Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Сын есім
  • 14.03.2016
  • 960 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 17917

Сабақ: қазақ тілі Мектеп: «Знаменка жалпы орта білім беретін мектебі»КММ
Күні: 14.03.2016 ж. Мұғалімнің есімі: Ахметова Анара Сапарбековна
Сынып: 3 «А» Қатысқандар саны: 18 Қатыспапағандар саны:2
Сабақ тақырыбы Сын есім
Сабаққа негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) Сын есім жөніндегі білімдерін жете меңгеру.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
Сын есім жөніндегі білімдерін жете меңгереді. Сын есімнің сындық қасиеттерін ашады.
Оқушылардың басым бөлігі:
Сын есімнің құрамын, тұлғасын, құрылысын талдауға үйренеді.
Кейбір оқушылар:
Сын есімнің сұрақтарын айта алады.
Тілдік мақсат Оқушылар:
Бірінің пікірін бірі тыңдай біледі.
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Түсі, дәмі, пішіні, көлемдік, салмақтық белгісі.
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік біліктер:
Зат атаулыларына қатысты сын есім тауып жазу.
Талқылауға арналған тармақтар:
Адам мен жануарларды оларға қатысты белгілері арқылы білуге бола ма?
Жазылым бойынша ұсыныстар:
Қиярды сипаттап жазу.
Алдыңғы оқу Ережелерді жатқа сұрау.
Жоспар
Жоспарланған уақыт

8.30 – 09.15 Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулар мен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
Бағалау Ресурстар
Мұғалімнің әрекеті Оқушылардың әрекеті
Басталуы Сәлемдесу.
Сыныптың психологиялық ахуалын көтеру.
Оқушыларды шеңберге тұрғызады.

Сөз таптары бойынша топқа бөліну.

«Сұрақтар бұрқасыны» әдісі.
(өткен сабақтардағы ережелер бойынша сұрақтар)
Шаттық шеңбері.
Бір шеңбердің бойымен, қол ұстасып тұрады, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. Топта ынтымақтастық орнайды.

Берілген сөздер бойынша топқа бөлінеді.
«Зат есім», «Сын есім», «Сан есім», «Етістік»
Оқушылар топпен қағазға сұрақтар жазып бір – біріне лақтырып, жауап береді.


Г.И.Уайсова,
Ә.Е.Жұмабаева «Қазақ тілі» 3 сынып.-«Атамұра» 2014

Қима сөздер

қағаздар

Ортасы «Сөзжұмбақ» әдісі
Мен сендерге зат есімдерді айтамын, ал сендер сол зат есімнің түрін, түсін, сапасын білдіретін сөздерді немесе қандай? қай? сұрағына жауап беретін сөзді табуларың керек.
1. Қой
2. Тон
3. Арқан
4. Көше
5. Жапырақ
6. Тау
7. Қыз

ж у а с
ж ы л ы
ұ з ы н

к е ң
ж а с ы л
б и і к
ә д е м і

Енді, жасырын торкөздерден біздің бүгінгі сабағымызды тауып алыңдаршы.

Оқушылар топпен жауаптарын кестеге түсіріп отырады.

«Сын есім»



сөзжұмбақ
маркер

Осыдан оқушылар өздері қорытынды шығарады.

Заттың түрін, түсін, сапасын білдіретін сөздерді сын есім деп атаймыз. Сын есімдерге қандай?қай? деген сұрақтар қойылады.

Оқулықпен жұмыс және жазба жұмыстарын орындау.
а/ көркем жазу
Тт/Тт/Тт/Тт
таяз таяз

184 бет 7 – жаттығу. Берілген зат есімнің әр түрлі белгісін білдіретін үш түрлі сын есім тауып айт. (ауызша)

Дәптерлерін ашып, жазады.

Оқушылар берілген тапсырманы топпен орындайды, қорғайды.
дәптер




сызбалар
Семантикалық карта.
184 бет 8 – жаттығу. Берілген сөздердің түсі, дәмі, пішіні бойынша білдіретін белгілерін кестеге орналастыр.
Алмұрт, пияз, доп, жапырақ, қызғалдақ, мүйіз, лимон, анар.


Топтық жұмыс

бағдаршам кесте
Сергіту сәті.

Дәптермен жұмыс.
185 бет 12 – жаттығу. Сын есімдерді тауып, қиярды сипаттап жазу.

Бірнеше оқушыларға карточка тапсырмаларын беру.


Оқушылар жекелеме жұмыс орындайды.

1 – карточка.
Сын есімнің сұрақтарын жаз.

2 – карточка.
Зат есімнің алдына тиісті сын есімді қой.
.... үй
.... ағаш
.... бұлт

3 – карточка.
Сын есімнің астын сыз.
Жаман адам жауға қалдырар,
Жаман жолдас жауға алдырар

4 – карточка.
Сөздерді әр сөз табының тұсына топтап жаз.
Жасыл, алма, су, жауды, аппақ, келді, қысқа, жүгірді, күшік.
Зат есім:
Сын есім:
Етістік:
5 – карточка:
Тон, бояу сөздерін 3 жақта тәуелде.


карточкалар
Аяқталуы «Шығу парағы». Сабақтың соңында оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын. Сұрақтар арқылы оқушының алған білімін қадағалаймын.
1.Сөз таптарын ата
2.Сын есімнің сұрақтары.
3. Сын есім дегеніміз не?

Бағалау. Оқушылар сұрақтарға жазбаша жауап береді. А4 форматты қағаз, маркер

Бағалау парағы
Келесі оқуға арналған тапсырмалар Оқулықтың 184 бетіндегі 9 – 13 жаттығуды орындау. Ережелерді қайталау. Күнделіктеріне үйге берілген тапсырманы жазып алады.
Қосымша ақпарат Абайдың жыл мезгілдеріне байланысты өлеңдерін естеріне түсіру.Сол өлеңдерден сын есімдерді табу. Тәрбие.орг сайтынан Сын есім Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ахметова Анара Сапарбековна

ШҚО Семей қаласы Знаменка ауылы "Знаменка жалпы орта білім беретін мектебі" КММ Бастауыш сынып мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Көрсетілім: 960 | Жүктеулер: 4
Барлық пікірлер: 0
avatar