Су-өмірдің нәрі

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 220
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 05/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 20780


Сабақтың тақырыбы: Су- өмірдің нәрі
Мақсаты: Табиғаттағы су түрлері және оның маңызы жайлы біледі. Тәжірибе арқылы судың қасиеттерін , күйлерін анықтайды .Қоршаған ортаны қорғау ,суға үнемділікпен қарауды түсінеді.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, суреттер, глобус, үнтаспа, тәжірибеге қажетті заттар.
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту сабағы.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу, топпен жұмыс, практикалық жұмыс, тест.
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру бөлімі:
Психологиялық дайындық
Табиғат –біздің анамыз
Табиғатқа баламыз
Табиғатты қорғайтын ,
Біз әдепті баламыз.Оқушылар қол ұстасып ,шеңбер жасап айтады.
2. Үй тапсырмасы
«Ыстық орындық» ойыны арқылы тексеру.
- Ауаның қасиеттері
-Ауаның құрамы
- Ауаның ластану себептерін анықтау
- Таза ауаны сақтап қалу үшін не істеу керек?
3. Релаксация . Үнтаспадан «Судың дыбыстары»
4.Сабақтың тақырыбын , мақсатын хабарлау.
5. Жаңа сабақ түсіндіру , әңгімелеу
- Су туралы түсіндіру, әңгімелеу.
- Глобуспен жұмыс жүргізу.
Картада су көк түспен белгіленген. Су жердің төрттен үш бөлігін алып жатыр. Сусыз өмір жоқ. Су тіршілік көзі. Ол сұйық зат. Өзен, көл, теңіз, мұхиттарды құрайды. Аспаннан жаңбыр түрінде түседі. Күн суытқанда су қатып, мұзға айналады. Мұз бен қар – судың қатты күйі. Су қайнағанда, моншадан шыққанда бу шығады. Ол судың бу кезіндегі күйі.
Бу – мөлдір, түссіз газ. Бу – судың газ түріндегі күйі. Судың өзіне тән қасиеттері болады
- Тәжірибе алаңы
1.Шыны ыдысқа су , екінші шыныға сүт құй. Екеуін салыстыр. Не байқадың?
2.Сүт –ақ ,су түссіз.
3.Екі стақанның біреуіне су , екіншісіне сүт құй. Олардың ішіне қасық сал!
4.Қай шыныда қасық көрініп тұр? Неге?
5.Судың иісі бар ма? Иіскеп көр.
6.Шыны ыдысқа саз балшық салып ,араластыр.Не байқадың ? Саз балшық еріді ме?
7.Шыны ыдысқа тұз немесе қант сал .Не байқадың? Тұз , қант еріді ме?
8.Су түссіз, иіссіз, мөлдір, ағады, суда пішін жоқ , сұйық, жабысқақ.
Сергіту сәті
«Кім жылдам ?» ойыны арқылы 2 топқа бөлініп ыдысты суға толтыру тапсырмасын орындайды.
Судың адам өміріндегі маңызы қандай?
Сюжетті суреттермен жұмыс жүргізу
«Жалғасын тап»
1.------- жер –нулы жер
2.------- көрсең –көзін аш
3.------- –теңіз болар.
4.Мектеп –кеме ,білім – --------
5.Отпен ойнама – жанарсың,
------- ойнама – батарсың
Сабақты бекіту
1.Тест жұмыстары 2сынып
1. Судың қасиетін белгіле
А) мөлдір ә) ақ б) Сұр
2. Суда еритін затты белгіле
А) қант ә) тас б) құм
3. Суда ерімейтін затты белгіле
А) құм ә) тұз б) қант
4. Су табиғатта неше күйде кездеседі?
А) 2 ә) 3 б) 5.
5. Судың қатты күйі қалай аталады?
а ) су ә) бу б) мұз

2. Бес жолды өлең 3 сынып
Су - өмірдің нәрі
Су - өмірдің сәні
Суды таза ұстасаң,
Аман болар бәрі.
Бағалау. Оқушылар әр тапсырманы орындаған сайын тамшы берілді. Соны санау арқылы бағаланды.
Білім ағашы . Кері байланыс бүгінгі сабақты қандай деңгейде түсіндің ? Не білдің ? Не үйрендің ? Тәрбие.орг сайтынан Су-өмірдің нәрі Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Дюсембекова Мархабат Бектасовна

Алматы облысы Сарқан ауданы Сарқан қаласы "Ақын Сара атындағы орта мектеп" КММ бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar