Сабақтың тақырыбы: «Кітап – білім бұлағы»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 253
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 15/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20033


Сабақтың мақсаты: 1 . Кітаптың адам өміріндегі орны туралы түсінік беру;
2 . Кітапқа деген оқушылардың қызығушылықтарын
арттыру, сөйлеу мәнерін дамыту;
3 . Оқушыларды кітапты сүюге баулу, кітапты күтіп
ұстау ережелерін білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: саяхат сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, әңгімелеу,
Сабақтың көрнекілігі: балалар әдебиетінен кітап көрмесі, ертегілер әлеміне
саяхат
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Жаңа сабақ.
Оқушыларды сабақ түрімен және мақсатымен таныстыру.
Мұғалім: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін біздерде ертегілер әлеміне саяхат жасау сабағы өтеді. Бүгін біздер үшін айрықша күн. Бүгін сендер, яғни, мектеп кітапханасына жазылмаған балалар, оқырман болып қабылданасыңдар. Мектеп кітапханасына қонаққа қош келдіңіздер!
Кітапхана сөзінің мағынасы нені білдіреді? Ол араб тілінен енген сөз, жазу қоймасы деген мағынаны білдіреді.
Білесің бе кітап білім ұясын,
Келесің мұнда, өмірге азық жиясың.
Оқып біліп, зерттеп көріп санаңа
Терең білім, ой маржанын құясың.
Дейді ойшылдар «Кітап – білім бұлағы»,
Кітапхана - сол кітаптар тұрағы.
Көп үйреніп, көп оқыған баланың
Анық тағы білімпаз боп шығары.
Кітаптар кітапханада тек қана сақталмайды, олар мұнда өмір сүреді және өздерінің оқырмандарына қонаққа барады. Сондықтан олардың іші пыспасын десеңдер оқуға алған кітапты мерзімді уақытында қайтару керек. Өйткені оларды басқа балалар да тосады.
Кітап – ол ең жақын дос, егер сен оны шынымен жақсы көрсең. Тәрбие.орг сайтынан Сабақтың тақырыбы: «Кітап – білім бұлағы» Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Лабакова Улболсун Мендибаевна

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, "№21 жалпы білім беру орта мектебі" КММ бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar