"Төлдер айтысы" мектепалды даярлық тобы

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 276
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 11/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20459


Сабақтың тақырыбы: Төлдер айтысы Білім беру саласы: Қатынас 0 «Ә» сынып
Мектепалды даярлық тобы
Мақсаты:1.Балаларды төрт түлік малмен және оның төлдерімен таныстыру
2 Дұрыс сөйлеуге үйрету, сөздік қорларын байыту.
3. Төлдерге қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: төрт түліктің суреті, төлдерінің суреті.
Іс- әрекет кезеңдері:
Ынталандыру.
Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Балалар қазір қай ай? Аптаның нешінші күні?
Балалар көңіл күйлерің қалай?
-Балалар, аналарың сендерді қалай еркелетеді?
-Менің атым -Аружан, мені анам «ботақан» деп еркелетеді.
Сендерді аналарың жақсы көргендіктен осылай атайды.
Сендер де аналарыңды сыйлап ренжітпеңдер
Балалар суретті алып,сол бойынша топқа отырады.
Топқа біріктіру
1-топ: Ботақан
2-топ: Қошақан
3-топ: Құлыншақ
4- топ: Бұзауқан
Балалар,ботақан,құлыншақ,қошақан,бұзауқан сөздерін бір сөзбен қалай айтамыз?
-Төлдер.
Ендеше балалар,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы ,,Төлдер айтысы,,
Төрт түлік туралы өлең- жырлар айтқызу. Балалар диалогқа түсіп, олардың өзіндік ерекшеліктерін айтады, талдайды.
Сергіту сәті: «Төлдер» әні
Қошақаны қойдың,
Қайда қалып қойдың,
Бұлтиып тұр бүйірің
Қай өрістен тойдың
Ботақаны нардың
Неге жарға бардың
Тілерсегің дірілдеп
Секіре алмай қалдың
Ой толғаныс.
1-топ. Ботақан тобы: төрт түлік малды орыс тілінде айту
2-топ. Құлыншақ тобы: Ұйқасын тап.
Жарысуға дайын, менің қасқа ...
Тастан тасқа секірген,ұзын салпаң құлақты,
Қойдан маза кетірген, кім біледі....
Моп-момақан өзі, сүп-сүйкімді.....
3-топ.Бұзауқан тобы: Жұмбақ шешу.
Аласа ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. /Қой/
Өзі үлкен жануар,
Үстінде екі тауы бар. /Түйе/
4-топ.Қошақан тобы: Төрт түлік малды шақыру.
Сиыр:аухау-аухау
Жылқы:құрау-құрау
Қой:пұшайт-пұшайт
Түйе:көс-көс
Ой қозғау.
Әр топ өз топтарының атына ботақан, қошақан ,бұзауқан, құлыншақ сөздеріне дыбыстық талдау жасайды, буынға бөледі.
Дидактикалық ойын: ,,Төлін тап ,,
Ойын шарты:Балалар әрбір үй жануарларының қасына өз төлін тауып сәйкестендіреді.
Рефлексия ,,Бас бармақ,, әдісі.
-Балалар ,бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма Тәрбие.орг сайтынан "Төлдер айтысы" мектепалды даярлық тобы Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Керимова Карлыгаш Ануарбековна

Алматы облысы Талғар ауданы Гүлдала ауылы №21 жалпы білім беретін орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar