Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Үшінші белгісіз қосылғышты табуға берілген есептер
  • 07.01.2017
  • 38 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20829

№9 жалпы орта білім беретін мектеп





Жүргізген: Қаженова Бақтыгүл Сайфоллақызы
Бастауыш сынып мұғалімі

Сағыз селосы
Сабақтың тақырыбы: Үшінші белгісіз қосылғышты табуға берілген
есептер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мәні: үшінші белгісіз қосылғышты табуға берілген есептің жаңа түрімен таныстыру,танымдық қабілетін,ойлау қабілетін дамыту;
Дамытушылығы: өтілген есептің тәсілдері туралы білімдерін пысықтау;
Тәрбиелік мәні: шапшаңдыққа,сауаттылыққа тәрбиелеу;
Көрнекіліктері: слайд,сергіту сәті,парақшамен жұмыс,шығармашылық
жұмыс,ауызша жаттығулар
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ- жауап
Сабақтың жүрісі:
І.Ұйымдастыру бөлімі:
(Оқушылардың назарын сабаққа аудару)
ІІ.Тірек білімдерін жетілдіру
Ауызша жаттығулар:
*Сыныпта 15 қыз бала және 13 ұл бала бар.Сыныпта барлығы неше бар?
*Сыныпта 28 бала бар.Оның 15-і қыз бала.Сыныпта неше ұл бала бар?
*Белгісіз қосылғышты қалай табу керек?
34+□ =40 □+20=54
*Бумада 8 көк,9 сары,2 қызыл шар бар.Барлығы неше шар?Қалай тиімді есептеуге болады?
*Тиімді есепте: 17+28+3 29-(3+9) 54+27+3
ІІІ.Жаңа сабақ:
1) №1.Білімді мыңды жығар (Ауызша)
60,40,70,50 сандарының үшінші қосылғышын табуға берілген есептерді шығару
2)Түсіндірме жұмыс:
№2 Есептерді салыстыру және оларды шығару:
(Есеп шығару барысында Лысенкованың «Түсіндіре басқарып оза оқыту» технологиясын қолданамын)
А)Мата үш бөлікке бөлінді.Бірінші бөліктің ұзындығы 7 м,екінші бөлік 4 м,үшінші бөлік 8 м-ді құрайды.Матаның барлық ұзындығы неше метрге тең?
Ә)19 м мата үш бөлікке бөлінді.Бірінші бөліктің ұзындығы 7 м,екінші бөлік 4 м- ді құрайды.Үшінші бөліктің ұзындығы неше метрге тең?
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту:
3) Ребус шешу: Периметр
4) №3 Үшбұрыштың белгісіз қабырғасын тап:
(Ауызша) (Жазбаша)
Р=18см Р=18см
І-3см І-6см
ІІ-6см ІІ-6см
ІІІ-? ІІІ-?
18- (3+8) =7 18- (6+6) =6
5) Сергіту сәті:Бұғының үлкен үйі бар
Терезеден қарайды ол
Қоян жүгіріп келеді,
Бұғының үйін көреді.
6) №4 Тақтамен жұмыс: Есептерді салыстыру және оларды шығару
І-қатар: а)Хайуанаттар бағында 34 құс бар.12 шіл,15 саңырауқұр және бірнеше құр бар.Хайуанаттар бағында неше құр бар?
ІІ- қатар: ә)Хайуанаттар бағында 12 шіл, 15 саңырауқұр,шіл мен саңырауқұр қанша болса,сонша құр бар?
ІІІ-қатар: б)Хайуанаттар бағында 12 шіл,шілге қарағанда 6-ы артық саңырауқұр,ал саңырауқұрға қарағанда 7-і артық құр бар.хайуанаттар бағында неше құр бар?
7) №6 «Білім көзі кітапта»
Есептеп,дұрыстығын тексер: (Ауызша есептеу дағдыларын жетілдіру)
І қатар: ІІ қатар: ІІІ қатар:
67+9 58-5 56+8
56+32 34+3 22+47
100-45 70-67 80-35
8) .Шығармашылық тапсырма: (Логикалық ойлау қабілетін дамыту)
(55 * 5) * 50=100 (83 * 10) * 7=100
83 * (10 * 7)=100 60*( 45* 5)=100
9) Парақшамен жұмысТанымдық қабілетін дамыту)
21-3 6+8 12-4 71-8
4+9 12-7 9+8 6+7
15-7 29+4 91-8 65-9
89+7 34-9 36+7 19+8
10) Үйге тапсырма: №6, 4-бағаны
№7, 5-бағаны
Ү.Қорытындылау: -Нені үйрендік?
ҮІ.Бағалау: Тәрбие.орг сайтынан Үшінші белгісіз қосылғышты табуға берілген есептер Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Қаженова Бақтыгүл Сайфоллақызы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: берілген, қосылғышты, есептер, Бастауыш сыныпқа арналған ашық саба, белгісіз, табуға, Үшінші
Көрсетілім: 38 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar