Тәрбие сағаты "Елтаңбасы елімнің"

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 81
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 22/Дек/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23576


Материал тегін жариялап, сертификат алу

Елтаңбасы елімнің

Тәрбие сағаты: Елтаңбасы елімнің.
Мақсаты: Балаларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерімен таныстыру. Туды, Елтаңбаны және Әнұранды бір-бірінен ажырата білуге үйрету. Балаларға рәміздерді құрметтеуге, қастерлеуге, рәміздерді бәрінен биік ұстауға, рәміздердің әр элементтерін, бөлшектерін, атауларын жатқа білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: Әңгімелеу, өлең жолдарын қайталату, рәміздерді сурет бойынша таныстыру, сұрақ-жауап т.б.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері. (Ту, Елтаңба және Әнұран)
Шаттық шеңберге тұрғызу.
Армысың, қасиетті Көк аспан!
Армысың, мейірімді Жер-Ана!
Армысың, сүйікті мектебім!
Армысыздар, қонақтар мен достар!
Психологиялық дайындық.
Балаларды оқу іс-әрекетіне дайындау. Сабаққа деген зейінін психологиялық ойындар арқылы оятып, қызығушылығын арттыру.
Бейбіт таңдар арайланып атады,
Туған жерді аймалады шапағы,
Байтақ елім, Қазақстан!
Ең бақытты балалардың Отаны!
Сұрақ-жауап.
Мұғалім:
- Сәлеметсіңдер ме балалар! Көңіл күйіміз қалай?
- Балалар біз қандай мемлекетте тұрамыз?
- Әрине Қазақстан Республикасында тұрамыз?
- Біздің ұлтымыз қандай? Қазақ.
- Біз қай тілде сөйлейміз? Әрине қазақ тілінде.
- Ал, сендер біздің елді басқарып отырған Елбасымыздың есімін білесіңдер ме?
Әрине, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.(Суреттен көрсету)

- Сендер мына суреттерден не көріп тұрсыңдар?

- Балалар, барлығымыз да Қазақстан картасына назар аударайық. Мынау біздің байтақ жеріміз (Қазақстанның жерін картадан көрсетеді) Қазақстанның табиғаты алуан түрлі, жері кең, байтақ. Оны білу немесе түсіну үшін картаны пайдалану қажет. Сонда қай жерде қала, әдемі ормандар, биік таулар, теңіз, көл, қазына байлықтары бар екендігін картадан білеміз.

-Ал, сендер қай қалада тұрасыңдар? (балалар жауабы: Біз Астана қаласында тұрамыз). Астана қандай қала? (балалар жауабы: Астана – әдемі, таза, бас қала).
- Балалар, айтыңызшы біздің Қазақстанның жері қандай? (балалар жауабы: Қазақстанның жері бай, үлкен, әдемі).
- Қазақстанның жерінде не бар? (балалар жауабы: Қазақстанның жерінде үлкен қалалар, ауылдар, көп үйлер бар, жасыл орман, биік таулар, теңіз, өзендер бар).
Балалар, кейбір балалар танығанымен толық білмеулері мүмкін, мен сендерге таныстырып өтейін.
Суретпен жұмыс.
- Мына бірінші суреттегі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы.

-Балалар тудың түсі көк. Көк түс болудың себебі адам бойына адалдық пен тазалық пен үміт сияқты қасиеттеріне сәйкестенуі тегін емес, көк түс әрқашан бейбітшіліктің, тыныштық пен жарқын болашақтың белгісі.Яғни аспанымыз ашық болсын дегеннің белгісі екен. Тудың қақ ортасында күн мен қалықтаған қыран құсымыз және оң жағында оюдың суреті бар. Күннің болуы әрқашан күндей нұрымыз жарқын болсын деген ниетпен, дала бүркіті Қазақстандықтар ұғымында дархандық пен қырағылық, биіктік пен бейнеленген.Тудың оң жағында оюдың бейнеленуі біздің қазақ екенімізді білдіретін қазақтың ою-өрнегі бейнеленген.Ал түстерінің сары болуының себебі, сары түс- молшылықтың, байлықтың белгісі.

- Келесі суреттен біз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын көріп отырмыз.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының ортасында елтаңбаның негізі ретінде шаңырақ бейнеленген. Ол елтаңбаның жүрегі іспеттес.
Шаңырақ - еліміздің біртұтастығын, мемлекеттік бастауы, отбасы ошағын бейнелейді.Екі жағындағы қанатты тұлпар мәңгілік өмір, болашаққа үміт артқан сендер сияқты балалардың арманы, самғау биігі.
Шекесіндегі бес жұлдыз мемлекетіміздің жарқын болашағына жол көрсетер жұлдызы. Елтаңбаның астында «Қазақстан» атты жазу біздің қазақ екенімізді білдіретін айырықша белгі екен.

Біздің рәміздеріміздің бірі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны. Балалар ҚРМ Әнұранының сөзін Елбасымыз Нұрсұлтан атамыз және Жұмекен атамыз жазған. Әні жазған Шәмші атамыз.
Балалар Мемлекеттік Әнұранды қалай болса солай орындауға болмайды, оны барлығымыз орнымыздан тұрып, оң қолымызды жүрек кеудемізге қойып, бойымызды тік ұстап орындау керек.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны.

Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов,
Нұрсұлтан Назарбаев.
Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов.

1.Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қараашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін елім!
Туған жерім менің Қазақстаным!

2.Ұрпаққа жол ашқан,
Кең-байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар,
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін елім!
Туған жерім менің Қазақстаным!
Ал енді бәріміз бірге денемізді сергітіп алайық.
Сергіту сәті: Көк жалау желбіре (екі қолымен екі жаққа бұлғайды)
Асқақтап аспанда (екі қолдарын көкке созады),
Жас ұлан, ел бірге
Сап түзе, жасқанба (маршрут).
Дидактикалық ойын: «Өз туынды тауып ал».(Әр елдің туының ішінен Қазақстанның туын табу)
Шығармашылық жұмыс: «Тудың түсі қандай?» (түрлі-түсті қарындашпен суретті бояуды ұсынады.)
- Рәміздер Мемлекетке не үшін керек?
(балалар жауабы: Әр мемлекеттің өзіндік ерекшелік белгілері болады. Еліміздегі халықтарды біріктіру үшін.)
- Еліміздің туын қайдан көруге болады (балалар жауабы: Үлкен мемлекеттік ғимараттардан, мектептің төбесінде де ту бар, мереке күндері тулармен көшелерді сәндейді).
- Жарайсыңдар, балалар. Тамаша!
- Ал, балалар, Қазақстан Республикасы қазірге кезде бай да бақытты, болашағы зор, тәуелсіз, егеменді ел. Олай болса, осындай мемлекетте тұратын бізде бақыттымыз. Балалар, естеріңде болсын Қазақстан Республикасының рәміздерін, мемлекеттік тілің кұрметтеу керек, өз еліңді, жеріңді қорғау керек, халқына адал еңбек ету керек. Сонда ғана – ақ азамат, азаматша болып ер жетесіңдер.

Қорытындылау және рефлексия:
Туған тілді білу парыз.
Туған жерді сүю парыз.
Отанды қорғау парыз.
Балалар бүгінгі іс-әрекетімізде біз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы ілім алдық.
- Кәне маған кім рәміздерді атап береді?
- Ту және Елтаңба жайында өлең жолдарын қайталату.
- ҚР Мемлекеттік Әнұранын орындаумен аяқталады.

ЖАЛАУ.
Желбірейді шалықтап
Қазақстан жалауы.
Көкке қыран қалықтап,
Қанат қағып барады.

Көк аспанда нұрлы Күн
Күлімдейді далама.
Бақыт тілеп тұр бүгін
Ол барлық пәк балаға.

Ұлттық өрнек мұрамыз
Адастырмас мұраттай.
Нық көтеріп тұрамыз
Жалауды біз құлатпай!

ЕЛТАҢБА
Бейнелеп сан ғасырды
Елтаңбасы елімнің,
Таратады хас үлгі
Киесіндей жерімнің.

Бабам тұлпар жаратты,
Құлынында танып-ақ.
Тұлпар барда қанатты,
Шайқалмайды шаңырақ.

Тәуелсіздік көркі ол да,
Өркениет өрінде.
Нұр төгеді ЕЛТАҢБА
Ақ орданың төрінде.

7. Қоштасу: Қош сау, болыңдар! Тәрбие.орг сайтынан Тәрбие сағаты "Елтаңбасы елімнің" Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Багдатова Сымбат Муратовна

Астана қаласы №79 мектеп-лицейі Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar