Өсімдік пен аңдардың қысқы тіршілігі

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 1491
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 14/Мар/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 17926


«Өсімдік пен аңдардың қысқы тіршілігі».
Сабақтың мақсаты:
Аңдардың қысқы тіршілігі туралы түсініктерін қалыптастыру, адамдардың жануарларға көрсететін көмегін айта отырып, оқушыларды қайырымдылыққа баулу.
Тәрбиелік мәні: Балалардың мейірімділік қасиетін арттыру.
Дамытушылық: Ойлау қабілетін дамытып қоршаған ортаға құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас.
Көрнекілігі: сурет, плакат.
Сабақтың барысы.
І. Жылулық шеңбері.
-Балалар айтыңдаршы қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілінің айларын айтайықшы
- Қыс мезгілінің қандай ерекшеліктері бар?
- Қыс несімен ұнайды?
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Қыс. Қысқы табиғат. Өсімдіктердің қысқы тіршілігі.
Оқулықтағы қыс көрінісін бейнелейтін суретті пайдаланып әңгіме құрастыру. Суретке ат қою.
Сабина. Еңлік. Әмірбек.
Аппақ аппақ қар аппақ,
Қар жамылған дала аппақ,
Қырау-қырау тал аппақ,
Айналаның бәрі аппақ.
-Ал балалар, өсімдіктердің қысқы тіршілігі жайлы не айтамыз?
ІІІ. Сергіту сәті.
ІV. Жаңа сабақ. Сөзжұмбақ шешіп ашамыз.
1. Қыста ұйқыға кетеді? (аю)
2. Бунақденеге жатады? (қоңыз)
3. Қосмекенділерге жатады? (саламандра)
4. Жыртқыш аң, қоянның жауы? (қасқыр)
5. Түлкінің баласы? (мыршай)
Қасқыр, қоян, түлкі қысқа азық қорын дайындамайды. Олар қыста ұйқыға кетпейді. Себебі өздеріне қорек таба алады. Қасқыр ірі жыртқыш. Ол бұғы, қоян және басқа аңдарды аудайды. Түлкі қар астынан тышқан ұстап жейді. Кейде ол тауыққораға да түсіп зиян келтіреді. Қоян, бұғы, еліктер қыста ағаш бұтағын, бұтаны және қар астында қурап қалған шөптерді қорек етеді.
Мысалы. Қасқыр орман санитары екен. Себебі, ол ауру жануарды құрта отырып, оларды жейді. Басқа аңдарға ауру жұқпайды, яғни ауырмайды.
Тиін.
Марат ағаштан үлкен қуысты көрді.
- Ол жерде тиін тұрады – деді орманшы.-Бірақ қазір ол ұясында жоқ.
Балалар бұтаның артына жасырынып, оны тосып отырады. Көп ұзамай тиін көрінді. Ол басқа жақтан келді. Жан-жағына қарап, ұясының қасындағы бұтаққа секірді. Алдыңғы аяғымен орман жаңғағын ұстап алған тиін зып етіп ұясына кіріп кетті.
Аздан соң тесіктен оның тұмсығы көрінді. Алдыңғы аяқтарымен қысып алған жаңғақты сытырлата бастады.
- Аңдарға жаңғақты қалай жинағанын айтып жатыр, - деді орманшы.
Балалар тиіннің азық қорын бірнеше жерге жасыратынын білді.
1. «Алма» ағашын салып алма артына сөздер жазу. Себетке жуан,жіңішке сөздерді жинау.
2. Түлкі, қасқыр, аю, қоян, елік, арқар, бұғы, бөлтірік, мыршай, қонжық, тиін.
3. Ертегіні құру. Түлкі мен қарға.
4. «Валюта» ойыны.
5. «Қай жануардың баласы?» ойыны.
6. Жаутаң мыршай түлкішек – түлкі,қасқыр- бөлтірік, қонжық-аю, арыстан-абдан, барыс-алаң, елік-құралай, жолбарыс-шөнжік.
7. «Қайсысы артық?» ойыны.
VІ. Сабақты қорытындылау. Сұрақ-жауап арқылы, пысықтау. Тәрбие.орг сайтынан Өсімдік пен аңдардың қысқы тіршілігі Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Қоспаева Жансұлу Нурлановна

Ордабасы ауданы Шұбарсу елді мекені "Ынтымақ" жалпы орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar