Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Сөз және оның мағынасы
  • 13.01.2017
  • 93 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20990

Койбасова Рауза Кизатбековна
Бастауыш сынып мұғалімі
«М.Таипов атындағы орта мектебі МДШО» КММ
Алматы облысы Ұйғыр ауданы Кіші Дихан ауылы

Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағынасы.

Сабақтың мақсаты:Білімділік: Сөз және оның мағынасы тақырыбын пысықтау, сөздерді мағынасына қарай сөйлем ішінде орынды қолдана білуге үйрету;

Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту;

Тәрбиелік: Зейінділікке тәрбиелеу;
Әдісі:Топтық жұмыс,жұптық жұмыс, жұмбақ шешу,т.б.
Көрнекілігі: интерактивтік тақта,карточкалар,т.б.

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар. Бүгін ерекше күн. Ендеше сабағымызды өлең жолдарымен бастайық.

Психологиялық дайындық.

Қаның, жаның – тіліңде,

Арың, нәрің – тіліңде.

Ұмтыл оны білуге.

Тілден алып ғибрат,

Құлшынасың білімге.

ІІ. -Балалар, бүгінгі біздің сабағымызға Білгішбектен арнайы хат келіпті. Бұл хатта не жазылғанын тақтадан оқи аламыз. Барлығымыз тақтаға назар аударайық.

Білгішбектен хат.

Балалар, сендер кез келген сөз не заттың, не қимылдың, не сапаның, не санның атауы екенін жақсы білесіңдер. Дүние,әлем туралы білімдеріңнің мол болуы сөз мағынасымен тікелей байланысты. Сөздің мағынасын дұрыс түсініп, білетін болсаңдар, қоршаған ортаны да жақсы біліп танисыңдар.

ІІІ. -Балалар,бұл хатты оқыған соң қандай түйінге тоқталуға болады? Сөз мағынасының түрлері жайлы не айтуымызға болады?

Сөз мағынасының
түрлері

Мағынасы мәндес,жуық сөздер.

Мағынасы қарама-қарсы сөздер.

Дыбысталуы бірдей, мағыналары әр басқа сөздер

-Балалар,осы сөз мағынасының түрлеріне мысал келтіріп жазайық. Оқушыларға қағаз таратылады. Әр топ бірігіп жұмыс жасайды.

1 топ. Мағынасы мәндес,жуық сөздер.
2 топ. Мағынасы қарама-қарсы сөздер.

3 топ. Дыбысталуы бірдей,мағынасы әр басқа сөздер.
Әр топ өздерінің жазған сөйлемдерін оқып,қорғайды.

ІҮ. Топтық жұмыс.Тақтаға сөздер беріледі, оқушылар жазады.

1 топ. Мағынасы мәндес, жуық сөздер.

2 топ. Мағынасы қарама-қарсы сөздер.
3 топ. Осы сөздердің арасынан 3 сөйлем құрайды.

Оқушылар жазғандарын оқып қорғап,дәлелдейді.

Ү. «Мағыналас сөздерді тап» ойыны. Бұл ойында оқушылардың алдына парақ таратылады. Парақтағы сөздерге мағыналыс сөздерін жазады. Болған топ мүшесі тақтаға жазады. Қатесін басқа топ мүшелері тексереді, қатесіне қарай топты бағалайды.

ҮІ. Жұмбақ шешу. Мұнда қарамен жазылған сөздердің қарама-қарсы мағыналы сөздермен ауыстырып, жұмбақтың шешуін табады. Жұмбақтың шешуіне 5 жолды өлең жазады. Дұрыстығын тексеріп басқа топтар бағалайды.
І топ. Жақыннан әкеп хабарды,
Ренжітер барлық адамды
ІІ топ. Жеңілдікпен аршылар
Көзіңнен жас тамшылар.
ІІІ топ. Аяғыңа - алсаң шешен
Ақылы асқан көсем.

ҮІІ. Сергіту сәті.

«Бір әріптің ізімен» ойыны. Мұнда берілген әріптерден сөйлем құрап жазамыз.
Мысалы: Жжж Жарас жақсы жігіт. Ыыы Ырысты ыдысты ысты.

ҮІІІ. «Кім шапшаң» ойыны. Бұл ойында оқушыларға мақал оқимын,оқушылар ішінен қарама-қарсы сөздерді тауып оқиды.

ІХ. «Лездеме » ойыны. Бұл ойынның шарты:мұғалім сұрақтар оқиды,оқушылар тез жауап берулері қажет.

Х. Бағалау. Бәрекелді балалар,

Бәріңе жақсы баға бар

Азамат боп өсіңдер

Ел қадірін біліңдер.

ХІ.Сабақты қорытындылау. «Үш - ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деп қазақтың ұлы ақыны Абай атамыз айтқандай, «барлықтарыңда болашақта ақылды, қайратты, жылы жүректі азаматтар мен азаматшалар болыңдар» деп бүгінгі сабағымды аяқтаймын. Тәрбие.орг сайтынан Сөз және оның мағынасы Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Абдрасулова Гульчихра Абушовна

"М.Таипов атындағы орта мектебі МДШО" КММ

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар | Логин: 123г321 | Ілмек сөздер: оның, Сөз, және, Бастауыш сыныпқа арналған ашық саба, мағынасы
Көрсетілім: 93 | Жүктеулер: 1
Барлық пікірлер: 0
avatar