Санды 1-ге көбейту, санды 0-ге көбейту

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 822
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 25/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22893


Сабақтың тақырыбы: Санды 1-ге көбейту, санды 0-ге көбейту
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды 1 және 0 сандарына көбейтуді үйрету. Көбейтудің және бөлудің дербес жағдайлары туралы білімдерін кеңейту.
2. Ойлау қабілеттерін дамыту. Логикалық есептерге қызығушылықтарын арттыру.
3. Ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: проектор, слайд, тапсырмалар
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
1.Психологиялық дайындық:
Ойға толып санамыз,
Бестік болып бағамыз
Баласындай бір үйдің
Тату болсын арамыз
2.Топқа бөлу. Оқушылар Жұлдыз, Күн, Ай топтарына бөлінеді.

Сабаққа өте жақсы қатысқан оқушы –қызыл, жақсы қатысқан оқушыға – көк, қанағаттанарлық қатысқан оқушы –сары белгі алады.
3. Бүгінгі біздің сабағымыз саяхат сабағы , біз бүгін сендермен ғарышқа саяхат жасаймыз, ғарыштың басқа ғаламшарларына тоқтаймыз. Әр бір ғаламшарда бізді математикалық тапсырмалар күтіп тұр. Ғарыш туралы не білесіңдер ?.

Ғарыш кеңістігінде шек жоқ. Оның кеңдігі соншалық, аспан денелерінің бір бірінен қашықтығын Жердегі өлшеммен, айталық километрмен өлшеу мүмкін емес. Жерге ең жақын жұлдыз Күн.Оның төңірегінде Жерді қоса есептегенде 9 ірі аспан денесі айналып жүреді. Олар ғаламшар деп аталады. Олар: Меркурий, Шолпан, Жер , Марс, Юпитер,Сатурн, Уран және Нептун, Плутон. Сонымен қатар ғарышта миллиондаған жұлдыздар, астероидтар, каметалар, т.б. аспан денелері жетерлік.
Ал енді саяхатқа баруға дайынбыз ба?
Балалар бізге ғаламшарларға жеткенше біз мына тапсырмаларды орындап шығу керекпіз.
4. Үй жұмысын тексеру:

Жаңа сабақ:
Ой ашар
«Ғарышқа самғау»
-Балалар,біз ғарыштан не көріп тұрмыз?
Жаңа сабақты түсіндіру:
Енді бугінгі сабактың такырыбы. Санды 1-ге көбейту,санды 0-ге көбейту.


1. Біздің зымыранымыз Меркурий ғаламшарына жақындады. Меркурий ғаламшары көрінді. Меркурий Жер ғаламшарына ең жақын ғаламшар, оның көлемі Жермен бірдей. Меркурий ғаламшары бұлттармен жабулы.
Ғарышкерлер ғарышты зерттегенде оларды өз дәптерлеріне түсіріп отырады. Біз де ғарыш дәптерлерімізді ашып бүгінгі күнді жазайық.
Біз ғаламшарға қонамыз, бізді инопланетянин күтіп алды.Ол бізден көмек сұрады.
Мысал:3 ауызша орындау

2. Біздің зымыранымыз әрі қарай ұшып барады. Зымыранның іші ысып келеді. Өйткені біз Күнге жақынбыз. Біздің зымыранымыз Шолпан ғаламшарының үстімен ұшып барады. Бұл ғаламшар Жерден едәуір
кіші

Шолпан ғаламшарының тұрғындары кім жылдам ойынын ойнап жатыр екен біз де өз білімімізді сынап көрейік.
Тапсырманы орындап біз қайтадан ғарышқа ұшамыз.
3. Келісі ғаламшарымыз ол Жер.
Жер Күн жүйесінің ең керемет ғаламшары.Біздің ғаламшарымызда көліктер түрлері көп. Әуе, суда, жерде жүретін көліктер бар. Ендеше келесі тапсырма көліктерге байланысты.


4. Юпитер ғаламшарына ұшып келдік. Бұл ғаламшардың тұрғындары өте көңілді екен. Олар бізді әдемі әуен арқылы қызықты жаттығу орындауға шақырып отыр.Қане Юпитер тұрғындарымен бірге жаттығу
орындайық.

Сергіту сәті
Саяхатымызды жалғастырамыз.
5.Әрі қарай ұшамыз. Қандай әдемі ғаламшар Сатурн. Салмағы мен үлкендігі бойынша Күн жүйесіндегі екінші ғаламшар. Оның қазақша атауы Қоңырқай.


6.. Соңғы ғаламшар Плутон. Плутон - Күн жүйесінің сыртқы жағында айналатын ергежейлі ғаламшар. Бұл ғаламшардың тапсырмасы «Кім тапқыр» ойынын ойнап көмек беру


Жарайсыңдар сендер біздің достарымыздың көңілінен шықтыңдар. Біз Плутон ғаламшарының тұрғындарымен қоштасамыз.
Біздің зымыран бүкіл Галактиканы айналып Жерге оралды. Отан бізді қарсы алуда. Басқа ғаламшарда жақсы болса да, Жер Күн жүйесінің ең керемет ғаламшары деп келісесіңдер ме? Біз өз Отанымызды, өз қаламызды, мектебімізді, сағынып үлгердік. Сендерге саяхат ұнады ма?
Көңіл күйлерін қалай?
Не білдіңдер?
Не үйрендіңдер?
Жарайсыңдар достар. Берілген тапсырмаларды керемет орындадың дар.
Қортындылау.
Кез-келген санды 1-ге көбейтсе не шығады?
Кез-келген санды 0-ге көбейтсе не шығады?
Бағалау.

Үйге: Мысал:6 Тәрбие.орг сайтынан Санды 1-ге көбейту, санды 0-ге көбейту Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Гульбике Оспанова

Пікірлер: 0

avatar