Санды көбейтіндіге бөлу

  • Жүктеулер: 7
  • Көрсетілім: 675
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 17/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22603


Жалпы мақсат: Бағдарламаның жеті модуль идеясын өзара ықпалдастыра отырып, «Көбейту және бөлу» тарауы бойынша оқушыларға санды көбейтіндіге бөлу жолдарын, көбейтудің қасиеттерін пысықтауды, ауызша және жазбаша есептей алуды меңгерту арқылы өзін-өзі реттейтін, сыни тұрғыдан ойлайтын, сөздік қоры жетілген тұлға дайындау.

Тақырыбы:Санды көбейтіндіге бөлу

Мектеп:Талап ауылының №14 ЖОББ мектебі

Мерзімі:16.01.2017ж

Мұғалімнің ТАӘ: Шанкулова Гулжазира Кулекеновна

Сынып:4 «А»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Оқу мақсаттары

санды көбейтіндіге бөлу жолдарын меңгереді, көбейтудің қасиеттерін пысықтайды,ауызша және жазбаша есептей алады, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын ажыратады.

Оқу мақсаттары/

Күтілетін нәтиже

Барлығы(А (жоғары), В (жақсы), (орташа): көбейту мен бөлудің компонеттерін біледі;

Көпшілігі(А, В): санды көбейтіндіге бөле отрып, көбейтудің қасиеттерін пысықтай алады;

Кейбіреуі (А): ауызша және жазбаша есептейді, алған білімін жинақтайды, бағалайды, қорытынды жасайды, есеп құрастыра алады, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын ажыратады;

Тілдік мақсаттар(тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым):

-компоненттерді ажыратады

- математикалық тілде оқи алады

-есептердің жазылу жолдарын біледі

Алдыңғы оқу

10-ға, 100-ге, 100-ға қалдықпен бөлу№6, №10

         

Жоспарланған уақыт(минутпен)

Жоспарланған іс-әрекеттер

Бағалау

Ресурстар

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

   

Кіріспе

2 минут

 

 

 

 

2 минут

«Шаттық шеңбері»

Мақсаты: сыныпта ынтымақтастық орта құру

 

«Үш жарты- бір бүтін»

Мақсаты: топқа бөлу

І топ: Үшбұрыш-треугольник-triangle

ІІ топ: Тіктөртбұрш-прямоугольник -rectangle

ІІІ топ: Шаршы- квадрат - sguare

Оқушылар бір-біріне бүгінгі сабаққа бір-біріне тілектерін жеткізеді.

Фигуралар арқылы 3 топқа бөлінеді.

Бағалау парағы таратылады.

 

Қағаз фигуралар

Тұсаукесер

 

10 минут

«Серпіліс» стратегиясы Мақсаты: оқушыларға өткен тақырыптар бойынша сұрақ қою арқылы тексереу.

Бүгінгі біздің сабағымыз ерекше сабақ. Жердің де, елдің де иесі кімдер, болашақ сендерсіңдер!
-Олай болса, «Болашақтың энергиясы» деп бүгінгі сабағымызды «ЭКСПО -2017» -ті мен байланыстырып өтеміз.
Сұрақтар:
1.ЭКСПО деген не?
 

2.ЭКСПО қай жылы өтеді?


3.Біздің Қазақстан қай елмен таласқа түсті?
4.ЭКСПО - да жинаған дауыс?
 

5.ЭКСПО - ның тақырыбы. 

Сұрақтар:

1.Қарама - қарсы қабырғалары өзара тең геометриялық фигураны қалай атаймыз?
2.Ауданды қалай табамыз?

3.Көлемді қалай табамыз?

4.Фигураның периметрін қалай табамыз?

5.Қосу амалының компоненттерін ата?

6.Азайту амалының компоненттерін кім айтып жібереді?
7.Көбейту амалының компоненттерін кім айтып жібереді?
8.Бөлу амалының компоненттерін кім айтып жібереді?
9.Көбейткіштердің орындары ауысқанымен не өзгермейді?

Оқушылар өткен тақырып  бойынша сұрақтарға жауап береді. Дұрыс жауап берген оқушы смайликтермен бағаланады.

1.ЕХРО-2017 көрме әлемі.

Оған жүзге жуық ел және он халықаралық ұйымқатыса алады.

2.2017 ж 10 маусыммен 10 қыркүйек аралығында өтеді.

3.Бельгиямен

4.Бельгияға 44 дауыс, Қазақстанға 104 дауыс

5.«Болашақ энергиясы»

1.тіктөртбұрыш

2. ұзындығын еніне көбейтеміз S=a*b

3. ұзындығын, енін, биіктігіне көбейтеміз V=a*b*с

4.барлық қабырғаларын қосамыз.

5.Қосылғыш + қосылғыш = қосындының мәні.

6.Азайғыш- азайтқыш = айырманың мәні.

7.Көбейткіш*көбейткіш = көбейтіндінің мәні.

8.Бөлінгіш:бөлгіш = бөліндінің мәні.

9.Көбейтіндінің мәні өзгерейді.

Смайликтермен бағалау

Смайликтермен бағалау

Флипчарт, стикерлер, маркерлер, плакаттар, жұлдызшалар,

Бағалау парақшалары

Негізгі бөлім

26 минут

«Екеу, төртеу, барлығы» стратегиясы

Мақсаты: Жаңа сабақты бастапқыда жұппен, содан кейін топпен түсіну, ең соңында аудитория алдында талдау.

Осы тақырыпқа байланысты көбейтудің үш заңын немесе қасиетін білуіміз керек.
1. Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті:

2. Көбейтудің терімділік қасиеті:

3. Көбейтудің үлестірімділік қасиеті:

Түсіндірме мәтінмен жұмыс.
Санды көбейтіндіге бөлудің тәсілдерін қарастырайық:
І тәсіл: 420 : (6×7)=420:42=10
ІІ тәсіл: 420: (6×7)= (420:6):7=10
III тәсіл: 420:6*7=(420:7):6=10

Оқулықтағы тапсырмаларды топтарға бөліп орындату.

Дәптермен жұмыс.

№2 тапсырма:

Сынып топ болып орындайды.

І топ:

50000:(1250*40)=

7110 м : 3=

903000 мин :300=

ІІ топ:

72000: (800-90)=

1880 м³ : 5=

50240 см : 40=

ІІІ топ:

36300: (300*121)=

8240 м² : 2=

865200 сағ : 200 =

№3 тапсырма ауызша:

Әрбір есептің шартын оқы және оған сұрақ қой .

№4 тапсырма.

Әрқайсысы 8 кг болатын -12 кг алма

және массалары бірдей -9 жәшік шие жинады

барлығы – 168 кг жеміс-жидек

бір жәшікте неше кг алма болды-?

Ш:8·12= 96 кг

168-96= 72 кг

72: 9= 8

Ж: 8 жәшік

«А» деңгейіндегі оқушылар кері есеп құрастырады.

«Мен саған сенемін »жұп құрып, бір - бірінің көздеріне қарап отырады. «Мен саған сенемін …» өйткені сен жақсы адамсың.

Мақсаты: оқушыларды сергіту

№7 тапсырма ауызша орындалады.

Шығармашылық тапсырма:

3- топқа логикалық есеп беру
1-топ.Машина жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы үш жеңіл машина және бір камазды кездестірді. Ауылға неше машина бара жатыр?

2-топ.Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз?

3-топ.Шаршының қабырғасын үш есе үлкейтсе, оның ауданы неше есе үлкееді?

.№9 тапсырма ауызша орындау.

240: (24·5)=240:120=2

630: (3·7)=630:21=30

120: (3·8)=120:24=5

210: (7·6)=210:42=5

420: (7·4)=420:28=15

Оқушылар жұппен, топпен жұмыс жасайды. Аудитория алдында өз жұмыстарының нәтижесін ауызша, жазбаша түсіндіреді, талдайды

1.а*в = в*а
а+b=b+a

2. (a*b)*c=a*(b*c)

(a+b)+c=a+(b+c)
3. (а+в)*с= а*с +в*с

Қосындыны санға көбейту үшін, сол санға әрбір қосылғышты жеке-жеке көбейтіп, одан шыққан көбейтінділерді қосу керек.

 

І топ:

50000:(1250*40)=1

7110 м : 3=2370м

903000 мин :300= 3010мин

ІІ топ:

72000: (800*90)= 1

1880 м³ : 5=376м³

50240 см : 40=1256см

ІІІ топ:

36300: (300*121)=1

8240 м² : 2= 4120м²

865200 сағ : 200 = 4326сағ

1)Ш: 6000-500= 550г

2)Ш:90 м

Сергіту сәтін жасау арқылы оқушылар жағымсыз әсерлерден арылып, шаршағандары басылады

Р=1см+2см+1см+4см=8см

Жауабы: Бір ғана мотоцикл
 

Жауабы: шырпы
 

Жауабы: 9 есе
 

Критериалды бағалау парақшасы

Смайликтермен бағалау

Смайликтермен бағалау

Смайликтермен бағалау

Смайликтермен бағалау

Маркерлер, плакаттар,

Критериалды бағалау парақшалары, флипчарттар, оқулық

Маркерлер, плакаттар,

Критериалды бағалау парақшалары, флипчарттар, оқулық

Маркерлер, плакаттар,

Критериалды бағалау парақшалары, флипчарттар, оқулық

Маркерлер, плакаттар,

Критериалды бағалау парақшалары, флипчарттар, оқулық

Рефлексия

5 минут

«Қосу, алу, қызықты»

Мақсаты: сабақтан үйренгендері мен алған әсерлерін ортаға салады.

Үйге тапсырма: №5, №8

Әрбір оқушы бүгінгі сабақтан үйренгендері мен алған әсерлерін ортаға салады.

Бірін-бірі, топ басшыларының бағалауы

Бас бармақпен бағалау

Стикерлер,

Қосымша ақпараттар

Саралау

- Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?(Осы сабақ барысында А, В, С оқушыларыңызға жеке, жұпта, топта қандай көмек көрсетесіз...)

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

жалпылама ақпарат/бағалау идеясы)

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы  байланыс(Мектеп, оқушы, мұғалім мәдениетіне негізделеді)

Тапсырмаларды жеңілден күрделіге қарай деңгейлі түрде беру. А оқушыға ЖАДА-да жұмыс істеуге жағдай жасау. С оқушыларға шығармашылықта жұмыс жасауға, күрделенген тапсырмалар беру.

Әрбір стратегияға және тапсырмаға критериилер құра отырып бағалау.

Функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында өмірмен байланыстырылған тапсырмалар пайдалану. Уақытты тиімді пайдалану үшін «Алтын ережеге» бағынуды қадағалаймын.

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

 

Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы және менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетіні туралы не білдім?

 

 

Тәрбие.орг сайтынан Санды көбейтіндіге бөлу Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Шанкулова Гулжазира Кулекеновна

Қарағанды облысы Жезқазған қаласы Талап ауылынң №14 жалпы орта білім беретін мектебі Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar