Шығарма

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 956
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 30/Сен/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19559


Күні: Сыныбы: Пән атауы:
Сабақтың тақырыбы: Шығарма
Сабақтың мақсаты:
І Білімділігі: Әрбір оқушының жеке даралық, тұлғалық қасиеттерін қалыптастыра отырып, оқушылардың тілін ұштаудың, шұрайлы да нақышты етудің негізін қалыптастыру, шығармашылық жұмысқа жетелеу.
ІІ Дамытушылығы: Оқушылардың ынта – жігерін, танымдылығын, сөздік қорын, ой –өрісін, ойлау қабілеттерін дарыта отырып, шығармашылыққа жетелеу.
ІІІ Тәрбиелігі: Оқушыларды тазалыққа, ұжымшылдыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілікке, сауатты жазуға, жатық та шұрайлы сөйлеуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс- тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, баяндау, талдау-жинақтау, пікір –талас.
Көрнекілігі: « Бастауыш сыныптарда шығарма жаздыру» оқулығы және т.б.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, еңбекке баулу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындау.
3. Оқушыларды тексеру, сабаққа келмеу себебін анықтау. Жұмыстың жүргізілу түріне қарай топтастырып отырғызу.
4. Оқушылардың көңілін, назарын, сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.
5. Ойға шақыру. (Психологиялық даярлық жүргізу).
ІІ. Өткен материалды еске түсіру/ Жалпылау:
1. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.
2. Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін байқау, анықтау.
3. Оқушының сөйлеу қабілетін, сөйлеу тілін сөздік қорын байқау.
4. Неге көңіл аудару қажеттілігін анықтау, ескеру. Жан-жақты тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Сабақтың тақырыбы: Шығарма
Мектептегі алғашқы күн
І. Кіріспе
1. Мектепке әзірлік
2. Мектепке бару
ІІ. Негізгі бөлім
1. Сыныптастармен кездесу:
а) достарға деген сағыныш сезімі; ә) жазғы демалысты еске түсіру;
б) жазғы еңбек.
2. Ұстаздармен кездесу:
а) ұстаздар қуанышы; ә) линейка; б) мектеп директорының құттықтауы.
3. Алғашқы қоңырау:
а) сыныпта ; ә) алғашқы сабақ.
4. Жаңа оқу жылының жаңалықтары:
а) оқу кестесі; ә) жаңа мұғалім; б) жаңа оқушылар.
ІІІ. Қорытынды:
1. Алғашқы оқу жылының әсерлері.
2. Асыға күткен күн.
VІІ. Үй тапсырмасы: Өткенді қайталау.
VIII. Бағалау: Жазаба жұмыстары арқылы білімдерін бағалау. Тәрбие.орг сайтынан Шығарма Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бактыбаева Айзат Өмірзаққызы

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Кеңдала бекеті №35 бастауыш мектебі бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar