Сыни тұрғыдан ойлау әдісін сабақта қолданудың тиімділігі

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 530
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 19/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20103


Бекітемін:
Мектеп директоры
К.Серікбай _________

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы "Шайыр орта мектебі" ММ
І деңгейлі бастауыш сынып мұғалімі Сугирбаева Айгул Тажибаевнаның
коучинг сессия жоспары
Коучинг сабағының тақырыбы: Сыни тұрғыдан ойлау әдісін сабақта қолданудың тиімділігі

Мақсаты Тәжірибе алмасу, ой бөлісу. Прaктикaлық тaпcырмaлaр бeру aрқылы cыни тұрғыдaн oйлaу дaғдыcын қaлыптacтыру, caбaқтa тиiмдi пaйдaлaнуынa ықпaл жacaу
Сілтеме Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, «Сын тұрғысынан ойлау білім үрдісінде» оқу-әдістемелік құрал
Оқу нәтижесі Тапсырмаларды орындау барысында сын тұрғысынан ойлау әдістемесін игеруі, логикалық зерттеу мен ой жүгірту әдістерін білуі
Түйінді идеялар Мұғалімдер оқыту мен оқуда сыни тұрғыдан ойлауға үйрететін құралдарды қолдануға үйренеді.
Сабақта қолданылатын материалдар Интербелсенді тақта, А 4 парақтары, стикер, флипчарт, маркер, түрлі түсті қалам
Оқыту әдістері АКТ, сұрақ-жауап, түсіндіру әдісі, «Миға шабуыл»,
«Ой толғаныс» әдістері.

Коучинг сабағының жүру барысы
Уақыты Коучтың іс-әрекеті Мұғалімдердің іс-әрекеті
І.Сәлемдесу, танысу, психологиялық ахуал туғызу. Сергіту сәті
(5 минут) Сәлемдесу. Қатысушылардың назарын өзіне аударады және ортаға шақырады, өзін таныстырады және қатысу-шыларды жұп - жұпқа бөліп әртүрлі тапсырмалар береді.
1. Қол ұстасып амандасыңыз;
2. Құшақтасыңыз;
3.Арқа қағысыңыз;
4.Қол ұстасып айналыңыз;
5. Екеуіңіз қол ұстасып, отырып тұрыңыз;
6.Алыстан қол бұлғаңыз;
7.Бір әннің қайырмасын айтып беріңіз;
8. Өз көңіл күйіңіз туралы айтыңыз;
9.Жақсы бір тілек тілеңіз. Қатысушылар назарын өзіне коучке аударады және жұп - жұпқа бөлініп әртүрлі тапсырмаларды орындайды.

Топқа бөлу
(2 минут)

Шульманның 3 көмекшісі: бас, жүрек, қол суреттері бейджик арқылы топқа бөледі. Топтың ережесін құрады. Қатысушылар Шульманның 3 көмекшісі: бас, жүрек, қол суреттері бейджик арқылы топқа бөлінеді. Ұжым болып жұмыс жасайды
«Ой қозғау»
(3 минут) «Сіз қандай мұғалімсіз?» Қатысушылар ұяшықтарды таңдап өзінің қандай мұғалім екендігін оқиды. Қатысушылар өз ойларын айтады. Қатысушылар ұяшықтарды таңдап өзінің қандай мұғалім екендігін оқиды.
(5 минут)
"Сіздің ойыңыз".... Тақырып бойынша топтарға тапсырма беріледі. Тапсырма бойынша топ мүшелері постер қорғайды.

«Ой толғаныс»
(10 минут)
Қатысушыларға тапсырмалар беріледі.
1. Алдарыңда тұрған плакатқа өздеріңізге ұнаған бір машинаны салып, оның әрбір бөлшегін мектеп қызметкерлеріне бөліп тастаңыздар.мыс:
дөңгелегі-? Рульі-? т.б
2. Салған суреттеріңіз бойынша төрт шумақтан тұратын өлең жолдарын арнаңыз.
Қатысушылар берілген тапсырманы орындап өздерінің пік рлерін білдіреді. Салған суреттеріне қарай бір шумақ өлең шығарады.
Рефлексия
(5 минут) «Мұғалім екеніміздің 13 белгісі» презентацияны көрсетіп мұғалімдердің пікірін білу «Мұғалім екеніміздің 13 белгісі» презентацияны көрсетіп мұғалімдер өздерінің пікірін білдіреді

Бағалау
(3 минут)

Бағалау парақшасы Топтар бір-бірін бағалайды

Кері байланыс
(3 минут) - Бүгінгі сабақта басыңыз арқылы нені меңгердіңіз?
- Бүгінгі сабақта қолыңыз арқылы нені жасай алдыңыз?
- Бүгінгі сабақта жүрегіңіз арқылы нені сезіндіңіз? Мұғалімдер кері байланыс қағазындағы сұрақтарға қарай өз ойларын жазады Тәрбие.орг сайтынан Сыни тұрғыдан ойлау әдісін сабақта қолданудың тиімділігі Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сугирбаева Айгул Тажибаевна

Пікірлер: 0

avatar