Су.Судың күйі

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 517
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 06/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 20817


Балқаш қаласы, Сәкен Сейфуллин атындағы №7мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Төреханова Гүлшар Төреханқызы
Тақырыбы: Су.Судың күйі.
Мақсаты:
1) Оқушыға су туралы мағлұмат беру, судың қандай күйде болатынымен таныстыру, талдау, салыстыру,қорытынды шығара білуге үйрету.
2) Оқушының сөздік қорын дамыту,өз ойларын еркін жеткізе білегу үйрету.
3) Судың адам өміріндегі маңызы туралы мағлұмат бере отырып, суды қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: суреттер,тірек сызбалар,карта,глобус,жұмбақ,мақалдар.
Әдісі: сұрақ-жауап,талдау,жинақтау.
Типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық
(Біз бақытты баламыз,
Күннен шуақ аламыз
Жан-жағыма қарап ап,
Аздай күліп аламыз,
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.)
2. Үй тапсырмасын тексеру.
- Үйне қандай тапсырма берілді?
- Ауаның табиғат пен адам өміріндегі маңызы.
Үй тапсырмасын қайталау?
Ауа қандай?



Адамға тыныс алу үшін не қажет?
Ауа біздің жан-жағымызды не істеп тұрады?
Жел дегеніміз не?
Ауа туралы тағы не білеміз?
(Оқушылардан толық жауабын сұрау)
Адамның табиғат пен адам өміріндегі маңызы туралы не білеміз?
Ауа қалай ластанады?
Ауаны қалай тазартуға болады?
3.Жаңа сабақ.
Су жүргізер тіршіліктің тамырын
Су жоқ болса тіршілік тамам бауырым
Судың біз біле тұра маңызын
Көп болған соң ұмытамыз қадірін.
- Өлең не туралы?(Су)
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Су.Судың күйі.
Мақсатымыз: Су туралы мағлұмат беру,судың адам өміріндегі маңызы,судың қандай күйде болатынымен танысамыз.
Картадан өзен,көлдерді атап,табу.(слайд)
Жер бетінің көп бөлігін су алып жатыр. Су ғажайып зат. Жер бетіндегі су құрлықтан 3 есе көп. Олар мұхиттар,теңіз,өзен,жасанды су қоймалары,бұлақ сулары.
Су жердің 3/4 бөлігін алып жатыр, сусыз өмір жоқ.Ол-сұйық зат.Өзен,көл,мұхиттарды құрайды.Табиғаттағы су 3 түрлі болады.
Сұйық,қатты,газ тәріздес бу күйінде болады.
Су-тіршілік көзі. Су- табиғатта ең көп таралған зат.
Әр адам тәулігіне 2-3литр су ішу керек. Адам организімінде жас ерекшелігіне байланысты 60-70% су болады.
Адам су ішпей 5 күн ғана жүре алады,ал жануарлар 7 күн жүреді.
Суық кездерде су қатып,қатты күйге айналады.Мұз бен қар-судың қатты күйі. Су сұйық күйден газ түріне ауысады.Бұл судың булануы кезінде болады.Бу-түссіз,мөлдір газ.
(толық әңгімелеп беру)
4. Кітаппен жұмыс.
- Оқулықты ашып, балаларға кезекпен оқыту,іштей оқыту.
5. Сергіту сәті:
Сылдырлайды мөлдір су
Мөлдір суға қолыңды жу
Жуынсаң сен әрдайым
Аппақ бетің,маңдайың
Тазалықтың досы
Су дегенің осы.
Балалар,біздің Отанымыз қалай аталады?
ҚР-ң тәуелсіздігіне неше жыл?
EXPO-2017 қай қалада өтеді?
Сендердің туып-өскен жерлерің қай қала?
Балқаш қалай ерекше болып көрінеді?(көлімен,зауытымен)
(Оқушылардан толық жауап алу)
6. Дәптермен жұмыс.
- Су туралы тыйым сөздер,мақал-мәтелдер жазу,жұмбақтар шешу.
7. Тәжірибе жасау.
- 3 топқа бөлу: 1 топ-қант,2 топ-тұз,3 топ-құм.
(не байқағандарын ауызша әңгімелеп айту)

Судың қасиеттерін айтып жіберейікші.




8. Қорытындылау.
- Су дегеніміз не?
- Суды неге ерекше зат дейміз?
- Қар,мұз деген не?
- Бу деген не?
(Оқушылардан толық жауап алу)
Слайдтан судың қажеттілігіне тоқталып,қорытынды жасау.
Үйге тапсырма: 30-31 бет оқу,мазмұндау.
Бағалау:
Оқушыларды тест арқылы бағалау. Тәрбие.орг сайтынан Су.Судың күйі Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Төреханова Гүлшар Төреханқызы

Пікірлер: 0

avatar