Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
ТҮБІР МЕН ҚОСЫМШАНЫҢ ЖАЗЫЛУЫ
  • 08.02.2017
  • 50 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 21603

Қазақ тілі пәні (3 сынып)
Шагдиева Жадыра Еңсебайқызы - бастауыш сынып мұғалімі.
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Мұратбаев ауылы ,Ғ.Мұратбаев атындағы №91 орта мектеп.

Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымшаның жазылуы.
64/ 69 - жаттығулар
Сабақтың мақсаты: Түбір мен қосымша жайлы алған білімдерін жинақтау, пысықтау.
Өз ойларын байланыстырып жүйелі сөйлеу қабілеттерін жетілдіру. Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту. Ойын элементтерін пайдалану арқылы пәнге деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру.
Сабақтың әдіс тәсілдері: сұрақ – жауап, ойын, ой қозғау.
Сабақтың көрнекілігі: орман, жануарлар, құстар, гүлдер суреті, «Білім патшалығы»қақпасы
Сабақтың түрі: саяхат сабағы.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Балалар!
Ана тілің - арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте – деп ұлт жанашырлары айтпақшы, өз ана тілімізді жете меңгеріп, білімімізді ұштай түсетін қазақ тілі сабағын бастаймыз.
(Көк, сары, жасыл түсті жібек баулықтар арқылы топқа бөліну)
Мұғалім сөзі:
- Балалар, мен сендерді бүгінгі сабақта көргеніме қуаныштымын. Сендердің күлімдеген жүздеріңді көріп сүйсініп тұрмын. Бүгін біздің сабағымыз аптаның жұма күнінде яғни, қасиетті күні өтіп жатыр. Сондықтан сабағымыз сәтті өтсін деп тілейік. Мен барлығыңды жылулық шеңбері – шаттық шеңберіне шақырамын.
(Жібек баулардан шаңырақ құрастыру)
Сары түс –күннің түсі,ақыл-парасаттың белгісі.
Жасыл түс-жастық пен көктемнің нышаны.
Көк түс- көгілдір аспанымыздың, туымыздың түсі..
І топ.Түбір
ІІ топ.Жұрнақ
ІІІ топ. Жалғау
ІІ. А) Үй тапсырмасын тексеру.
Жуан қосымшалы 3 сөз, жіңішке қосымшалы 3 сөз жазу.
3 топтан 3 оқушы шығару.
Ә) Өткенді пысықтау.
«Сұрақ менен, жауап сізден»ойыны
1. Сөз дегеніміз не? (Зат атауы).
2. Түбір дегеніміз не? (Сөздің бөлінбейтін мағыналы бөлігі.)
3. Қосымша дегеніміз не?( Сөздің түбірге жалғанған бөлігі).
4.Туынды сөз қалай жасалады? (Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөз.)
5. Жұрнақ қалай жасалады? (Сөз мағынасын өзгертетін қосымша).
6. Жалғау қалай жасалады? (Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша).
7. Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымшалар қандай
болады ? (жуан)
8. Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымшалар
қандай болады (жіңішке)
9.Қандай қосымшалар жалғанғанда кейбір түбір сөздердің түбірі өзгереді ?
ІІІ. Жаңа сабақ. Кіріспе әңгіме.
Мұғалім: –Балалар! Біздің бүгінгі сабағымыз күнделікті өтіп жүрген сабақтан өзгеше, біз бүгін «Орман патшалығына» саяхат жасаймыз.. Сондықтан да сабақ барысында орындалатын тапсырмаларды жылдамырақ орындап «Білім патшалығына» жетуіміз керек.
Мағынаны тану..
Көркем жазу минуты.
Дәптерлерімізді ашып, берілген үлгіні көркем жазып, бүгінгі күн ретін, сынып жұмысын жаза қойыңдар.
1. «Гүлдер әлемі» тапсырмасы.(Жұптық жұмыс)
І –топ. Сөздерді салыстыр:
75 – жаттығу.Тап - тауып, сеп - сеуіп, шап - шауып, қап - қауып, жап - жауып, кеп – кеуіп.
ІІ-топ. 76 – жаттығу.Берілген сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрау. Түбірін табу.
Сеуіп, кеуіп, тауып.
Сеп, кеп, тап.
ІІІ-топ.79-жаттығу.
«Жұбын тап» ойыны. Сөздерді жұптастыр.
Ерік - еркі, ауыл - аулы, орын - орны, бөрік - бөркі, халық - халқы, көрік - көркі.
«Құстар әлемі» тапсырмасы .77 - жаттығу.Мәтінмен жұмыс. Ат қою. Көшіру. Қарамен жазылған сөздердің түбірін табу. Сөйлемдерді сөз құрамына талдау.
Асыл мен Асан жасырынбақ ойнады. Асан Асылды тез тауып алды. Ал Асыл Асанды таба алмады. Өйткені Асан қорадағы ескі сандықтың ішіне кіріп жасырынған еді.
«Кім зерек?»
Мәтінді сен өзің жалғастыр.
Сергіту сәті.
Ал, балалар тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып алайық.
«Аңдар әлемі» тапсырмасы.78- жаттығу. Мәтінмен жұмыс. Сөз құрамына талдау.
Қарағайдың суретін әр топқа беріп, қарағайдың қасиеттерін жаздыру.
Қарағайдың дәрілік қасиеттері бар.
Қарағай ормандары хош иісті келеді.
қарағайлы алқапқа
Сөздік жұмысы
Хош иіс – жұпар иіс
Сонымен балалар, біз барлық тапсырмаларды орындап, «Білім патшалығының» қақпасына да жеттік. Ендеше тапсырманы орындап қақпаны ашайық.
«Білім патшалығы» тапсырмасы.80-жаттығу.Топтық жұмыс.
І топ. Ата, әже, немере, ауыл сөздерін қатыстырып әңгіме құрап жазу. Әңгімеге ат қою.
ІІ топ.Өлең құрастыру..
ІІІ топ. Сурет салу.
Қорытынды. Сұрақ - жауап.
Бүгінгі сабақта не үйрендіңдер?
Сәйкестендіру тесті.
1. Түбір сөз -------------------------------- 1. жұмыс, жұмысшы, жұмыскер
2. Туынды сөз ----------------------------- 2. аралар
3. Түбірлес сөздер ------------------------ 3. жауып
4. Жуан айтылатын сөздер ------------- 4. суретшілер
5. Жіңішке айтылатын сөздер --------- 5. дала
6. Жазылуы өзгерген түбір сөздер --- 6. оқушы

Бағалау.Күнделікпен жұмыс.
Үйге тапсырма. «Менің ауылым»тақырыбына әңгіме жазу. Тәрбие.орг сайтынан ТҮБІР МЕН ҚОСЫМШАНЫҢ ЖАЗЫЛУЫ Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: ШАГДИЕВА ЖАДЫРА ЕҢСЕБАЙҚЫЗЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ Ғ.МҰРАТБАЕВ АУЫЛЫ Ғ.МҰРАТБАЕВ АТЫНДАҒЫ №91 ОРТА МЕКТЕП БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Көрсетілім: 50 | Жүктеулер: 1
Барлық пікірлер: 0
avatar