Т дыбысы мен әрпі. Логосабақ

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 762
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 09/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20441


Сынып- 4 қаз. с. Логопедиялық қорытынды:ЛУО ,ОНР 3 уровня

Сабақтың тақырыбы: Т дыбысы мен әрпі

Білімділік мақсаты: т дыбысын буын,сөз,сөйлем ішінде дұрыс,анық етіп айтуға машықтандыру,сөз қорын молайту.

Түзету мақсаты: фонематикалық есту қабілетің дамыту,дыбыстық талдау жасауды,ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты:сабаққа қызығушылығын ояту.
Сабақтың түрі: топтық

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік пайдалану,ойын.

Сабақтың көрнекілігі: айна,суреттер,әріптер жинағы,смайликтер,слайд.


Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбері. « Сәлем».
Күндей жылы бол!
Алмадай тәтті бол!
Доптай көңілді бол!
Айнадай жарық бол!
Жүзік сияқты әдемі бол!
2.Өткен сабақты пысықтау.
О-Ө дыбыстары.
Л:- Өткен сабақта қандай тақырыпты өттік?
О:-О-Ө дыбыстары.
Ойын «Оң қол-сол қол». О дыбысы естілсе-оң қолын көтеру,Ө дыбысы естілсе-сол қолын көтеру.
-От,өт,күз,орамал,өрік,доп,сан,дөңгелек,орақ,өшіргіш.
3.Жаңа сабақ.
Ой қозғау. (Тақтаға Дымбілместің суреті ілінеді ).
Л.:-Мынау кім?
Л.:-Бұл қандай бала?
Л.:-Оған көмектесе аламыз ба?
Л:-Оның дорбасында не бар екен?( бірнеше тапсырмалар жазылған парақшалар).
Л.:- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы-Т дыбысы.

1-тапсырма
Т дыбысына арналған артикуляциялық жаттығуларды орындау. (слайд)
« Тісті тазалау», «Күлімдеу», « Тәтті тосап».
Логопед Т дыбысының артикуляциясын дұрыс көрсетеді.( слайд )
Тілдің ұшы жоғарғы тістерге жабысып,тілдің ортанғы бөлігі төмен түсіп тұр.Шығарылған ауа
Екпіні тістен ажыратылады.Дауыс сіңірлері қалыпты жағдайда,тамақ дірілдемейді.(дауыс шықпайды).

Т дыбысын жеке,хормен айтқызу. Оқушылар Т әріп таңбасын әріп қатарынан тауып,дыбысқа сипаттама береді.( дауыссыз дыбыс,көк текшемен белгілейді).
Т дыбысын басқа дыбыстардан ажырату.
Ойын « Қателеспе». ( т дыбысы естілсе,қолдарын шапалақтау)
А С Т Ж Т З О Л Т С Ш Т
2-тапсырма.

Т дыбысын буын созып айту:
Та-то-ту-ты-ти-те-тұ-тү
Ат-от-ут-ыт-ит-ет-ұт-үт

Т дыбысын сурет арқылы ажырату:
Ата,тауық,Астана,ат,тау,түйе,түлкі,кілт,тас.
Дыбыстық талдау: тас.

3-тапсырма

Сергіту сәті:
1 дегенде тұрайық,
2,3-алақанды соғайық.
Оң жаққа бұрылып,
Сол жаққа бұрылып.
Бір отырып,бір тұрып,
Біз жүгіріп алайық.
4-дегенде асықпай,
Орнымызды табайық.

4-тапсырма

Ойын « Т әрпін тап». а) Әріптер арасынан Т әрпін тауып,бояу.
С К Ш Д Т З О У М
ә) Т әрпі бар сөздерді оқу
а-та ә-теш

тау та-ғам


ат кі-тап

Жаңа сөз: тағам-ас.



5-тапсырма

Қол жаттықтыру жұмысы:
Т әрпі бар буын,сөздер жазу:
та,то,ту,ты,ти,те,ты.
Ата, тау,түлкі,әтеш,тағам,кітап,ат.

Дымбілмес оқушылармен қоштасады,рақметін айтады.

Қорытындылау.Рефлексия ( смайликтер арқылы).Бағалау( Дымбілмеске көмектескен үшін
тәттілермен марапатталады)

Тапсырма.
Жаттау. Торғай,торғай,торғайсың,
Таяу келіп қонғайсың.
Жем шашайын,тойып-ал,
Сонда аязға тонбайсың. Тәрбие.орг сайтынан Т дыбысы мен әрпі. Логосабақ Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ермуханова Светлана Тулегеновна

Атырауская областная вспомогательная школа-интернат учитель-логопед

Пікірлер: 0

avatar