Тау, сөйлеу, ағаш, ұялшақ, оқушы, әдемі, он жеті, тоғыз, жүйрік.
Сөздер мағынасына қарай сөз топтарына бөлінеді.
Қазақ тілінде 9 сөз табы бар.
3. Зат есім, етістік, сын есім, сан есім ережелерін еске түсіру.
4. Сөздердің мағынасын түсіндір.
Жол – жал – жыл – жел.
а ) Не байқадың? Қандай қорытынды жасауға болады?
Сөз құрамындағы бір дыбыстың өзгеруінен сөздің мағынасы өзгереді?
ә ) Сөздің соңғы дауыссыз дыбыстарын өзгертіп жаңа сөз жаса.
(жоқ, жан, жыр, жем )
Антоним, омоноимғ, синоним сөздерге мысал келтір.
Көркем жазу минуты
Р р Рр Рр Рр Рр
Раушан Риза Рүстем
радио рельс реттеуші
Жаңа сабақ « Сөз және оның мағынасы»
Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу 92-бет
3-жаттығу 92-бет
Сергіту сәті. Сөзжұмбақ «С - дан басталатын 8 сөз»
1. Сұйық зат (су)
2. Заттың атауы (сағат)
3. Дақыл атауы (сұлы)
4. Облыс атауы (Семей)
5. Қарудың бірі (семсер)
6. Жоғарғы оқу оқушысы (студент)
7. Жыртқыш аң (слеусін)
8. Студентке төленетін ақы (степендия)
Тақтамен жұмыс
а) Сөйлемдерді түсініп оқы.
ә) Қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндір
Сөз туралы қандай мақал - мәтелдер білеміз? Еске түсірейік.
Жасырынған мақалдарды берілген алғашқы дыбыстары арқылы оқып көрейік.
1. С...- с... ө..., т... е... ө. Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді.
2. А... с..., а.. о... т... Айтылған сөз, атылған оқпен тең.
3. м...- с... к... Мақал - сөздің көркі.
ІІІ. Рефлексиялық жаттығу.
Бүгінгі сабақтан алған әсерін, жетістігін айтып, өзін - өзі бағалауға мүмкіндік беру.
3 - 4 оқушының өз жазғандарын топтап талдап, талқыға саламыз. (сын айтуға болмайды )
Сонымен біздер бүгінгі сабақта не туралы айттық?
- Сөздер туралы не білдік?
Үйге тапсырма Тәрбие.орг сайтынан Сөз мағынасы Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Тлегенова Шолпан Максутовна

БҚО Тасқала ауданы Тасқала ауылы ЖОББ Қ.Сәтбаев атындағы мектебі бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar