Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Төлдер.Жіңішке дауыстылар
  • 08.02.2016
  • 426 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 15975

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (25.4Kb)

Пәні: Ана тілі 1-сынып
Сабақ : 131/8
Күні: 28.01.2016 ж
Тақырыбы Төлдер.Жіңішке дауыстылар.
Сілтеме 1-сынып,Ана тілі , слайдтар,Е-кітапхана
Мақсаты Төлдер өлеңін түсініп, мәнерлеп оқу. Жіңішке дауысты дыбыстар жайлы білу.
Міндеттері 1. Жіңішке дауысты дыбыстар жайлы мағлумат алу.
2. Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу дағдысын жетілдіру
2. Сауатты жазуға және малды қорғауға тәрбиелеу
Күтілетін нәтиже Төлдер өлеңін түсініп, мәнерлеп оқиды. Жіңішке дауысты дыбыстар жайлы біледі.
Сабақ типі 6
Сабақтың көрнекілігі тақырыпқа сай слайдтар, үлестірме парақтар, плакаттар,суреттер, кеспе әріптер.
Әдіс- тәсіл Жұпта жұмыс істеу, сыни тұрғыдан ойлау, өзін-өзі бағалау, топпен жұмыс, сұрақ-жауап, талдау, қорыту, деңгейлеп саралап оқыту
Дарынды және
үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс Дарынды оқушымен жұмыс:
Сөздерге дыбыстық талдау жаса
қой
Қозы бота
Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс:
Жуан дауыстылардың астын сыз: Құлын, қой, ешкі ,жылқы.
Сабақ кезеңдері
Уақыты
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті

Бағалау
Сабақтың басталуын ұйымдас-ру 2 мин Психологиялық көңіл-күйді реттеу. Мақсаты: жағымды эмоция орнату. Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар. Оқушылардың сабақққа қызығушылығын ояту,белсенділігін арттыру.Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып,
Өзара көз тастаймыз.
Табыс тілеп көзбенен,
Жаңа білім алуға,
Алға қадам аттаймыз
Оқушыларды 5 топқа бөлемін «Бота» «Құлын» «Бұзау», «Қозы», «Лақ», Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Жақсы, жарайсыңдар!

ОҮБ
БІЛУ
өткен тақырыпты қайталау 8 мин Балалар бүгінгі сабағымыз жай сабақ емес,ашық сабақ,бізде қонақтар бар.Бүгінгі сабақта біз 4 түлік еліне саяхатқа шығамыз.Саяхатқа қандай көлікпен шыққыларың келеді? Күн суық,жерде қалың қар .Сондықтан саяхатқа пойызбен шыққанымыз дұрыс болар.Онда біз бірнеше аялдамаларға тоқталып әртүрлі тапсырмалар орындап отырамыз. Слайд 4 түлік суреті
1-аялдама Түйелер елі «Білу»
Үй тапсырмасын тексеру
Автор орындығында «Қозы» өлеңін жатқа айту.
33-жаттығуды орындағандарын тексеру.
Ойын «Кім зерек?» слайдпен мал атасын топтастыру.
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.Өткен сабақ бойынша сұрақтарға жауап береді. Жақсы, жарайсыңдар!

ОҮБ
Түсіну.
10 мин
Жаңа сабақ 2-аялдама Жылқылар елі «Түсіну»
Жаңа сабақ Ойын «Ойлан,тап»
Слайд арқылы Сөзжұмбақ шешу.Оның ортасынан қызыл түспен жазылған Төлдер деген сөз шығады. Демек,бүгінгі өтетін сабағымызда «Төлдер» өлеңі және сонымен қоса жіңішке дауысты дыбыстармен танысамыз.Өлеңді түсініп оқи отырып, жіңішке дауысты дыбыстарға байланысты жаттығулар орындаймыз .
Жіңішке дауысты дыбыстар бойынша түсінік беру,мысалдар келтіру
Жіңішке дауыстылар: ә, е,ө, і, ү.
Автор туралы яғни Ә.Асылбеков туралы қысқаша мағлумат беріп «Төлдер» өлеңін мәнерлеп оқып, түсіндіру.
Сұрақтарға жауап беру арқылы сөзжұмбақты шешеді.

Өлеңді хормен және тізбектеп оқиды.
Қолдану
10 мин 3-аялдама Сиырлар елі «Қолдану»
Оқулықпен жұмыс,дәптермен жұмыс.
36-жаттығу.
Жаңылтпаш.
Қойымыз семіз,
Қозымыз егіз.
Өзіңіз келіп,
Көрсеңіз дейміз.
Сергіту сәті
Қане, сапты түзейік
Тіземізді бүгейік.
Ыршып алға түсейік,
Ыршып артқа түсейік.
Көбелекшеұшамыз,
Отырамыз, тұрамыз.
Сергітугемыңалғыс!
Оқушылар жаңылтпашты көшіріп жазады және жіңішке дауысты дыбыстардың астын сызады.

Балалар әртүрлі іс-қимыл жасап бой сергітеді. Жарайсың!
ОҮБ
Талдау 5 мин 4-аялдама Қойлар елі «Талдау »Жұптық жұмыс
Сәйкестендіру
түйе қозы
жылқы бота
сиыр лақ
қой құлын
ешкі бұзау
Топтық жұмыс
Әр топ мүшелері бірігіп постерге жіңішке дауысты дыбыстары бар сөздер жазу және көп сөз жазған топ мадақталады
Мыс: киім,әке,үкі,кеме т.б Оқушыларжұптық, топтық жұмыс жасайды.

Оқушылар төрт түлікті төлдерімен салыстырады.

Әр топ мүшелері бірігіп постерге жіңішке дауысты дыбыстары бар сөздер жазады. Смайликтермен, бағалау

ОҮБ
Жинақтау
5 мин
Бекіту 5-аялдама Ешкілер елі «Жинақтау»
«Төлдер» өлеңін мәнерлеп, хормен және тізбектеп оқыту..
Түсінгендерін оқушылар мазмұндап айтып береді. Өлеңді түсініп хормен және тізбектеп оқиды, түсінгендерін мазмұндап айтып береді.
Смайликтермен, бағалау

Бағалау
3мин

Рефлексия
1 мин
Үйге тап-ма

Бағалау 1мин 5-аялдама «Мектеп-ана»
Саяхаттан мектепке қайта оралу.Саяхатта көрген-білгенін қорытындылау.
1.Бүгін қайда саяхатқа шықтық?
2.Қандай өлеңмен таныстық? Өлең ұнады ма?
3.Төлдер туралы не білесің?
4.Жіңішке дауыстыларды ата.
БББ әдісі

«Төлдер» өлеңін жаттау және жіңішке дауысты дыбысы бар 5 сөз жазу

Өзін-өзі бағалау,бас бармақпен бағалау және мұғалімнің қорытынды бағасы


Балалар сабақ бойынша өз пікірлерін айтады. Жарайсыңдар!
ОҮБ

Смайликтер тарату

ОБ Тәрбие.орг сайтынан Төлдер.Жіңішке дауыстылар Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Айбасова Майрамгул Кенесбаевна

Жамбыл облысы.Қордай ауданы Қайнар ауылы .№32 В.В.Маяковский атындағыор мектебі бастауыш сынып мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Көрсетілім: 426 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar