"Шілде" М.Дулатов

  • Жүктеулер: 11
  • Көрсетілім: 1035
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 04/Фев/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21508


Сабақтың тақырыбы: Шілде Міржақып Дулатов
Сабақтың мақсаты: 1. Ақын өмірінен мәлімет беру және «Шілде» мәтіні туралы ақпарат беру
2. Мәтіннің мазмұнын, негізгі идеясын аша білуге және қоршаған ортаны
қорғауға үйрету
3. Балаларды топта бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу
Көрнекілігі: слайд, суреттер, семантикалық карта
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, ана тілі
Сабақ барысы: Ұйымдастыру
Психологиялық сәт
Ана тілім, өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызын, мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.
Жақсы балалар, сабағымызды бастаймыз.
Үй жұмысын сұрау
- Үйге қандай тапсырма берілген еді?
- Абайдың «Жаз» өлеңін жатқа айту.
- Жаз мезгіліде неше ай бар?
- Үш ай
- Жазда ауа-райы қандай болады?
- Ыстық болады.
- Жазда балалар не істейді?
- Суға шомылады, жазғы сауықтыру лагерінде демалады.
- Жазда адамдар қандай еңбекпен шұғылданады?
- Адамдар жеміс-жидектерді жинай бастайды.
Миға шабуыл «Ассоциация»

Қандай? Несімен әдемі? Неге тәрбиелейді?
Ыстық Әдемі түрлі-түсті Денемізді шынықтыруға
Әдемі гүлдерімен Төзімділікке
Таза

Тұлғаны таны
Жаңа сабақ
Міржақып Дулатовтың өмірбаяны туралы мәлімет беру.
Міржақып Дулатов 1885жылы 24қарашада Қостанай облысы, Жанкелдин ауданы, Қызбел ауылында туған. Екі жасында шешеден, он екі жасында әкеден жетім қалған жасөспірімнің тәрбиесі Асқар дейтін оқыған ағасының мойнында болды. М. Дулатов өмір сүрген жылдар аралығында мұғалімдік, тілмәштық, оқытушы қызметтерін атқарады. Оның көптеген шығармалары бар. 1909жылы қазан қаласында «Оян қазақ!» деген өлеңдер жинағы басылып шықты. 1935жылы қазанның 5-і күні ауыр науқастан қайтыс болады.

Мәтінмен жұмыс
Оқушыларға оқыту. Мәтінді бөліктерге бөлу. 1. Басы
2. Ортасы
3. Соңы
Әр бөлікке ат қою.
І бөлім Жазда
ІІ бөлім Жайлаудың қызығы
ІІІ бөлім Оқуға бару

Сөздік жұмыс
Желі –мал байлауға арнап әдейі керілген арқан. Ол жүн араластырған қыл немесе кендірден есіледі. Желінің құлын байлайтын, түйе байлайтын, қозы көгендейтін түрлері бар. Құлын байлайтын желі бес тілден тартылып ерекше жуан етіп жасалады. Оның ұзындығы байланатын құлынның санына қарай әр түрлі болады. Жалпы алғанда, қатар байланған екі құлынның арасы бір метрден жақын болмауы көзделеді. Құлын байлайтын желі қатты керілуі керек. Ол үшін, алдымен, екі шеткі қазық қағылып, одан соң ортадағы кіндік қазық бір бүйірге бұрыштай тартып қағылады. Бір желіге 10 шақты құлын байлануы мүмкін.
Бозбала –он үш жас пен кәмелет жасы аралығындағы жас жігіт.
Белорақ – егін оруға арналған еңбек құралы. Шалғының бір түрі.

Сергіту сәті

3топқа тапсырма беру
Ітоп Кестені толтыру
Күн Түн Шөп Мал Қымыз Адамдар
Ұзарады Қысқарады Піседі Семіреді Молаяды Той-тойлайды

ІІ топ Сурет салу3
ІІІ топ Әңгіме кестесін құру
Тақырыбы:
Авторы:
Мәтін не туралы?
Мәтін несімен ұнайды?

Қорыту:
Ітоп Тест шешу
1. Міржақып Дулатов кім?
2. Міржақып Дулатов қай жылы туылған?
3. Жаз өлеңін кім жазған?
4.
5.

ІІ топ Семантикалық карта
Сөздер Зат есім Сан есім Сын есім Етістік
Қозы
Екі жүз
Ыстық
Шабады
Жүз елу
Тойлайды +
+

+

+

+

+

ІІІ топ Сәйкестендіру

Құм шабады
Белорақ тыныққан
Балалар қызады
Шөп шабатын қызығы
Жайлаудың мезгіл

Бағалау: Бағдаршам арқылы бағалау
Үйге тапсырма беру Тәрбие.орг сайтынан "Шілде" М.Дулатов Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Досмагамбетова Жанат Туребековна

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы № 11 жалпы білім беру орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar