Үстеу

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 405
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 02/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20318


Пәні: Қазақ тілі 4-сынып
Тақырыбы: Үстеу

Сабақтың тақырыбы: Үстеу
Сабақтың мақсаты: Білімділік:Сөз таптары туралы білімдерін шыңдау, үстеу туралы ұғымдарын жетілдіру,сөздерге дұрыс сұрақ қою арқылы сөз таптарын шатастырмай ажырата білуге үйрету, қатесіз, көркем жазуға баулу.
Дамытушылық: Үстеуді сөйлем ішінен ажырата білуге, сауатты жазуға,іздену дағдыларын қалыптастыра отырып,логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Жаттығулар орындау кезінде сөздер мен сөйлемдердің тәрбиелік мәніне көңіл бөле отырып, топпен жұмыс істеу арқылы ынтымақ пен бірлікке,жолдастыққа көмек көрсетуге үйрету.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Көрнекілік: Тірек-сызба, кесте, карточкалар.
Әдіс-тәсілі: Проблемалық оқыту, сұрақ-жауап, көрнекілік, талдау, топтау, дәлелдеу.

Сабақ барысы:
І .Ұйымдастыру: а) Кезешілер мәліметі
ә) Психологиялық дайындық:
Қайырлы күн,достым!
Қайырлы күн болсынІ
Күлші,қане, достым!
Күлші,қане,достым!
Бүгінгі күн міне, сәттілікке толсын!
4-тік, 5-тік бағалар күнделікке толсын!
б) Сыныпты екі топқа бөлу,капитандары тағайындалады.
-Бүгінгі сабағымызға қонақтар келді,оларға бұрылып қарап ,жылы ықыласымызды білдірейік.Енді сабақ барысында сендер артқа алаңдамай тамаша жұмыс жасайды деп ойлаймын.

ІІ. Өткенге шолу: а) Өткенді қайталау мақсатында сендердің таңдауларыңа сұрақтары бар екі конверт беремін.
Конверт 1.
1)Есімдік дегеніміз не?
2)Барыс септігінің жалғауларын ата.
3) Атау септігіндегі ІІІ жақ жіктеу есімдігін септеңіз /Ол/
Конверт 2.
1)Етістіктің шақтарын сұрақтарымен атаңдар.
2) Жіктеу есімдіктерін атаңдар.
3) Атау септігіндегі ІІ жақ жіктеу есімдігін атап, оны септеңдер . /Сен/

ә) Көркем жазу:_ _Үү Ұұ ҮүҰұ ҮүҰұ ҮүҰұ_

ІІІ. Жаңа сабақ: 1. Сабақтың тақырыбын және мақсатын хабарлау.
- Бүгінгі сабағымызда «Қазақ тілі» елінің «Сөз таптары» аулына барамыз.
- Бұл ауылда біз бірнеше рет болғанбыз және бірнеше отбасымен таныспыз.
- Олар қай сөз таптары?
- /Зат есім,т.б./ балалардың жауабы
Ендеше келесі «Сөз таптары» ауылының отбасын білу үшін мына сөзжұмбақты шешейік.
Сөзжұмбақты мақал-мәтел арқылы шешеміз:
1) Жақсыдан.................(үйрен)
Жаманнан жирен
2)Өнерлі бала............(сүйкімді)
3) Түлік........... өседі.(төлден)
4) Жері байдың-........бай.(елі)
5) Жыланның........- тілінде.(уы)
- Ал ,бүгін «Сөз таптары» ауылының Үстеу атты отбасымен танысамыз
Қазір оқулықтағы 1-жаттығу орындалады. Қайда? Қашан? Қалай? (оқиды,жоғары,оңға,дайындау,батыр,сен,бүгін,қыста,артқа,дала,үнемі,ойла-ды,асықпай,көгілдір,каникул) сұрақтарына жауап беретін сөздерді теріп жазу.Теріп жазған үстеулерінің арасынан іс-әрекеттің мезгілін,мекенін,сын-қимылын білдіріп тұрған сөзді табу.
1-тапсырма: Мынадай сөйлемдерге назар аударайық
-Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойыңдар.
-Қай сөзбен байланысқан?
- Бұл сөздер етістіктің қандай белгісін білдіріп тұр? /әр сөйлемде/
1. Құстар жоғары (қайда?) ұшты.
2. Сыртта (қайда?) жапалақ-жапалақ қар жауып тұр.
3. Биыл (қашан?) көктем кеш (қашан?) келді.
4. Күн енді (қашан?) жылынады.
5. Шөп қаулап (қалай?) өсті.
6. Қар тез (қалай?) еріді..
2-тапсырма: Берілген сөздерге сұрақ қойып, жауап беретін сұрағына қарай топтап жазыңдар:
1-топ:Төменде, тез, күні бойы ,алға, жаңаша, жоғарыда,
қолма-қол, күндіз-түні , ақырын, орысша, тал түсте .
2-топ: Бүгін, кеше, артта, қазақша, осында, шапшаң ,
таң сәріде, ертең, сыртта, шалқасынан, бірте-бірте.
Қашан? Қайда? Қалай?
Тал түсте төменде тез
Күні бойы жоғарыда ақырын
Күндіз-түні алға жаңаша
Бүгін артта қазақша
Ертең сыртта орысша
Кеше осында шапшаң
Таң сәріде шалқасынан
қолма-қол
бірте-бірте
-Бұл сөздерді сұрақтарына қарап ,қандай сөз табына жатқызамыз?
-Үстеу!
Ендеше, тірек сызба құрастырып көрейік:

Үстеу
Мағынасына қарай

Мезгіл
Мекен Сын-қимыл
С ұ р а қ т а р ы:

Қашан? Қайда? Қалай?

* Жазған сөздерді мағыналық түрлеріне қарай, сызбаға салатын болсақ,
ҮСТЕУДІҢ мағыналық түрлеріне қарай қай түріне жатқызуға болады?
*Неге сол топқа жатқызғандарыңды сызбаны басшылыққа алып, дәлелдеп
түсіндіріп көрейік.
Іс-әрекеттің мезгілін (мекенін,
сын- қимылын) білдіреді.
Бұл – үстеу, өйткені (қашан? қайда? қалай?) сұрағына
жауап береді.
Ендеше, ереже қорытамыз:
***Іс-әрекеттің мезгілін, мекенін, сын-қимылын білдіретін сөздерді
ҮСТЕУ дейді. Үстеулер қашан? қайда? қалай? деген сұрақтарға
жауап береді.
Сергіту:
Оқулықпен жұмыс: Айтқан ережені оқулықтағы ережемен салыстырып
көрейік.

3-тапсырма: І топ – 1-жат. 1,3,5-сөйлемдерді.
ІІ топ- 1-жат. 2,4,5-сөйлемдерді тақтаға орындау.
2 ,3,4- жаттығуларды орындау. /өз беттерінше әр топта/

4-тапсырма: Мәтіндерді қалып қойған үстеулермен толықтырып оқыңдар, шығарманың қай түріне жататынын анықтаңдар:

1.Ерте (қашан?) шықсаң, алдыңнан (қайдан?) күн шығады.
Кеш (қашан?) шықсаң, алдыңнан (қайдан?) түн шығады
2. Таңертең де(қашан?), түсте де(қашан?)
Күнге бетін бұрады.
Тостағанын кішкене
Тосады да тұрады. /күнбағыс/
3. Жазғытұрым (қашан?) қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай (қалай?) құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай (қалай?) елжірер күннің көзі.

Ой сергіту жаттығуы: Екі топ бір-біріне «Бір сыңарын сен, бір сыңарын ол»
ойыны:
Қарсы мәндес үстеулер айту Мыс: Ерте – кеш; Қыстыгүні – жаздыгүні;т.с.с.

Өздік диктант
(әр бала өз көршісіне жаздырады, бір-бір сөйлемнен)
1.Аңшылар бүгін қонжық алып келді. Үйге кірген соң, қонжық өзін еркін сезінді.2.Бөлмеге кенет ит кіріп келді. Ол іште аң барын бірден сезді.3.Бұл аңның мұнда лезде кіріп алғанына аң-таң.4.Қонжық артқа шегініп, ақырын жақындап келе жатқан итке кішкентай көздерімен ашулана қарады.5.Ит дереу бойын кере, ауаны ішіне тартты, өз әдетімен әуелі беймәлім жауының иісін алғысы келеді.6.Аян үй тапсырмасын асықпай орындайды. Күнде таңертең жаттығу жасайды.7.Ол үй шаруасына үнемі көмектеседі. Жүмысты тез істейді.8.Аян кітапханадан ұдайы кітап алып оқиды. Бүгін жас оқырмандар кездесуіне қатысты.9.Артта мұнартып тау қалды.Енді-енді шығыс жақта бұлт сөгіле бастады.10.Ауа райы бүгін-ертең ашыла қоймайды. Қарлы боран толассыз соқты.11.Апай бүгін саяхатқа баратынымызды айтты. Балалар жылдам жиналды.

«Кім жылдам» ойыны: Екі топтан екі оқушыдан шығып , әр қадам сайын үстеу айтып жарысады.
Сын-қимыл -----шапшаң------тез----- оқыдым
Мекен -----жоғары-------оңға------көтерілдім
Мезгіл-------кеше келдім күндіз-түні----------дайындалдым

Үйге тапсырма:
1. 6-жаттығу. Ереже және дәлелдеу кестесін меңгеру.
2. Ұйқастарға өлең құрау, үстеулерді қатыстырып:
а/ ------- ойпайды, ә/ ---------- көреді, в/ ------- ойлайды,
-------- тоймайды ---------- өреді. -------- тойлайды.
------------------------ ------------------ -----------------------
---------- қоймайды. ---------- төнеді. -------- жоймайды.

Бағалау: Өзін -өзі бағалау: Бүгінгі сабақта әр кім өзін бағалайды. Тақырыпты өте жақсы, яғни 5–ке, жақсы 4-ке, н/е толық меңгермедім дегендерің «3» деп
бағалайсыңдар. Бұл бағаны күнделікке қоямын ..

Сөз таптары
Зат есім
Етістік
Сын есім
Сан есім
Есімдік
Үстеу
Шылау
Одағай
Еліктеуіш сөздер


Үстеу Тәрбие.орг сайтынан Үстеу Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Карменова Айнаш Кокбаевна

Пікірлер: 0

avatar