Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
«Шынықсаң шымыр боласың» спорттық сайыс
  • 13.12.2016
  • 276 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20482

ШҚО Семей қаласы Мұқыра ауылы
«Түрксіб жалпы орта білім беретін мектебі»КММ
Бастауыш сынып мұғалімі: Қайырханова бақытгүл Қайырханқызы

Тақырыбы: «Шынықсаң шымыр боласың» спорттық сайыс

Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Түрі: Эстафеталық ойын
Өтілетін орны: Спорт залы
Көрнекілігі: түрлі-түсті шарлар, доптар, кедергілер, жалаушалар, ысқырық.
Барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.
ІІ.Негізгі бөлім
Құрметті әріптестер және кішкентай көрермендер бүгінгі «Шынықсаң шымыр боласың» спорттық сайысына қош келдіңіздер!
Көңілді жарысқа «Жас қыран» және «Жас ұлан» топ бүлдіршіндері қатысады.
Әр таңды бақытпенен аттырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
топ бүлдіршіндерін шақырамыз.
(әр топ өз орындарына келіп тұрады)
Ал,құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер!
Сайысты бастамас бұрын,сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.
1. Дене шынықтыру пәні мұғалімі: М.Б.Бекетов
2. Тәрбие завучы: З.Т.Бекетова
3. Бастауыш бірлестік жетекшісі: Н.Ы.Касымова
Спорттық сайысымыз 5 баллдық жүйемен бағаланады.
Сайыстың бағдарламасы 6 кезеңнен тұрады
1. «Эстафета»
2. «Кеңгуру»
3. «Пингвин»
4. «Алтын қасық»
5. «Кім шапшаң»
6. «Кім күшті»
Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар!
Сайысымызды бастаймыз.
«Жас ұлан »1-сынып тобын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны: Бәріміз біріміз үшін!
«Жас қыран» 2- сыныптобын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны: Біздер жас қыранбыз,
Бәрін жеңіп шығамыз!
І кезең: «Эстафета»
Шарты: Әр топ қатысушылары жалаушаны алып мәреге дейін жүгіріп барып өз орынына келіп өзінен кейінгі қатысушыға жалаушаны тапсыруы қажет, қай топ бірінші мәреге жетсе сол топ жеңімпаз.
ІІ кезең: «Кеңгуру»
Шарты: Пирамида құрау. Шашылып жатқан бөліктерін жинау арқала пирпмида құрау.Қай топ бұрын құрайды,сол жеңіске жетеді.
IІІ кезең: «Пингвин»
Шарты: Допты аяқ арасына қысып алып, жерге құлатпай пингвиндер жүрісімен жүріп, мәреге жетуі тиіс, қай топ бірінші келсе сол топ жеңімпаз.
ІV кезең: «Алтын қасық»
Шарты: Әр қатысушы теннис добын қасыққа салып алып, мәреге дейін жүріп барып,қайта келуі тиіс, қай топ мүшелері бірінші болып келсе сол топ жеңімпаз.
V кезең: «Кім шапшаң»
Шарты: Үлкен батуд резеңкі доптың үстіне отырып секіріп жарысу.
VI кезең: «Кім күшті»
Шарты: Әр топтар жерде үріліп жатқан шарларды, үстеріне отырып жаруы тиіс қалдығын жинап себетке салуы керек қай топ көп шар қалдығын жинаса сол топ жеңімпаз.
Қорытынды бөлім
Жарыс заңы ежелден-
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол-
Еңбектену,жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады
демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды марапаттауға әділқазы алқасына сөз кезегін берейік.
Уа,халқым назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сау да.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да демекші
Құрметті қонақтар! Келгендеріңізге көп-көп рахмет. Тәрбие.орг сайтынан «Шынықсаң шымыр боласың» спорттық сайыс Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Қайырханова бақытгүл Қайырханқызы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: сайыс, спорттық, боласың», шымыр, Бастауыш сыныпқа арналған ашық саба, «Шынықсаң
Көрсетілім: 276 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar