Судың қасиеті

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 348
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 10/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20453


Дүниетану Уақыты: 18.11.16 ж. Мұғалім: Толебаева С.Е.
Сабақтың тақырыбы Судың қасиеті
Мақсаты Оқушыларды судың қасиеттерімен таныстыру. Практикалық жұмыс барысында бақылау, талдау, салыстыру және қорытынды шығара білуге үйрету. Оқушылардың өз ойларын жуйелі түрде баяндауын, түсініп оқуын, ойлауын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Табиғатты сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже А) тәжірибе жасай алады
Ә) Судың маңыздылығын ұғынады
Б) Судың тіршілікке маңызын бағалайды
Психологиялық ахуал Күндей күлімдеп,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір, таза көңілмен
Біз сабақты бастаймыз! Оқушылар мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту - Балалар қазір қандай сабақ?
-Дүниетану сабағында біз сендермен нені үйренеміз?
(Айнала қоршаған табиғат, су, жан- жануарлар туралы білім аламыз.)
-Балалар адамға өмір сүру үшін не қажет?
(Ауа, су, азық, киім, баспана қажет)
-Олай болса адам бұл қажеттіліктерді қайдан алады?
(Табиғаттан алады.)
- Бүгін ауа райы қандай?
- Жауын - шашын бар ма?
- Ауа температурасы қандай?
- Балалар, бүгін сабаққа Бота қатысады. Ол сендерге әртүрлі тапсырмалар беріп отырады. Ең бірінші тапсырмасы сендерді топқа бөлу Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып, ерекше ынтамен кіріседі.
Топқа бөлу 1) Топқа бөлу.
Бота бізге мына жұмбақтарды шешуге ұсынып отыр:
1.Сылдыр, сылдыр етеді,
Жылғалардан өтеді. (Су)
2. Өзі көкшіл, кейде кекшіл,
Тегі көктен, қалың шөптен. (Мұз)
3. Көзге көрінгенмен,
Ұстасақ қолға тимейді. (Бу)
4. Таусылмайтын ақ мақта,
Қысы-жазы тау жақта. (Қар)
Су, бу, мұз, қар суреттері арқылы топқа бөлу Оқушыларды жұмбақтар шешу арқылы топқа бөлу.
4 топ:
1 топ «Су»
2 топ «Мұз»
3 топ «Бу»
4 топ «Қар»
Үй тапсырмасын тексеру Алдымен үй тапсырмасын пысықтап алайық.
2) Топтық жұмыс.
1 топ. Жер бетіндегі су нені құрайды.
2 топ. Судың маңызы. Су не үшін керек?
3 топ. Су қандай күйде болады?
4 топ. Судың қандай пайдасы бар?
3) Ойын «Отыр-тұр»
Ал балалар бір ауық,
Дұрыс бұрысты ұғалық.
Дұрыс болса отырып
Бұрыс болса тұралық
Суды жейміз (тұр - бұрыс)
Суды ішеміз (отыр - дұрыс)
Сусыз өмір сүреміз (тұр - бұрыс)
Сумен жуынамыз (отыр - дұрыс)
Су қатпайды (тұр - бұрыс)
Су сұйық (отыр дұрыс) Топтық жұмыс және ойын арқылы үйге берілген тапсырмаларды тексеру
Мағынаны тану Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау
- Балалар, Ботаның жұмбағын шешейік.
Аяғы жоқ жорғалайды, жүреді,
Аузы да жоқ сыңғырлайды, күледі.
Онсыз бірақ жер бетінде тірлік жоқ
Айтыңдаршы осыны кім біледі? (су)
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Судың қасиеті
Сабағымыздың мақсаты: Оқушыларды судың қасиеттерімен таныстыру. Практикалық жұмыс барысында бақылау, талдау, салыстыру және қорытынды шығара білуге үйрету.
- Картада су көк түспен белгіленген. Су жердің төрттен үш бөлігін алып жатыр. Сусыз өмір жоқ. Су – тіршілік көзі. Ол – сұйық зат. Өзен, көл, теңіз, мұхиттарды құрайды. Адам денесі 70 пайыз судан құралады. Су – бүкіл тіршіліктің көзі. Судың қасиеті көп зерттелді. Біз бүгін сабағымызда тәжірибе жасап судың қасиеттерін анықтаймыз.
Оқулықпен жұмыс
• 4). Практикалық жұмыс
Судың қандай қасиеттері бар? Оны тәжірибе жасау арқылы анықтауға болады.
Топтық жұмыс
1 топ: 1-тәжірибе және 6-тәжірибе
Судың тұрақты пішіні болмайды.
Стакандағы суды кесеге, тәрелкеге құю. Ол қандай ыдысқа құйылса, сондай пішінге ие болады.
Су – сұйық, ол ағады.
Суды кез-келген беті тегіс нәрсеге құйып көру. Ол жан-жағына аға бастайды. Себебі, ол – сұйық.
2 топ: 4, 5-тәжірибе
Су – дәмсіз, таза судың дәмі болмайды.
Су – иіссіз, таза судың иісі болмайды
3 топ: 2, 3-тәжірибе
Су – түссіз.
Стаканға сүт, ал екіншісіне су құйып, екеуін салыстыру. Сүт – ақ, ал су – түссіз. Суды аз мөлшерде алсақ, ол түссіз. Ал өзен, көл суларының сулары әр түрлі болады. Оның себебі судың тереңдігіне байланысты, терең жердің суы көгілдір болады.
Су – мөлдір.
Екі стаканның біреуіне сүт, біреуіне су құю. Олардың ішіне қасық салу. Қайсысы анық көрінеді. Неге ?
4 топ: 7-тәжірибе
Суда ерітін және ерімейтін заттар болады.
• Тәжірибені қорытындылау.
1. Судың нақты пішіні болмайды.
2. Судың түсі жоқ. Ол түссіз.
3. Су – мөлдір.
4. Судың дәмі жоқ.
5. Судың иісі жоқ.
6. Су сұйық. Ол ағады.
7. Суда ерітін және ерімейтін заттар болады.
Сергіту сәті Жауын, найзағайдың дыбысын тыңдау. Оқушылардың өздеріне жасату:
• Жел тұрды
• Найзағай ойнады
• Жауын жауды
• Жауын жай жауды
• Жауын қатты жауды
• Жауын басылды
• Күн ашылды Ой сергітеді,
шашағандары
басылады
Дәптермен жұмыс 5) Дәптермен жұмыс
Күннің жадын, сабақ тақырыбын жазу.
Судың қасиетіне жататындарды теріп жазу.
Мөлдір, түссіз, иісі бар, иіссіз, жасыл, дөңгелек, дәмсіз, тәтті.
6) Су туралы мақал- мәтелдерді жалғастыру. Топпен жұмыс
1. Арық бар жерде су бар,
Су бар жерде ну бар.
2. Бүлаққа бүлақ қосылса — "егізбіз" дейді,
Көлге көл қосылса — "теңізбіз" дейді.
3. Көлдің көркі — құрақ,
Таудың көркі — бұлақ.
4.Өзен ақса — көл,
Дария ақса — сел.
5. Су анасы — бұлақ,
Сөз анасы — құлақ.
6. Сусыз өмір жоқ,
Отсыз темір жоқ.
7. Су ырыстың көзі,
Еңбек кірістің көзі.
8. Терең құдықтың суы тәтті.
Ой толғаныс 7) Көрініс «Тесік шелек»
Бір байдың үйіне қызметшісі күнде екі шелекпен су таситын. Алайда, оның біреуінің түбі тесік болатын. Бүтін шелекпен суды қожайынның үйіне төкпей-шашпай жеткізсе, тесік шелекке құйылған су жол бойы тамып, жартысы ғана кәдеге жарайтын. Осылайша арада екі жыл сырғып өте шығыпты.
Бір күні әдеттегідей өзен жағасына тағы барғанда, шыдамаған тесік шелек су тасушыға қысыла-қымтырыла:
- Сізден кешірім сұрасам деп едім, білсеңіз ылғи алдыңызда ұяттан өртене жаздаймын»,- депті.
Таңқалған су тасушы:
-Неге?- деп сұрайды. Шелек:
-Өйткені, түбім тесік болғандықтан, судың жартысын ғана жеткізіп, өзіме жүктелген міндетті толық орындай алмай жүргеніме іштей қатты қысылам. Менің кесірімнен сіз де тиесілі еңбекақыңызды толықтай ала алмай келесіз.
- Оған түк те қайғырма. Одан да қожайынның үйіне баратын жолдың сен жағындағы гүлдеріне бір қарашы.
Шынында да қожайынның үйіне жеткенше жолдың өз жағы жапырағы жайқалған, иісі аңқыған гүлдермен көмкеріліпті. Әдеміліке тамсанған шелек бір сәт аңтарылып тұрып қалғанда, су тасушы:
- Жолдың сен жағына әдейілеп гүлдер ектім. Күн сайын су алып қайтқанда сен оларды суғарып тұрдың. Екі жылдан бері қожайынды осылайша қуантып келдім. Егер сен тесік болмағаныңда, гүлдер болар ма еді?! - деген екен.
Пенде болған соң тесік шелек секілді әркімнің де өзіне тән кемшіліктері болары сөзсіз. Алайда, одан қуыстанып, қорқа беру де жөн емес. Дегенмен, кемшілігін түзеп, үлгі ала білсе, жақсылыққа қарай ұмтылса, сіздің де біреуге пайдаңыз тиері сөзсіз.
8) Өзіндік жұмыс «Аяқталмаған сөйлем....»
Су....................
Су...................
Судың адам өмірі үшін бағасы өлшеусіз
Сусыз тамақ піспейді, тазалық та болмайды
Су жолымен адамдар қатынайды, қайық, кеме жүзеді, жүк тасиды
Судың күшінен электр қуатын да алады
Су арқылы үйді жылытады
Өндіріс орындары сусыз жұмыс істей алмайды
Судың өсімдік және жан-жануарларға да пайдасы мол
Судың адам денсаулығына пайдасы
Қорытындылау Қорыта келгенде, табиғат-ана бізді аялап, қастерлеп, еш планетада жоқ суды бізге сыйлаған. Ата-бабамыздан қалған табиғи мұралардың ең бастысы су көзі болып табылатынын біле білген жөн. Қазақ халқы «судың да сұрауы бар деген». Сусыз тіршілік көзінің жойылатыны айдан анық. Құрметті оқушылар, суды аялап, оны қастерлеп күту керек екенін естен шығармаңыздар!
Үйге тапсырма 34 бет , 2 сұраққа жауап беру Күнделіктеріне жазып алады
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады Тәрбие.орг сайтынан Судың қасиеті Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Толебаева С.Е.

Пікірлер: 0

avatar