Сан есім

  • Жүктеулер: 11
  • Көрсетілім: 928
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 15/Сен/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19487


Пәннің аты:
Сыныбы: «3 Ә» Кабинет: Мұғалім:

Сабақтың атауы
Сан есім

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығы, мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулық, ОМСЖ.

Мақсаты
Білімділік: Оқушылардың сан есім туралы алған білім, білік дағдыларын еске тусіре отырып, сан есім туралы түсініктерін жетілдіру, сөздік қорларын молайту.
Тәрбиелік: Сауаттылыққа,ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, кәсіптік бейімдеу жұмысын жүргізу.
Дамытушылық: шығармашылық қабілеттерін дамыту, жаңа технологияны пайдалана отырып білім сапасын арттыру.
Сабақ әдістері: Ойын, дамыта оқыту технологиясының әлементтері, топпен жұмыс.
Сабақ көрнекілігі: Сызбалар, суреттер, слайдтар.

Күтілетін нәтиже Тапсырмаларды орындай отырып, танымдық қабілеті артады. Топпен жұмыс істеу қабілеттері қалыптасады. Пәнге деген қызығушылығы, белсенділігі, шығармашылық қабілеттері артады. Жаңа терминдермен танысады, өмірде пайдаланады.

Сабақтың әдістері Ойын, дамыта оқыту технологиясының әлементтері, топпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі Сызбалар, суреттер, слайдтар, А3 парақшалары, желім, қайшы.

Ынтымақтастық атмосферасы Топқа бөлу: киелі сандар арқылы «3», «5», «7».
Топ басшысын сайлау, бағалау парақшасын тарату. Кластер арқылы топ аттарын қорғайды. Топ бірін-бірі бағалайды.

Білу
Қызығушылықты ояту

Қазақ тілі туралы өлең жолы оқытылады.
Қазақ тілім – өз тілім, анам тілім
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім!
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым, дара тілім!
Сөзжұмбақ шешу.
1. Онның жартысы
2. 6 ондық
3. жоқ сан
4. Қасиетті сан
5. 100 - ден оны кем сан
6. Бірліктің ең кішісі
7. Төрт орынды сан
Сонымен бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: Сан есім. Слайд
Көркем жазу: Б б, Д д
Бірінші байлық – денсаулық. Топ болып мәнерлеп оқиды.

Сөзжұмбақты шешеді. Әр топтан бір оқушы шығады.

Оқушылар күннің жадын дәптерлеріне жазады.


Түсіну
Мағынаны тану

Оқулықпен жұмыс
1 топ: 9-жаттығу
Зымырандай ғимарат
Алыстан көз тартады.
Әлемге аян атағы:
155 метр – биік ол,
Бұлттан да әрі асады.
Қиюласып тастар нақ,
Кеткен шырқап аспандап:
34 қабат үй емес,
Көкке бастар баспалдақ.

2 топ: 10-жаттығу
1. Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар,
Төрт сылдырмағы бар,
Бір шыбыртқысы бар.
2. Белдеуде бес ат,
Бесеуі де қасқа ат.

3 топ: 11-жаттығу
1. Айша үшінші сыныпта оқып жүр. 2. Ауылға дейін үш сағаттай жүріппіз. 3. Мектепте алты жүз елудей бала оқиды.
Жұптық бағалау

Ой сергіту

Көңілді күн
Ой сергітеді, шаршағандары
басылады.

Қолдану
Шығармашылық жұмыс
«Жоғалған сөздерді орнына қой» ойын.
Мақал-мәтелдердің құрамындағы түсіріліп айтылған сан есімді тауып жазыңдар.

Білекті /бірді/ жығар,
Білімді /мыңды/ жығар.

/Алтау/ ала болса,
Ауыздағы кетеді.
/Төртеу/ түгел болса,
Төбедегі келеді.

Анадан артық дос бар ма?
Ашудан жаман қас бар ма?
/Жиырма бестен/ жақсы жас бар ма?
Қымыздан тәтті ас бар ма?

Мақал-мәтелдердегі жоғалған сан есімдерді табады.

Жинақтау

Біз не білдік?

Постер құрау

Рефлексия
Оқушылар стикерге ойларын жазады.

Не түсіндім? Не үйрендім?
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындату Күнделіктеріне жазып алады.

Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс Стикерлерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады Тәрбие.орг сайтынан Сан есім Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ақышова Гүлдана Досбосынқызы

БҚО Ақтау қаласы №8 жалпы орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar