Салауатты өмір салты

  • Жүктеулер: 9
  • Көрсетілім: 1004
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 10/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18578


Сабақтың мақсаты: оқушылардың бойына салауатты өмір салтын дарыта отырып,
зиянды әдеттерден аулақ болуды түсіндіру, насихаттау.
Міндеттері:
- жаман әдеттерден туатын аурулар туралы білімдерін жетілдіру.
- өмірге, адамзат ұрпағына деген аяушылық сезімін ояту, аурудың
алдын алуды үйрету.
- тәні де, жаны да таза, әрі сау болашақ ұрпақты тәрбиелеу.

Әдісі: шаттық шеңбері, әңгімелесу, мәтінмен жұмыс, дәйексөз, шығармашылық
жұмыс, тапсырма

Оқушылар ортаға шығып денсаулық туралы мақал мәтелдер айтады:

- Дені саудың – жаны сау
- Денсаулық – зор байлық
- Аурудың жақсысы жоқ,
Дәрінің тәттісі жоқ.
- Ауру аздырады,
Суық тоңдырады.
- Ауру кісі күлкі сүймес,
Ауыр жүкті жылқы сүймес.
- Ауру батпаңдап кіріп,
Мысқылдап шығады.
- Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің.
- Ұйқы - тынықтырады,
Жұмыс шынықтырады.

Барлығы:
Байлық - байлық емес,
Бар байлығым-денсаулық
Бар өмірім – денсаулық! Тәрбие.орг сайтынан Салауатты өмір салты Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Кенжетаева Шолпан Сереккановна

ШҚО Бесқарағай ауданы Қарабас ауылы Семеновка орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar