САБАҚ

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 977
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 06/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18485


Сабақтың тақырыбы:Сабақ.
Сабақтың түрі: Жаңа ұғым беру
Сабақтың мақсаты:1.Оқушылардың сабақ және оның қызметі туралы ұғымдарын қалыптастыру, сабақтың түрлерімен таныстыру
2. Оқушылардың білімге деген белсенділігін арттыру, мәтінмен жұмыс істеуге, жорамал жасай білуге үйрету
3. Табиғатқа ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.
Жұмыс түрі: жұппен жұмыс, талдау-жинақтау, әңгімелесу, бақылау.
Қажетті құралдар: 1 литрлік 3 шыны ыдыс,3 гүл,3 түсті бояу,су, қайшы.
Пәнаралық байланыс: өзін-өзі тану, ана тілі, бейнелеу
Проблемалық сұрақ: Өсімдікке сабақ неге керек?
Сабақтың барысы: І.Психологиялық дайындық-Кәне, балалар бәріміз ортаға шығайық. Енді бір-біріміздің қолымыздан ұстап шеңбер құрайық. Бұл шаттық шеңбер. Шаттық шеңбер бойына тек бір-біріне жақсы тілек тілейтін адамдар ғана жиналады.
Жұмсақ ойыншық жүректі алып:-Әрқайсымыздың осындай жұмсақ жүрегіміз бар. Әр адамның жүрегінің үлкендігі қолын жұмғандағы жұдырықтай. –Кәне, жүрегіміздің қандай екенін көрейікші! Егер қуансақ жүрегімізде қуанып, күлімдеп тұрады. Ал ренжісек жүрегіміз жабырқап қалады екен. Бар жақсылық, қуаныш біздің жүрегімізден таралады. «Сүйіспеншілік-жүректен» деген халық даналығы осыдан шықса керек.
• «Күн мен гүл» тренинг. Күн-Жердегі ең басты табиғи жылу көзі.
ІІ.Ойланып көрейік, жауабын берейік.
«Өсімдік тіршілігі» тарауы бойынша алған білімдерін, ой-пікірлерін ортаға салу.
1.Өсімдікті неге тірі организм дейміз? (Өсімдіктің тірі организм екенін дәлелдеу) Нұрбергенқызы Дилара
2.Қандай өсімдік топтарын білеміз? (Мысалдар келтіру, Арша-ағаштың анасы) Ерболатқызы Назина
* «Біліміңді сына» жұптық жұмыс. Ағаштарды қызыл, бұталарды көк, шөптектес өсімдіктерді жасыл карандашпен айналдырып сыз.
3.Тұқымнан өсімдік қалай өседі? (Тәжірибе қорытындысы, бақылау нәтижесі) Әбділла Ершат, Мырзанов Төрехан
4. Өсімдікке тамыр не үшін қажет? (Тамырдың өсімдік үшін маңызын ұғындыру) Қабижанова Ғазиза
ІІІ. Сергіту сәті: «Ғажайыпстанға саяхат»
ІV. Жаңа материалды оқу
1.Қызығушылығын ояту: «Құрастыру ойыны».
-Өсімдіктің жер асты бөлігі?
-Өсімдіктің тамырға бекіген жер бетіндегі бөлігі?
-Сабаққа өсімдіктің қандай бөлігі орналасады?
2.Мағынаны тану: Сабақ-өсімдіктің жер бетіндегі бөлігі. Сабақта өсімдіктің басқа бөліктері: бұтақ, жапырақ, гүл, жеміс, тұқым орналасқан.
Сабақтың түрлері: таңқурай, қарақат-сабағы тік, құлпынай-жерге төселіп өседі, ағаштар-сабағы қатты, тік, дің деп аталады, кейбір сабақ қатты болса, енді бірі жұмсақ иілгіш келеді. Кейбір сабақтар белгілі бір жағдайға бейімделіп өседі.
• Сен білесің бе? Сабақтың белгілі бір бөлігінде буындар болады. Жапырақ, бүршік, бұталар осы буында пайда болады. Ал олардың арасын кеңістік буын, буынаралық деп атайды екен.
3.Тәжірибе жұмысы. Сабақ қандай қызмет атқарады?
Қажетті заттар: 3шөлмек ыдыс, 3ақ гүл, 3 түрлі бояу, су, қайшы.
1.Шөлмек ыдыстарды суға толтыр.
2.Әр шөлмекке бояу салып араластыр.
3.Гүлдің сабақтарын тегістеп қи.
4. Гүлдерді әр шөлмекке сал.
? Қорытындысы қандай болады деп ойлайсыңдар? (Қоректік заттар тамырдан сабақ арқылы өсімдіктің басқа бөліктеріне барады).
V.Білімді бекіту: Жұптық жұмыс. Құмырадағы гүлдерді бояу, қорытынды жасау.
VІ. Сабақты қорыту: Рефлексия
1. Бүгінгі сабақ ұнады ма?
2. Сабақта не қызықтырды?
3. Сұрағың бар ма?

«Өсімдіктер әлемі» деректі фильм. Өсімдіктер әлемі- таусылмайтын қазына.

Нулы, сулы болмаса қоныс әсем болар ма?
Орман, тауы болмаса жердің көркі болар ма?
Тоғайы қалың болмаса өзеннің көркі болар ма?
Жайқалмаса жапырақ талдың көркі болар ма?
Көк шалғыны болмаса өлкенің көркі болар ма?
Тобылғылы болмаса сайдың көркі болар ма?
Бұл табиғаттың таңғажайып көркі-өсімдік екендігін айқындай түседі.Туған жердің табиғатын аялы алақанмен аялау, оған деген қамқорлығын аямау халықтық өнеге, әрі өшпес мұра. Тәрбие.орг сайтынан САБАҚ Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сейт Нұргүл Мырзанқызы

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Кемерши ауылы Қ Жазықов атындағы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar