Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Сабақтың тақырыбы: С. Торайғыров «Кедей», Ш. Мұртаза «Интернат қоймасы»
  • 07.01.2017
  • 47 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20871

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (23.6Kb)

«№188 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
3 «Г» сынып жетекшісі Қайыпова Перизат Әлімқадырқызы
Сабақтың тақырыбы: С. Торайғыров «Кедей», Ш. Мұртаза «Интернат қоймасы»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: С.Торайғыров пен Ш. Мұртазаның өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру. Оқушыларға Тұрар Рысқұлов өмірі жайлы 2 класта оқығанды еске түсіре отырып, Шерхан Мұртазаның «Интернат қоймасы» әңгімесін түсініп оқуға, жеткізе білуге үйрету.
Дамытушылық:Сөйлемді дұрыс құруға, ойлау, ойын тиянақтап жеткізе білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік:Шыншылдыққа, батылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақтың көрнекілігі:С. Торайғыровтың, Ш. Мұртазаның портреттері тақырыпқа қатысты суреттер, слайд.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, талдау, өздік жұмыс.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, түгендеу. Назарларын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық.
Мен атқан таңды сүйемін,
Шуағын шашқан күнді сүйемін,
Аялаған табиғатты сүйемін,
Қоршаған бар әлемді, өзімді сүйемін.
- Өзімізді сүйсек, бүгінгі пәнді де сүйіп, жақсы білім үйренейік.
ІІ. Мақсат қою: С.Торайғыров пен Ш. Мұртазаның өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру. Оқушыларға Тұрар Рысқұлов өмірі жайлы 2 класта оқығанды еске түсіре отырып, Шерхан Мұртазаның «Интернат қоймасы» әңгімесін түсініп оқуға, жеткізе білуге үйрету.
ІІІ. Материалды түсіндіру кезеңі:
Ой қозғау:Халық басына түскен ашаршылықты бір отбасының тағдыры арқылы аша білген Б.Майлин:
Жырлағаным –кедейдің жыры,
Сырлағаным-кедейдің сыры.
Сырым да бір, жырым да бір-
Мен дағы сол кедейдің бірі, -дейді.
- Бұл өлеңде қай сөз қайталанып тұр?
- Кедей.
- Бүгін біз, С.Торайғыров «Кедей» поэмасынан алынған үзінді өлеңмен танысамыз.
Өмір баяны. Қазақ халқының XX ғасыр басындағы аса көрнекті тұлға, Абай атамыздың дәстүрін жалғастырған ақын Cұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 28 қазан күні Солтүстік Қазақстан облысының Уалиханов ауданында дүниеге келеді. Балалық, жастық шағы Баянауылда өтеді. Арғы атасы Торайғыр би болған, шешендігімен әділдігімен ел арасында аты аңызға айналған. Өз заманының ірі тұлғасы болған. Мұқан,Тортай деген молдалардын сауатын ашады. Ақын 27 жасында 1920 жылы 21 мамырда ауыр науқастан қаза табады. Жасөспірімдік шағын есептемегенде небәрі 10 жылдың ішінде кейінгі ұрпаққа мол мұра қалдырды. Ол өз өлеңдерінде адам болудың , оқу -білімнің құндылығын арқау етті.
Мағынаны тану.Өлеңді оқып, мағынасын түсіндіру
Кедей
Күзгі түн, шөптің басын қырау көмген,
Ызғар шашып, бұлт мынау жерге төнген
Қараңғы, ит пен бірге қой күзетіп,
Мен ояу, ел ұйқыда, оттар сөнген
Ұзақ түн, жолдасым жоқ иттен басқа,
Бүтін киім менде жоқ жаурамасқа.
Бір бүтін, кірсіз киім кигенім жоқ,
Туғаннан, міне шықтым, талай жасқа.
Оқулықпен жұмыс.Іштей оқу, жалғастыра оқу, тұтас оқыту.
Сұрақ:
- Бұл өлеңді ақын неліктен «Кедей» деп атаған?
- Кедей деп кімдерді атаған? Жыртылған, тозған бүтін киімі жоқ, қара судан басқа ішер асы жоқ адамдар.
- Кедейдің ауыр өмірін қалай бейнелеген? Қараңғыда итпен бірге қой күзеткен, ел ұйқыда жатса мен ояумын делінген, бүтін, кірсіз киім кимесем де талай жасқа шыққаны туралы айтылған.
- Бұл оқиға қай кезде болған?
- Аштық, кедейлік мүлде болмас үшін не істеуге болады? Мысалы: менің ойымша еңбек ету керек.
- Кедейдің қандай құқығы қорғалмады? Бай еңбек ақысын төлемеді, кемсітті, менсінбеді.

Дәптермен жұмыс:
І қатар: Өлеңнен кедейдің аянышты кейпін бейнелейтін сөздерді теріп жаз. Сөздік тіркес: ызғарлы түн, жалғыздық, жаурағаны сонша, бүтін киімі жоқ, қой күзетті.
ІІ қатар: Бес жолды өлең.
1.Кім?-Кедей
2.Қандай?- Аянышты, жұпыны,
3.Не істеді?-Қой бақты.
4.Не үшін?- Күнін көру үшін.
5.Жалпы ойды түйіндеу-жоқшылық-түріндегі өлең шықты.
ІІІ қатар: Өлең мазмұнын қара сөзбен жазу.
Ортақ тапсырма. Тақырыпқа байланысты мақалдар айту.
1.Тауда туған құлынның
Екі көзі таста болар,
Ашаршылықта туған баланың,
Екі көзі аста болар...
2. Кедеймін десең, көшіп көр.
3. Кедейге өлең айтқан да шығын.
4. Жаз киімін қыс киіп,
Кедей қайдан байысын.
5. Ұры бір түнде бай,
Бір түнде кедей.
6. Кедей байға жетсем дейді, бай құдайға жетсем дейді.
7. Кедейдің қолы қысқа.
8. Тоқ бала аш баламен ойнамайды,
Тоқ кісі аш қалам деп ойламайды.
9. Арық атқа – қамшы ауыр.
Жыртық үйге – тамшы ауыр.
10. Қарнымның ашқанына жыламаймын,
Қадірімнің қашқанына жылаймын.
11. Екі бай құда болса - арасында жорға жүреді,
Екі жарлы құда болса - арасында дорба жүреді,
Бай мен жарлы құда болса - айырылыса алмай зорға жүреді.
12. Үркер жиылып - ай болмас,
Кедей жиылып – бай болмас.
13. Жаман болатын жігіт, шегіншек келер,
Кедей болатын жігіт, еріншек келер.
Рефлексия.Аштық жылдары: 1921-1922 жылдардағы аштық,1930-1932 жылдардағы аштық. Болу себептері 1921 жылы жазда куаңшылық болып, малдың 80%-ы кырылды. Астық мол болған аймақтардан азық-түлік отрядтары орталыққа ауылшаруашылық өнімінің 80%-н әкетті. Мал шаруашылығы күйзелісті шығынға ұшырады.1930-1932 жылдардагы аштық тарихта «ұлы жұт» атанды.
«Атадан асыл ұл туса, елінің қамын жейді»,- деп халық даналығында айтылғандай, қазақ халқы тарихында елі үшін еңіреген, халқы үшін күңіренген ұлдар аз болған жоқ. Солардың бірі Тұрар Рысқұлов. Мінекей балалар кедейшілік болмасын деп Қазақстанда болып жатқан аштық, оның себептері туралы Сталинге ашық хат жазған алғашқы адам Тұрар Рысқұлов еді. Тұрардың хатында былай делінген:
«Осы мақсатпен мен ВКП (б) Орталық Комитетіне осы баяндау хатты жаздым. Ондағы мақсат – бұл мәселеге басшы жолдастардың назарын жете аударып, Қазақстанға көмектесу. Сіз мені Қазақстанның ішкі істеріне қол сұққысы келеді екен деп ойлап қалмаңыз, мен қойылып отырған мәселе тек Қазақстан тұрғысынан ғана емес, сонымен бірге жалпы мемлекеттік тұрғыдан да айрықша маңызды болғандықтан, бұл мәселе жөнінде ВКП (б) Орталық Комитетіне жазып отырмын.Сіз осы баяндау хатпен танысып, онда айтылған ой - пікірлерді ескереді деп үміт етемін».
Коммунистік сәлеммен Т. Рысқұлов

Т. Рысқұлов 1894 жылы 26 желтоқсанда Жетісу облысы дүниеге келген. Т. Рысқұлов революционер, көрнекті мемлекет, қоғам қайраткері. Т. Рысқұлов халқын шексіз сүйген патриот.1937 - 1938 жылдары Т. Рысқұлов қуғын - сүргінге ұшырады. 1937 жылы мамыр айында «Халық жауы» деген жаламен қамалады.1938 жылы 10 ақпанда Т. Рысқұлов ату жазасына кесілді.

Ой – қозғау: Есіңе түсір. «Қызыл жебе» романы жайлы 2 класта қандай үзінді оқыдық?
Ендеше осы романның «Бала Тұрар» тарауы бойынша Тұрар бейнесін ашу мақсатында білімімізді ортаға салайық. (« Бала Тұрар» Шерхан Мұртаза) «Қызыл жебе» мәтінін талдау.
- Мәтіннің кейіпкерлерін ата: Рысқұл Тұрардың әкесі, Тұрар Рысқұлдың баласы, И. Владимирович – мұғалім. Атамырза – Айбар мырзаның ұлы
Берілген сұрақтар бойынша шығарма мазмұнын еске түсіру:
- Мұғалім тұрардың дәптерінен нені байқады?
- Тұрар дәптеріне не деп жазды?
- Тұрарды тақтаға не үшін шығарды?
- Күлкі шақырған не нәрсе?
- Тұрардан соң тақтаға кімді шығарды?
- Мұғалімнің бағасы қандай?
Енді Шерхан Мұртаза туралы айтамын: 1932 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ топырағында туған. Әкесі Мұртаза 1937 ж. сталиндік репрессияның құрбаны болып кетті.Қазақ КСР - нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстанның Халық жазушысы.

Оқулықпен жұмыс:
Мәтінді түсініп оқу, оқушыларға оқыту, тізбектей оқыту
Ой – қозғау:
- Әңгіме кім туралы?
- Тұрар неліктен Серікті сұраққа алды?
- Серік неліктен шындықты айтты?
- Тұрар мен Қабылбек қандай шешімге келді?
- Сен олардың орнында болсаң не істер едің?
Түсініксіз сөздермен жұмыс.
Интернат - алыстан қатынап оқитын балалар жататын үй.
Қойма - азық - түлік сақтайтын жер
Мүсәпір – қорқып
Қағілез бала – шапшаң, кек сақтамайтын,

ІҮ. Жаңа сабақта түсінгенді тексеру кезеңі:
а) Мәтіннің соңғы жолын қайталап оқы.
Шайқас – бұл жұдырықтасып төбелесу емес, ұрмай - соқпай, адамның жүрегін жарлайтын сүйектен өтетін ауыр сөз соққы болады екен. Кімнің әділ екенін, кімнің арам ойы бар екенін Тұрар енді түсінгендей болды. Тұрар елі үшін еңіреген, халқы үшін күңіренген қаза халқының баласы болған екен.
ә) Балаларға сипаттама бер.
Тұрар: кедей, жақсы оқитын оқушы, ақылды
Серік: ақ көңіл, шапшаң, Атамырзаның айтағында жүрген адам
Қабылбек: кедей, Тұрардың қасындағы бала
б) Іс - әрекетіне баға бер.
в) Әңгімеге басқаша ат қой.
г) Неге олай ат қойдың дәлелде.

Ү. Бекіту кезеңі:
«Адасқан сөздер» ойыны.Мақал құрастыру, мағынасын ашу.
Бірінші баласы ашаршылықта өледі бай.
Ашаршылықта бай баласы бірінші өледі.
- Сендер туған жер, Отан, еңбек туралы қандай мақал - мәтелдер білесіңдер? Қане есімізге түсіріп көрейік.
ҮІ. Үйге тапсырма беру кезеңі:
- Мәтінді оқу.
- Тұрар неге Сталинге хат жазды деп ойлайсыңдар? Ойланып келу.

Бағалау. Жұлдызша, төртбұрыш, үшбұрыш (геометриялық фигуралар) арқылы бағалау. Тәрбие.орг сайтынан Сабақтың тақырыбы: С. Торайғыров «Кедей», Ш. Мұртаза «Интернат қоймасы» Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Қайыпова Перизат Әлімқадырқызы

Алматы қаласы Наурызбай ауданы № 188 жалпы білім беретін мектеп Бастауыш сынып мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар | Логин: ramila_67a
Көрсетілім: 47 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar