Сымнан тұмар жасау.

  • Жүктеулер: 6
  • Көрсетілім: 961
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 06/Окт/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19595


Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сымнан тұмар жасау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға сым туралы түсінік беру, сыммен жұмыс жасау әдіс-тәсілдерін үйрету.
Дамытушылық:Тұмар түрлерін таныстыру арқылы білім-білік дағдыларын қалыптастыру, еңбекке деген қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Өз қабілеттерін, өз таланттарын шыңдай түсуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Cабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, жұмыстың ретін көрсету.
Көрнекілік: Тұмар түрлері, сымның түрлері, слайдтар.

Сабақтың барысы :
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу.
Психологиялық дайындық.
Кесте тіксең зерлеп,
Мұның аты - еңбек.
Қырға шықсаң өрлеп,
Мұның аты - еңбек.
Қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек.
Бағалаумен таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Тақырыбы: Моншақтан әшекейлеп бұйымдар жасау.
ІІІ. Өтілген тақырыпты пысықтау.
Сұрақ- жауап:
1. Моншақтың қандай түрлерін білесіңдер?
2. Моншақтан қандай бұйымдар жасауға болады?


ІV. Тақырыптық байланыс.
Сөзжұмбақ шешу.
1. «Ілгек» сөзіне синоним.
2. Әжелер жіп иіретін бұйым.
3. Әшекей ретінде қолданылады....
4. Мата қиятын құрал.
5. Моншақтың майда түрі.

Т
Ұ
М
А
Р

V. Жаңа сабақ.
Тақырыбы : Сымнан тұмар жасау.
Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру. Сым туралы, тұмар туралы түсінік беру.
Күллі әлемнің барлық халықтарында амулет-талисман деп аталса, қазақ халқында тұмар деп аталады. Тұмар өзінің мағыналық сипаты жағынан көз тимеу үшін, әсемдік үшін және т.б. жағдайларда тағылады.
Қазақтың байырғы түсінік ұғымы бойынша, «тілім тасқа, сұғым суға, назарым назарға аусын», «тіл көзден сақтасын», «я,Алла тілден,сұқтан, қауіп – қатерден қағыс қыл», « назары аштың сұғынан сақта» тәрізді бата-тілектер көз тілден сақтауға септігін тигізеді екен деседі. Киелі саналатын дәстүрлі ырымдардың бірі - тұмар тағу.
Сым туралы түсінік.
Заводтарда негізінен сымдарды орам түрінде шығарады. Қажет дайындамалар ұзыннан арнайы кесіп алынады.Сымның түрлері:
Мыс сым, алюминий сым, қола сым, стальной сым.

Ендеше , балалар тұмар жасап үйренейік!
Жұмыстың орындалу реті:
1.15 см көлемдегі иілгіш мыс сымды үшбұрыш пішініне келтіреміз.


2.Қалдырған сымның екінші ұшын сұқ саусағымызға орап ілмек жасаймыз.


3.Дайын ілмектен жіпті өтіріп, жіптің екі ұшын біріктіріп байлаймыз.



4.Тұмарды моншақпен безендіреміз.

VI. Сергіту сәті.
VII. Сабақты бекіту. Сұрақ – жауап:
1.Сымды қайда өндіреді? (заводта)
2.Сымның қандай түрлерін білесіңдер? (мыс, алюминий, қола, стальной).
3.Тұмарды қандай материалдардан жасайды? (қағаздан, матадан, былғарыдан).
4.Тұмарды не үшін тағамыз? (көз тиюден сақтану үшін, әсемдік үшін).
VIII. Сабақты қорытындылау.
Не үйрендік? Не білдік?
ІХ. Үйге тапсырма.
Сымнан тұмар жасау.
Х. Бағалау. Тәрбие.орг сайтынан Сымнан тұмар жасау. Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Байкенжеева Айгул Шарафадиновна

Маңғыстау облысы.Бейнеу ауданы.Манашы орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar