Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Өсімдік мүшелері және оның қызметі. Тамыр.
  • 24.03.2016
  • 1699 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18107

Қазақстан Республикасы білім және Ғылым Министрлігі
№90 жалпы орта мектебі

Ашық сабақ



Сабақтың тақырыбы:

Өсімдік мүшелері және оның қызметі. Тамыр.

Сыныбы:2 «Е»
Сынып жетекшісі:Аджибаева Н.У.

2015-2016 оқу жылы

Күні: 22.12.2015ж.
Пәні: Дүниетану.
Сабақтың тақырыбы: Өсімдік мүшелері және оның қызметі. Тамыр.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:
Өсімдік мүшелері және оның атқаратын қызметі, тамыр туралы түсінік қалыптастыру; өсімдіктің қоршаған ортаға пайдасы, адам өміріне маңызы және экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру.
Дамытушылығы:
Оқушылардың ақыл – ойын, есте сақтау, ойлау, тіл байлықтарын, танымдық белсенділіктерін дамыту.
Тәрбиелігі:
Оқушыларды ұйымшылдыққа, тазалыққа, еңбекқорлыққа, табиғатты сүюге, аялауға тәрбиелеу.
Түрі:
Жаңа сабақты меңгерту.
Әдісі:
Сұрақ – жауап, түсіндіру, талдау, топтастыру, топтық жұмыс, 5 жол өлең әдісі.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, бейнелеу.
Көрнекілігі: суреттер, сызбалар.
Топқа бөлу
І-топ - Көктем
ІІ-топ - Жаз
ІІІ-топ – Күз
IV- топ - Қыс
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
а). сабаққа дайындық.
ә). Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық.
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Өткен тақырыпты еске түсіру.
(сұрақ – жауап арқылы).
Тірі ағзалар дегеніміз не?
Өсімдіктің балауса шағы дегеніміз не?
Өсімдіктің жетілген шағы?
Топырақ деген не?
Табиғат адамға не береді?
Өсімдік – тірі ағза.Өсімдіктердің бөліктері мүшелер деп аталады.
Өсімдік денесін мүшелер құрайды.
Олар өсімдіктің: Тамыры, жапырағы, діңі, бұтағы, сабағы,гүлі,тұқымы, жемісі.
Жылдам жауап беру.
Тұқымдық дәнді нанға айналдыр.
Қалып қойған буынды жаз.
Дән - - - астық - - - нан
Жаңа сабақ

Өсімдік мүшелері және оның қызметі.

Тамыр
Тамыр - өсімдіктің негізгі және жер астындағы мүшесі.
Тамырдың атқаратын қызметі :
Ол өсімдікті топырақта бекітіп ұстайды және
топырақтағы ылғалды бойына сіңіреді.
Тамыр арқылы өсімдік қорек алады.
Тамыр – өсімдіктің негізгі және жер астындағы мүшесі.
Тұқым өнгенде, ең алдымен оның қабығын жарып
жатыр шығады. Тұқымнан тікелей шығатын осы
тамырдың негізгі тамырды негізгі тамыр дейді.
Негізгі тамырдың түрі әр өсімдікте әр түрлі болады. Мысылы:күнбағыстың,қымыздықтың,сәбіздің,
бақбақтың негізгі тамыры айқын көрініп тқрады. Бұл тамырдан жіңішке жанама тамырлар шығады. Жақсы жетілетін өсімдіктердің негізгі тамыры- кіндік тамыр деп атайды.
Тамыр-өсімдікті топыраққа бекітеді.Өсімдікті топырақтан қоректендіреді.
Шөлде сексеуіл өседі. Оның биіктігі 9 метрге дейін барады, ылғалды тереңнен тартатын тамырының ұзындығы 20-30 метрге дейін жетеді.


Жантақ шөлді жерге бейімделген өсімдік.
Шөлді жерлерде ылғал топырақтың терең
қабатында ғана сақталады. Өсімдік тамырлары
сол ылғалға жету үшін ұзарып өседі.
Жантақпен қоректенген шөл жануарлары
суды көп қажет етпейді.
Сәйкестендіру тест
Өсімдіктердің не арқылы көбейетінін сызықпен көрсет.
Картоп тұқым
Інжүгүл мұртша
Бүлдірген түйнек
Жүзім пиязшық
Пияз тамырсабақ
Жүгері қалемше
Сергіту сәті:
Топтық жұмыс.
1 – топ - Өсімдіктің табиғатқа, адам өміріне пайдасы кандай айтып бер.
2 – топ - Өсімдік туралы әңгіме жазу.
3 – топ - Өсімдіктің суретін салу.
4 - топ- Өсімдіктің өсуіне қажетті жағдайларды ата.



Сабақты қорытындылау.
Өсімдіктердің мүшелері және оның атқаратын қызметі жайлы, тамырдың түрлерімен таныстық.
Табиғатсыз адамдардың күні жоқ,
Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ, - деп ақын ағаларымыз жырлағандай,
табиғатты, өсімдіктер мен жан – жануарларды қорғап, аялайық.
Бағалау.
Үйге тапсырма:
Оқу және мазмұндау.
54-56 беттер. Тәрбие.орг сайтынан Өсімдік мүшелері және оның қызметі. Тамыр. Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Аджибаева Нурликиз Умирзаковна

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар | Логин: Пвамв
Көрсетілім: 1699 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar