Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Сын есім
  • 21.04.2016
  • 517 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18774

Күні: 14.02.16.
Сынып: 2 «В»
Пәні: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Сын есім
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Жаңа заман талабына сай оқытудың түрлі технологияларын сабақта тиімді пайдалану арқылы оқушыларға жаттығуларды орындата отырып, сын есім туралы түсінік беру, сын есімді таба білуге үйрету.
Дамытушылығы: Тілін, сөздік қорларын дамыту, дүние танымын кеңейту, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.
Тәрбиелігі: Байқампаздыққа, белсенділікке, мейірімділікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Ауызша сөйлеу қабілеті дамыған, сауаттылығы, дербес жұмыс жасау дағдысы қалыптасқан, белсенді, байқампаз, ой-танымы кең,
тапқыр, алғыр, нәтижеге қол жеткізетін оқушы болып қалыптасады.
Сабақты ұйымдастыру түрі: дамыта оқыту, іздену, зерттеу.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, өздік жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс,ойын, әңгімелеу.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, музыка, математика, қазақ тілі, өзін-өзі тану
Көрнекілігі:
Жауынгер бейнелері, карточкалар, интерактивтік тақта
Қажетті құралдар:АКТ, СБР, интерактивтік тақта.
Қолданылатын жаңа педагогикалық технология элементтері:Дидактикалық
бірліктерді ірілендіру, ойын элементтері, топтастыру, семантикалық карта,
сәйкестендіру.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық.
Күлім қағып қолымды,
1,2,3 деп соғайын.
Қарап тұрған көршіме,
Қолымды мен бұлғайын.
Жылы, жылы жүзбенен,
Мандайыннан сипайын.
Жылы, жылы сөзбенен,
Жүрегімді сыйлайын.
Ыстық алақаныммен,
Қолыңды бер қысайын.
Амандасып өзіңмен,
Құшақтап бір қысайын.
Топқа бөліну
Түстер бойынша топқа бөлу
Қызығушылығын ояту.
-Балалар, бізді алдымызда қандай ерекше ерлікке толы мереке тосып тұр?
-Өте жақсы, әрине, Ұлы Жеңіс күні. Жеңіс күні қашан тойланады?
Осы жылы неше жыл толмақ?
Осы Жеңіске біздің ата- бабаларымыз ерең еңбекпен жетті. Бүгін бізге қонаққа жауынгер келіпті. Оның сұрайтын көмегі бекеттерден өтіп, Жеңіске жету. Бірақ ол көмек қажет етеді.
Қанеки , көмектесеміз бе? Ол үшін бізге бекеттегі тапсырмаларды орындау қажет.
2.Жаңа сабақ
«Атқыштар» бекеті
Ереже айт
Сөз таптарын ата?
Зат есім дегеніміз не?
Сан есім дегеніміз не?
Етістік дегеніміз не?
Сұрақтары?
Етістікті ата! Тәрбие.орг сайтынан Сын есім Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Шокаева Гулим Алтынгазыевна

№1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебі Бастауыш сынып мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Көрсетілім: 517 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar