Ұшқыр ой мен шешен тіл

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 604
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 22/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22681


Астана қаласы
№59 мектеп-лицейі
бастауыш сынып мұғалімі
Садыбаева Шынар Рақымбайқызы

Сабақтың тақырыбы: Ұшқыр ой мен шешен тіл
Мақсаты:
Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету.
Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру.
Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.
Көрнекілік: жұмбақтар, өлең жолдары, үзінділер, презентация.
Түрі: интеллектуалды ойын-сайыс
Ойын барысы:
І. Ұйымдастыру.
Жас жүректе жанған шақ
Талаптың аты арындап
Әр қиямға салған шақ
Жастықтың оты жалындап
- деп данышпан Абай келер ұрпаққа терең ой тастаған. Жақсы болсаң, ел азаматы болсаң деген үлкен үміт бала кезден бастау алады да, ұласады.
Сайысқа қатысатын топтарды таныстыруға рұқсат етіңіздер:
І кезең «Бәйге»
Шарты: Мен әр оқушыға 1 сұрақтан қоямын ойлануға 30 секунд. Егер оқушы жауап бере алмаса, білетін оқушыға жауап беруге болады. Тез жылдам нақты жауап беру басты шарт. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.
1-топ:- Республика күні? (25 қазан)
- Ғарышқа ең алғаш ұшқан адам? (Юрий Гагарин)
- Әліппенің атасы кім? (Ахмет Байтұрсынов)
- Қазақстан ғарышкерлерін ата? (Т. Аубакиров, Т.Мұсабаев)
2-топ:- Рейхстагқа ту тіккен қазақ? (Р.Қошқарбаев)
- Түйе атасы кім? (Ойсылқара)
- 1 жылда қанша күн бар? (365 – 366 күн)
- Абайдың анасы кім? (Ұлжан)
3-топ:- Қазақстанмен шекаралас 5 мемлекет? (Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан)
- Жер бетінің қағаз бетіне өте кішірейтіліп салынған бейнесі? (географиялық карта)
- Қазақстан туының авторы кім? (Шакен Ниязбеков)
- Шоқанның шын аты? (Мұхаммедқанапия)
ІІ кезең « Тіл – өнер» Мақалда қалып қойған сөзді табу.
1. ... елдің анасы, ( отан)
Ел ердің анасы.
2 - бәйтерек,
Бала жапырақ. ( ата)
3 - білім азығы
Білім ырыс қазығы. (оқу)
4. Көз қорқақ,
.......... батыр. ( қол)
5. Ата ананың...........
Сайрап жатқан жолмен тең.
Ақылдының ақылы
Сарқылмайтын көлмен тең. ( ақыл)
6. …....... әдепті болса, іні әдепті.
Апа әдепті болса, сіңлі әдепті. ( аға)

ІІІ кезең «Ғажайып төртеу»
Біздің сайысымызда 4 негізгі пән ана тілі, қазақ тілі, дүниетану, математика пәндері бойынша білімдерің тексеріледі
Математика:
1. Көбейтудің қасиеттерін ата? (ауыстырымдылық, терімділік, үлестірімдік)
2. Тік төртбұрыштың ауданы мен периметрін қалай табамыз?
3. Әлібек 1 айда 2 ертегі оқыды. Ол 1 жылда неше ертегі оқиды. Осы қарқынмен? (24 ертегі)
4.Шаршының неше бұрышы бар? (төрт)
5.Қосылғыштардың мәні? (қосынды)
6.1 сағатта нше минут бар?(60минут)
Қазақ тілі:
1. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді, олардың түрлері? (қатаң, ұяң, үнді)
2. Қарсы мағыналы сөздерді тауып ата: семіз – (арық), терең – (таяз), қою – (сұйық), қысқарды – (ұзарды)
3. Қандай зат есімді туынды зат есім дейміз? (түбір сөзге жұрнақ жалғану ар 4.Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы қалай аталады? (етістік)
5.Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша қалай аталады? (жұрнақ)
6.Батыр сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (ер, қаһарман)
Дүниетану:
1.Бос тау жыныстарын ата. (Құм және саз)
2. Бұлт түрлерін ата? (будақ, шарбы, қабат)
3.Пайдалы қазбалар дегеніміз не? (Жерден қазып алып, адам қажетіне жұмсалатын тау жыныстарын пайдалы қазбалар дейміз)
4. Неге глобустың көпшілігі көк бояумен боялған? (жер шарының 3/4 бөлігі су)
5.Суыққа төзімді өсімдіктер.(арпа,сұлы,бидай)
6.Бастау дегеніміз не? (Өзеннің ағып шығатын жері)
Әдебиеттік оқу:
1. Қазақтың көрнекті ақыны, жазушы, тұңғыш ағартушы ұстаз. Қостанай облысында туған. Қазақ балаларына арнап мектеп ашқан бұл кім? (Ыбырай)
2. Қазақтың ұлы жазушысы «Абай жолы » романының авторы ( Мұхтар Әуезов)
3. Абайдың 5 асыл іс пен 5 дұшпанды атап шық?
5 асыл: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым
5 дұшпан: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ
4. Бұлақ басына қойған таста «Азықсыз аш адамға ат басындай алтыннан түк пайда жоқ» деп жаздық.
( «Бір кесе меруерт». Ш.Құдайбердіұлы)
5.Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
(«Қыс». А.Құнанбаев)
6.Алты айғы қыс тартқаны – аштықтың азабы.Бар сенетіні – күйеуі Мақтым. Ол ел қыдырып, тілек тілейді. Ерте кетіп, кеш келеді. Бірақ оның да табатыны жоқ...
(«Күлпаш». Б.Майлин)

ІV. «Ұшқыр ой.» Атамекен сөзінен жаңа сөздер жасау.

V айналым «Айшықты сөздер»
Бұл айналымда бірнеше тұрақты сөз тіркестері беріледі. Бұл сөздермен біз ана тілі пәнінен шығармаларды оқығанда танысқанбыз. Әр топқа 3 сөз тіркесі беріледі. Ойланып, мағынасын айтуларың керек. (Слайдпен көрсетіп, оқытып, жауабын тыңдау)

1.Төбесі көкке жетті (қуанды)
2. Ине шаншар жер жоқ (бос жер жоқ)
3. Қой аузынан шөп алмас (жуас)
1. Қабағынан қар жауды (ашуланды)
2. Бетінен оты шықты (ұялу)
3. Ит өлген жер (алыс)
1. Төбе шашы тік тұрды (қорықты)
2. Көзді ашып-жұмғанша (тез, лезде)
3. Таяқ сілтем жер (жақын)

ІҮ айналым «Құпия сандық»
Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 2 тілде (қазақша, орысша) айтуларың керек. Әр топ кезекпен 1 жұмбақты оқып, шешуін айтады.
(Слайдпен көрсету, оқушыларға оқыту)
1-топ: Қолы менен қаламы жоқ,
Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз)
Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян - заяц)
2-топ: Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег)
Жолбарыстан аумайды,
Тышқандарды аулайды.(мысық – кошка)
3-топ: Бірін-бірі қоштаған,
Бір үйден көрдім,
Қырық екі дос-жаран. (әріп – буква)
Әттең, даусым, тілім жоқ,
Құшағымда білім көп. (кітап – книга)
Білікті бірді
Білімді мыңды жығады
- дей отырып сайысымызды аяқтаймыз.
ІІІ. Қорытындылау. Марапаттау Тәрбие.орг сайтынан Ұшқыр ой мен шешен тіл Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Садыбаева Шынар Рақымбайқызы

Пікірлер: 0

avatar