Сан есім

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 834
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 02/Май/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18906


Сабақ: Сан есім Мектеп: Жамбыл ауданы Айшабибі орта мектебі
Күні: 09.04.2016 жыл Мұғалімнің аты-жөні: Жанбаева Жанар Күзенбаевна
Сынып: 2 «Г» Қатысқандар: 19 Қатыспағандар:1
Сабақ негізделген оқу мақсаттары Сан есімді сөз таптарынан ажырата білу. Сұрақтарды дұрыс қоя білу. Сан есімге байланысты жаттығуларды дұрыс орындай білу. Өзін-өзі реттей білу.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар орындай алады:
Сан есімдерді сөз таптарынан ажырата алады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Сұрақтарды дұрыс қоя біледі. Өзін өзі реттей алады.
Кейбір оқушылар орындай алады: Сан есімге байланысты жаттығуларды дұрыс орындай алады. Санын және ретін білдіретін сан есімдерді ажырата алады.
Табыс критерийлері: Сан есім туралы біледі. Сұрақтарды дұрыс қоя алады. Жаттығуларды дұрыс орындай алады. Өзін өзі реттей алады. Өз пікірін ашық айта алады. Оқушылар топ ішінде ынтымақтастықпен жұмыс істейді. Алған бліімін өмірде қолдана алады.
Тілдік мақсат Оқушылар орындай алады: Сан есімнің сұрақтарын дұрыс қоя алады. Сөз таптарынан ажырата алады.
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Реттік сан есім
Диалог құруға /шығарма жазуға/ есептер шығаруға практикалық тапсырма орындауға т.б. арналған пайдалы тіркестер:
Блум таксаномиясы, автордың орындығы, топтастыру, Венн диаграмма, АКТ, ребусты шешу, әңгіме құрау, басбармақпен бағалау, кері байланыс парағы
Алдыңғы оқу (бірнеше сөйлеммен оқушылардың осы тақырып туралы білгендерін еске түсіріп жинақтау) Блім. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? Бастауышта нешеуін өтеміз? Зат есім дегеніміз не? Етістік дегеніміз не? Сын есім дегеніміз не? Сан есім дегеніміз не?
Уақыт шегі Жоспарланған
жаттығулар Мұғалімнің әрекеті
Оқушы әрекеті
Ресурстар
10 минут Басы Білім. Түсіну. Топқа бөлу.Үй тапсырмасын сұрау.Алдыңғы оқуды еске түсіріп жинақтау. Оқулықпен жұмыс Оқушылар зат есім, етістік, сын есім, сан есім деп жазылған қима қағаздарды алып сол сөз таптарының атауы бойынша топқа бөлінді. Автор орындығына отырып үй тапсырмасын айтады. Сұрақтарға жауап береді. Жаттығуды оқып,сан есімдерді тауып, байланысқан сөзбен теріп жазады. Автор орындығы, топқа болу үшін қима қағаздар.
Оқулық, дәптер,АКТ,
тақта.
25 минут Ортасы Қолдану. Анализ. Синтез. Неше? Нешінші? деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді бөлек бөлек топтастыру.
Сын есім мен сан есімнің айырмашылықтарын Венн диаграммасына түсіру. Постермен жұмыс. Ребусты шешіп, шешуіндегі сөзбен әңгіме құрау. Неше? Нешінші? деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді топта талқылап отырып топтастырады. Сын есім мен сан есімнің айырмашылықтарын Венн диаграммасына түсіріп постер құрады және қорғайды.. Ребусты шешіп шешуіндегі сөзбен әңгіме құрайды. А3 форматтағы қағаз, маркер.
8 минут Соңы Бағалау. Бағалауға қатысты сұрақтар қоямын. Сөз таптарының қазіргі күнде қажеті барма? Сан есімдерді білу қазіргі өмірде пайдасы барма? Басбармақпен бағалау Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Оқушылар өзін өзі бағалайды.
Кері байланыс парағын толтырады. Стикер
2 минут Қосымша ақпарат Үйге тапсырма Күнделіктеріне жазып алады.
Бүгінгі сабағымнан кейін алдағы уақытта оқушыларға қосымша көмек көрсету керек екендігін аңғардым. Әсіресе С деңгейіндегі оқушыларға аса көңіл бөлу қажет екендігін ұқтым. Олардың қызығушылығын арттыру мақсатында жеке тапсырмалар беріп, мадақтап, қошемет көрсетіп тұру қажет. Қабілеті жоғары оқушыларға жоғары деңгейдегі тапсырмалар дайындап келу керек. Неқұрлым жоғары талап болса сол құрлым алға қарай ағым пайда болады. Оқушылардың үйренгенін тексері үшін қойылған проблеманың өзі үшін құндылығының неде екендігіне көзін жеткізу. Қойылған проблеманың ақ қарасын ажырата білу. Пәнаралық байланыс: математика, әдебиеттік оқу, бейнелеу өнері.
АКТ мен байланыс: презентация.
Рефлексия
1. Сабақтың оқу мақсаттары қол жетімді болды ма?
2.Бүгін оқушылар не үйренді?
3.Оқыту ортасы қандай болды?
4.Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?
5.Мен өз уақытымды тиімді пайдалана алдым ба?
6.Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? Мұғалімдер, өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс. Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек, соның арқасында оқушылар ақпаратты енжар қабылдамай, оқу үдерісіне белсенді қатысатын болады. Әңімеге арқау болған бөлімнің негізгі идеясы ақпарат беріледі дегенге саяды, бірақ білім мен түсінік оқушы бойында қалыптасады, ал мұғалім-бұл үдерісте көмек көрсететін жан.[1, нұсқ. 32-бет]
Мен демалыстан кейін жұмысқа жаңадан кірістім. Әрине, жаңа сынып 2 «Г» сыныбы. Бұрын соңды мұндай сабақ өту тәсілін көрмеген. Оқыту ортасын құру керектігін ұқтым. Мен он күн ішінде оқушыларды дайындап топтық жұмыстарды жаңадан өте бастадық. Өзін өзі бағалауды да жаңадан меңгеріп жатыр. Мен өзім реттеуші қызметін атқардым. Оқушылардың қызығушылығы жоғары. Бүгінгі алғашқы сабағым мен үшін сәтті сабақтардың бірі болды.
Сабақтың оқу жоспары қол жетімді. Жоспарды оқушылардың жас ерекшеліктеріне, білім деңгейлеріне сай құрдым.Оқушылар топпен жұмыс жасай алады. Оқушылар сан есімді сөз таптарынан ажырата алады. Сұрақтарын дұрыс қоя алады. Жаттығуды орындау барысында мәтіннен сан есімді өзбеттерінше таба алады. Санын және ретін білдіретін сан есімдерді ажырата алады. Өзін өзі бағалай алады. Өзін өзі реттеуге дағдыланып келе жатыр. Бұл мен үшін үлкен жетістік.
Оқыту ортасы көңілді болды. Қызығушылықтары жоғары. Мен оқушылардың қызығушылығын артыру мақсатында үнемі мадақтап, қошемет көрсетіп отырдым.
Топпен оқытқаным жүзеге асты деп ойлаймын. Өйткені мен алғашқы күндері сабаққа келгенде С деңгейіндегі оқушы Назеркеге оқы десем оқушылар «ол оқи алмайды, тақтаға жаза алмайды» деп шулап кетті. Мен қатты таң қалдым. Ал осы топқа бөліп оқытып, автор орындығына отырғызып сабақ сұрағалы байқағаным Назерке оқи да, жаза да алады екен. Әсіресе бүгінгі сабақта Назерке қолын көтеріп белсенділік танытты. Маған оқушымның қалай жауап бергені маңызды емес, оқушының белсене сабаққа қатысқаны құнды.
Бүгінгі сабақта уақытты тиімді пайдалана алдым.

Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды?
1.Оқушылардың топтық жұмысқа дағдылана бастауы
2.С деңгейіндегі оқушылардың қызығушылықтарының артуы.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды ?
1.Өзін өзі бағалау
2.Өздігінен оқудың реттелуі
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы және менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін нені білдім?
1.Кері байланыс
2. Өздігінен реттелетін оқуды ынталандыру Тәрбие.орг сайтынан Сан есім Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жанбаева Жанар Кузенбаевна

Жамбыл облысы, Жаибыл ауданы, Айшабибі орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar