Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Салыстыру. Теңдік. Теңсіздік
  • 30.11.2016
  • 655 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20290

Қысқа мерзімді жоспар
САБАҚ: Салыстыру. Теңдік. Теңсіздік.
Мектеп: №23 мектеп-гимназия
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Әбдікерім Гүлнар Сәлімқызы

СЫНЫП:2 «ә» Қатысқандар:
Қатыспағандар:
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу (мақсаттары)
Теңдіктер мен теңсіздіктерді құрастыруға, ажырата білуге үйрету
Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:
• «=», «≠», «>», «<» белгілерін пайдаланып, сандар мен шамалар арасындағы қатынастарды анықтай білу, оқулықтағы ережеге жүгіне отырып теңдіктер мен теңсіздіктерді ажырату.

Оқушылардың басым бөлігі:
Тура және тура емес теңдіктер мен теңсіздіктерді өз бетімен құрастыру, есептеулерді жүргізбей-ақ (қосу мен азайту амалдарының компоненттерін талдау негізінде) өрнектерді салыстыру.

Кейбір оқушылар:
• өз амалдарын түсіндіре отырып, сандар мен өрнектерді салыстыруды өз беттерімен орындау.

Тілдік мақсат Оқушылар игереді:
• өз амалдарын ережеге сәйкес түсіндіріп, әріпті және санды өрнектерді салыстыруды.
Пәндік лексика және терминология:
Теңдік, теңсіздік, тура, тура емес.
Диалог/жазу үшін қажетті сөздер
Талқылау:
Қай санның үлкен екені қалай анықталатынын айтып бер.
Екі өрнекті қалай салыстыруға болатынын айтып бере аласың ба?
Жазу: «=», «≠», «>», «<» белгілерін пайдалана отырып өрнектерді жазу.
Оқушылар игереді:
• өз амалдарын ережеге сәйкес түсіндіріп, әріпті және санды өрнектерді салыстыруды.
Алдыңғы тақырып Масса және оны шешу. Килограмм (кг)
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар
(төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар
0-5 минут 1 әрекет.
Қолайлы орта құру. «Шаттық гүлін сыйлау»
Балалар бір-бірінен гүл сыйлап, тілектерін айтады, көңіл-күйлері көтеріледі.
5-7 минут 2 әрекет
Балаларды реттік санау арқылы топқа бөлу
Шеңберде тұрған балалар реттік нөмірмен саналып, топқа бөлінеді, топ ережелерін анықтайды .
7-15 минут 3 әрекет
«Венн»
диаграммасы арқылы теңдік пен теңсіздік ұғымын салыстыру Теңдік, теңсіздік ұғымын анықтайды, жазады, айтады. Теңдік және теңсіздік ұғымдарын бір-бірінен ажыратады, қорытынды жасайды Флипчартмаркер
15-25 минут 4әрекет
Мақсат қою (проблемалық жағдаят)
оқулықтағы суретке сүйене отырып, сұлбалар бойынша теңдіктер мен теңсіздіктерді құрастыруды ұсыну
Балалар теңдік пен теңсіздік құрастырады, жазады Оқулық

25-37 минут
4әрекет.
Сергіту сәті
«Балық аулау» ойыны
Балалар 10 мен 100 көлеміндегі сандарға қосу мен азайтудың мысалдарын орындайды, дұрыс орындаған бала сол балықты алып отырады. Көп балық жинаған бала жеңіске жетеді. Бүйіріне өрнек жазылған балықтар, цифрлар
37-40 минут 5 әрекет
Үй тапсырмасы
Оқулықтағы тапсырмалар Оқулық
40-45 минут 6 әрекет
Кері байланыс
«Ыстық доп» ойыны
Допты қағып алған топтағы әр бала бүгінгі сабақтан не білгендерін, нені тағы білгісі келетіндерін айтады. Доп Тәрбие.орг сайтынан Салыстыру. Теңдік. Теңсіздік Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Әбдікерім Гүлнар Сәлімқызы

Алматы қаласы №23 мектеп-гимназия бастауыш сынып мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Көрсетілім: 655 | Жүктеулер: 4
Барлық пікірлер: 0
avatar