Санды 5 -ке көбейту және бөлу

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 463
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 25/Июн/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22978


Сабақтың тақырыбы: Санды 5 -ке көбейту және бөлу
Сабақтың мақсаты: Көбейту және бөлудің кестелік жағдайы туралы білімдерін бекіту.
Білімділік: көбейту және бөлуге берілген есептерді шығару дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылық: Жаңа меңгерілген білімді өз бетімен жұмыс істеуде пайдалана білу, ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту. Пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Отанға, туған елге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, көрнекілікпен жұмыс, іздену, қайталау, кіріктіру, жұптық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Сызбалар, қима қағаздар, дөңгелекшелер.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
а) Сынып тазалығына қарау
ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
- Балалар, бүгінгі сабағымыз күндегіден ерекше сабақ. Сабағымызға қонақтар келіп отыр. Қонақтармен сәлемдесіп алайық.
Жақсы оқып сабақты
Әдеп сақтау сәніміз
Сәлем бердік сіздерге
Басты иіп бәріміз
б) Психологиялық дайындық.
Бүгінгі сабақ
- Оқу,білу салауат
- Бүгінгі мақсат
- Ұғыну,ұғу ұлағат
- Бүгінгі тәрбие
- Отанға деген махаббат
- Барлығыңа сабақта сәттілік тілеймін!
Математика - Абай атамыз ғалымдар патшасы деген екен. Яғни математиканы білсек барлығын да біледі екенбіз.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
Өткенге шолу
«Иә немесе жоқ» ойыны
1.5 пен 5-тің көбейтіндісі 25-ке тең. (ИӘ)
2. Болаттың жасы Анардың жасынан 5 есе көп. Анардың жасы 4-те. Болаттың жасы 24-те. (ЖОҚ)
3. 555 санында 6 жүздік, 5ондық 8 бірлік бар. (ЖОҚ)
4. 5 сантиметрде 30 миллиметр бар(ЖОҚ)
5. 5 санын 3-ке көбейтсе 15 шығады (ИЯ)
6. 5 сағатта 300 минут бар (ИӘ)
Ой қозғау
1) 2) 3)


ІІІ. Жаңа сабақ. Санды 5-ке көбейту және бөлу
Оқулықпен жұмыс
Тақтамен жұмыс
№1. 10 ойыншықтан-5 қорап
Сатып алынды – 25 ойыншық
Барлығы неше ойыншық? 10*5+25=75 Жауабы : 75 ойыншық
№2Ауызша орындау
Бағасы 5 теңге Бағасы – 5 теңге Бағасы-?
Саны -7 Саны? Саны- 7
Құны ? Құны – 35 теңге Құны – 35 теңге
7*5=35 35:5=7 35:7=5
Кері есептер.

№3Сызбамен жұмыс
5*7---35:7---35:5----7*5
5*6---30:5----30:6---6*5

№4 Тақтамен жұмыс
5см*5=25см 250см: 5=50см 8см*5=40см 400см:5=80см
6см*5=30см 300см:5=60см 9см*5=45см 450см:5=90см

Сергіту сәті орныдалады.

«Сен маған, мен саған»
№5 Өз бетінше жұмыс
а) 5 ке кеміт
ә) 5 есе кеміт
б) Санды 5-ке бөлгендегі қалдықтар қалуы мүмкін?

№6 Өрнектің мәнін тап
4*9+3*6-8
49-24:3+9
18:2+3*7

№7 «Түртіп алу» стратегиясы
Бүгінгі жаңа сабаққа байланысты теңдеулерді шығару
45 : а = 5 40 : а = 5
35 : а = 5 30 : а = 5
х * 5 = 25


№8 Жұппен жұмыс
5 апта * 30 тәул. 2 апта * 15 тәул
24 сағ. * 1 тәул. 2 сағ 10 мин * 93 мин
2 тәул. * 20 сағ 3 сағ 4 мин * 115 мин

Шығармашылық тапсырама
Аю мен түлкі екеуі 1 себет балықты бөліп жемекші болды.
Сонда аю:
-Сен маған қарағанда есепті жақсы шығарасың ғой сен бөлші, -депті
- Түлкі сонда біреуі саған
Аю тақ сан 1 3 5 7 9
Түлкі жұп сан 2 4 6 8 10

Қорытынды:
Сендер бүгін сабақта қандай жаңа білім алдыңдар?
Қандай қызықты мағлұматтар алдыңдар?
Қай тапсырманы орындағанда қиындыққа тап болдыңдар?
Қай тапсырма ұнады?

Үйге тапсырма беру. №6 мысал 2-бағаны. 8-мысалдың (Ә)
Бағалау. Тәрбие.орг сайтынан Санды 5 -ке көбейту және бөлу Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Айхожаева Гулзамира Бекетовна

Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласындағы А.С.Пушкин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar