Сиыр

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 229
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 24/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20199


Сабақтың атауы

Сиыр

Мақсаты

Сабақтың мақсаты: Сиыр туралы жырға тоқталып,пайдасы жөнінде түсінік беру. Міндеті: Б.Сиыр туралы анықтама беріп ,олардың өнімінің денсаулыққа пайдасы жөнінде түсінік беру. Д.Оқушыларға сиырды қалай шақыру керек,пірлерінің атаулары жөнінде түсінік бере отырып ,ойлау қабілеттерін дамыту. Т. Сиыр малын күтіп-баптауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Маркер, клей,қайшы үлестірме қағаздар. Кетіргіш, қарындаш, түрлі түсті қағаздар,видео проектр,слайд.

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз,

Еш уайымды білмейміз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

 

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

I.Үй тапсырмасын тексеру
ІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
1. Жақсы ат жанға серік, Жақсы ит …….. серік.
2. Жылқы — …….. патшасы, Түйе — малдың қасқасы.
3. Теңге тиыннан өсер, Жылқы ……… өсер.
4. Аттың бәрі …….. болмас, Құстың бәрі сұңқар болмас.
5. Жылқының …… жесең тісіңе кіреді, Жемесең түсіңе кіреді.
2-тапсырма. Ассоциация.
«Сиырдың төлі бұзау» (Суретпен жұмыс)

Мақал – мәтел. Ой ізденім
1. Сиырлының үйі – айран, Сиырсыздың үйі – сырдаң.
2. Сиырдың сүті – тілінде.
6 – тапсырма: Дәптермен жұмыс Сырдаң – жұтаң, тапшы, кедей. Айдай иілген – мүйізі айға ұқсас. Көкке шүйірген – жоғары көтерген. Керілген желін, сала емшек – емшегі сүтке толған. Жаның сүйінген – қуану. Тілді үйірген – дәмділігі ауыздан кетпес, өте дәмді
7 – тапсырма: Ой қозғау стратегиясы бойынша сұрақ – жауап
Сиыр атасы қалай аталады? Сиыр малының қандай пайдасы бар? Сиыр төлі қалай аталады?
8 – тапсырма: Топтық тапсырма кластер арқылы жұмыстану
Топтық тапсырмада төрт түлік малының төлі қалай аталады, малды қалай шақырады? деген тапсырма берілді, конвертте берілген сөздерді желім арқылы қатесіз төрт түлік малының суреттерінің қасына жабыстыру керек.

Сөзжұмбақ шешу
с у
и т
ж а м а н д ы қ
е р

Сергіту сәті

Оңға түзу тұр,Солға түзу тұр.

Алға бір адым,Артқа бір адым.

Оңға бұрылып,Солға үңіліп

Жоғары, төмен қарайық,Орнымызды табайық. 

 

Ой толғаныс

1. Бұзаудың енесі қалай аталады? А) Түйе Ә) Жылқы Б) Сиыр В) Қой
2. Қойдың төлі….. А) Бұзау Ә) Құлын Б) Лақ В) Қозы
3. Теріден …. тігеді А) Етік Ә) Алаша Б) Көрпе В) Жүн
4. Көлік ретінде пайдаланатын мал. А) Қой Ә) Жылқы Б) Бұзау В) Сиыр

Үйге тапсырма

Сиыр жырын жаттап келу

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

 

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

Тәрбие.орг сайтынан Сиыр Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Құрмашева Мөлдір Тайырқызы

БҚО, Орал қаласы №1 жалпы орта білім беретін мектебі Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar