Сын есім

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 516
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 06/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22520


Пән: Қазақ тілі 3 сынып 3.04.2017
Тақырыбы: Сын есім
Мақсаты: Сын есімді зат есіммен байланыстыра білуге үйрету
Күтілетін нәтиже: Сын есімге сұрақ қояды, сөйлем ішінен табады
Әдіс-тәсілдер Сәйкестендіру тесті,«Көмекке кел» ойыны
ресурстар Тақырыпқа байланысты суреттер, кеспе қағаздар,
САБАҚТЫҢ ӨТУ БАРЫСЫ
Сабақ кезеңдері, модуль Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Критерий
Кіріспе Ұйымдастыру
3 мин. Оқушылармен амандасу, түгелдеу, сабаққа қатысуын қадағалау. Бүгінгі сабақтың мақсат, міндеттерін қою.
Оқушыларды стикер бойынша (сын есімнің түріне байланысты) топқа бөлу. Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді..
Психологиялық дайындық жасау.
Үй тапсырмасын тексеру
3 минут - Балалар қазір қай сабақ?
- Тіл туралы қандай мақал-мәтел білеміз?
-
Өткен сабақты пысықтаймын.
Сын есімнің ережесін сұраймын.
- Қазақ тілі
- Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.
- Өнер алды қызыл тіл
- Тіл қылыштар өткір.
- Үйге берілген тапсырманы тексеру. Сұрақтарға жауап береді. - Әр тапқан мақалға 1 балл
- Сын есімді тапса 1 балл
- Сөйлемдегі байланысын анықтау -1 балл

Тұсаукесер
Зерттеу жұмысы
5 мин. Ребус шешу. Ішінен сын есімді табу. Шешуін табу.
Сын есімді табу.
- Шешуін тапса -1 балл
- Сын есімді тапса-1 балл
Негізгі бөлім
Жаңа сабақ

Оқулықпен жұмыс
8 мин.
14- жаттығу. Ауызша орындау
Берілген сөздерге қарсы мағыналы сын есім тауып, олардың мағынасын түсіндір.

15- жаттығу. Мәтінді көшіріп жазып, сын есімдерді табу. Қай заттың сынын білдіріп тұрғанын анықтау. Қымбат-арзан сұйық-қою
Жаңа-ескі жақсы-жаман
Лас-таза ащы- тұщы

Сұр торғай, көк шымшық, ала қанат тоқылдақ, тоғай көңілді. - Әр дұрыс жауапқа -1 балл

- Сын есімдіі тапса – 1 балл
- Байланысын тапса-1 балл
Сергіту сәті
1 минут Қарлығашқа ұқсайық,
Кәне қанат қағайық
Қарлығаш боп ұшайық
Ұшып-ұшып алайық

Оқушылар мұғаліммен бірге жаттығу жасайды.
Шығармашылық-пен жұмыс 20 мин «Көмекке кел» ойыны. Затты берілген белгілері бойынша тап.

«Сәйкестендіру тесті».

Бір сын есімге қатысты бірнеше зат есім тауып жаз. .... – српақ, қызыл, ащы. ... – жыртқыш, қорқақ. ... – ашық, жылы, суық. ... – биік, әдемі.
Оқушылар жұптасып орындайды.

Ескі ........... жұқа .................. қысқа ............ Әр дұрыс жауапқа -1 балл

Әр дұрыс жауапқа -1 балл

Әр дұрыс жауапқа -1 балл

Қорытынды
ІҮ Сабақты қорытындылау
3 мин. «Бүгінгі сабақтан алған әсерім...» рефлекция жазу
Бүгін мен не үйрендім?
Маған не ұнады/ұнамады?
Жаңа сабақ бойынша сұрақ немесе пікірің... Кері байланыс
Үйге 19-жаттығу .
2 мин. Оқушыларды бағалау
Балдарын есептеп нәтижесін шығару.
Рефлекция:
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Тәрбие.орг сайтынан Сын есім Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Кузенбердиева А.Н.

Пікірлер: 0

avatar