Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Сөз құрамы
  • 31.08.2016
  • 310 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19418

Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілінен алған білімдерін тереңдету.
Сабақтың мақсаты: 1) Оқушылардың білімдерін тереңдету,ойда қалғандарын нақтылау,қабілеттерін дамыту.Оқушыларды таза,әдемі жазуға баули отырып,эстетикалық сезімдерін тәрбиелеу.
2) Оқушылардың ойлау,байланыстырып сөйлеу дағдыларын,шығармашылық қабілетін дамыту.
Техникалық құралдары:слайдтар,интерактивті тақта.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа психологиялық дайындық жүргізу. Біз бақытты баламыз, Күнде бестік аламыз. Қуанады бізбен бірге, Үйде ата-анамыз Ортақ ұран-бірге болу, Мақсатымыз-білім алу Болашаққа бірге бару. 2.Дыбыс деген не? Суретті сөзжұмбақ «жеміс-жидек».
Сөздерге дыбыстық талдау жасау. 3.Сөз құрамы нешеге бөлінеді? Дәріханаларда,оқушылары,кітапханашыға осы сөздерді сөз құрамына талдау. 4.Сөз мағынасына қарай нешеге бөлінеді? Мысал келтіру. 5.«Ойлан тап»ойны.Жолдастар сөзінен қандай сөз құрастыруға болады? Жол,ата,дос,тас,адал,жолдас. 6.Сөйлемнің қандай түрі бар? Хабарлы сөйлем,сұраулы сөйлем,лепті сөйлем. Мысал келтіру. Сөйлем нешеге бөлінеді? Жалаң,жайылма сөйлем деген не? Мысал келтіру.Сөйлем мүшесіне талда. 7.Шығармалық жұмыс.(тақтаға жазу) Жылына күн бастады.Ұшып құстар жақтан жылы келді.Құстарды балалар алды қарсы.Ұяға құстар жайғасты. 8.Сөз таптарын еске түсіру. Зат есім,сан есім,сын есім,етістікке бір-бір сөз ойлап,сөйлем құрау. Қыз,әдемі,үш биледі – Үш әдемі қыз биледі. Бір,сиыр,ала,мөңіреді – Бір ала сиыр мөңіреді.

9.Сергіту сәті.Сөз жұмбақ.Байлықтар аралы.


10.Кім тез.Семантикалық карта.
Сөз таптары Зат есім Сан есім Сын есім Етістік
Өзен +
Сары +
Жиырма екі +
Үш +
Дәрігер +
Кітап +
Үлкен +
Шаш +
Сөйледі +
Тәтті +
Жүгірді +
Мың +
11.Зат есімнің тәуелденуіне байланысты сөздерді тәуелдету. 12.Етістік туралы сұрау. Мысал келтіру (дара,күрделі) Суретпен жұмыс.Әңгіме жазу,морфологиялық талдау жасау.

13.«Артық сөзді тап» Көк,дәмді,алма,дөңгелек, -сын есім Оқып отыр,жазды,қызыл,жүгірді, -етістік Тас,күлді,бала,қалам, -зат есім Алты,жеті,ащы,жиырма бес, -сан есім 14.Сын есім туралы сұрау. Негізгі,туынды сын есім.Негізгі және туынды сын есімге мысал келтір. Мына сөздерге сын есімді тауып жаз.
Алма Тамақ Көйлек


15.Мақал айту жарысы. 16.Тест жұмысы. 1-«Кімдер?» сұрағына жауап беретін сөздерді тап. а)бұтақтар,текелер ә)ұлдар,күзетшілер б)теңізшілер,қаламдар в)шағалалар,орманшылар 2-Зат есімнің көптік жалғауларын көрсет. а)–ның,-нің,-дар,-дер,-ің,-іңіз ә)-ым,-ың,-лар,-лер,-дың,-дің б)–лар,-лер,-дар,-дер,-тар,-тер в)–мың,-сың,-сіз,-тар,-тер 3-Мына сөздерге жалғанатын сөздерді көрсет. Тауық,кітап,балық,қарындас. а)–лар ә)-лер б)-тар в)-тер 4-Дара етістікті тап. а)кел,айтып берді ә)сөйле,ойнап жүр б)әңгімелесіп отыр,бара жатыр в)келмекпіз,басқарып тұр 5-Болымсыз етістікті көрсет. а)дауыста,жыртпа ә)барғалы отыр,көшір б)сынама,ширатпа в)шығар,тоқта 17.Қорытындылау. Тәрбие.орг сайтынан Сөз құрамы Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Кулсугурова Қаламқас

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Хлебодаровка орта мектебі бастауыш класс мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар | Логин: Aldanaeva76
Көрсетілім: 310 | Жүктеулер: 1
Барлық пікірлер: 0
avatar